Түркі жазба ескерткіштері 1. Күлтегін және Білге қаған жазбалары Байқал көлінің шығыс беткейінде,
Орхон өзенінің аймағында орналасқан.
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазу VIII ғасырда жазылған. Оның жоғарғы
жағы бес бұрышты болып келеді. Ескерткіштің қырларында айдаһар мен қаған
таңбалары бейнеленген. Ескерткіштің екінші жағында оның орнатылған күні –
1 тамыз 732 жыл деп жазылған. Онда қытай жазуы да бар. Осы қытай жазуының
оң жағында екі жол ертедегі түркі жазуымен жазылған. «Күлтегіннің» негізгі
бетінде 40 жол жазу жазылған. Сол жағындағы 13 жол түркі жазуының жалғасы
болып табылады. Көне түркі жазуын зерттеген ғалымдардың айтуынша, 40 жол
жазу «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады. Ескерткіштің
көшірмесі Жапон мемлекетінің жаңа технология сымен жасалып, Астанадағы
Еуразия университетіне орнатылды.
2.
«Тоныкөк» ескерткіші 1897 жылы Моңғолияның астанасы Улан-Батор
қаласынан 36 шақырым жерден табылған. Тоныкөк жыры бір-біріне қарама-
қарсы орнатылған төрт қырлы екі баған тасқа қашап жазылған. Бұл ескерткіш
VIII ғасырда жазылса да, жазуы әлі күнге дейін анық және жақсы сақталған.
Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып, мына кестені толтыр. Күлтегін Тоныкөк Білге 1. Өмір сүрген жылдары.
2. Қандай ұлы істер атқарған?
3. Олар туралы ескерткіште не
жазылған?