§23. Ұлы Жібек жолы 1. сауда жолдарының қалыптасуы. Адам-
дар өте ерте заманнан ішкен-жегенінен ар-
тылғанын басқа өзінде жоқ керекті заттары-
на айырбастап алып отырған. Алғашқы кезде
олар тұз, асыл тастар, алтын, емдік және хош
иісті заттарды айырбас жасаған. Азық-түлікті,
малды қола мен темір бұйымдарына, мал, аң
терілерін матаға, т.б. заттарға айырбастады.
Кейінірек біртіндеп өздерінде бар заттарды са-
тып, ал керекті нәрселерді ақшаға сатып алып
отырған. Сөйтіп, алғашқы сау да орындары – ба-
зар мен жәрмеңкелер пайда болды. Ал бұның
өзі қалалар мен халықтарды жақындастырды.
Олардың бір-бірімен байланыс жасауына
мүмкіндік туды. Сауда жолдары қалыптасты.
Жолдар бір мемлекетті басқа елдермен байла-
ныстырды. Қала халқы мен көшпелі тайпалар
көрші елдермен қарым-қатынас жасады.
Оқулықтағы картаға
назар аудар. Карта бо-
йынша Ұлы Жібек жолы
Қазақстанның қан дай қа-
лалары арқылы өте ті нін
анықта.