Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


   Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен, елшілік



Pdf көрінісі
бет73/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.   Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен, елшілік 
жолы.  Ұлы Жібек жолы деп Еуропа мен Азия 
елдерін байланыстыратын сауда, керуен жолын 
атаған. Бұл жол Орталық Азия арқылы Қытай-
ды Алдыңғы Азиямен жалғастырып жатты. 
Б.з.б. II ғасырда Ұлы Жібек жолы Қытайдан 
басталып, Римге дейін 7 мың шақырымнан 
астам қашықтыққа жеткен. Осы жол арқылы 
Қытайдан бүкіл дүние жүзінде аса қымбат ба-
ғаланған жібек тасылды. Қытайлар жібек өнді-
ру тәсілін өте құпия ұстады. Сол арқылы жібек  
саудасынан көп пайда тапты. 
Қытай жібегі осы жол арқылы Батыс елдеріне 
жеткізілген. Кейіннен жібекпен қатар Шығыс-
тан Батысқа дейінгі көптеген елдерде өндірі-
летін басқа тауарлар да (күміс, алтын, тұлпар, 
түйе, бүркіт, піл сүйегі, жеміс-жидектер, т.б.) 
тасылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет