87
қабырғаға өрмелеген моңғолдардың үстіне шаш-
ты. Моңғолдар енді отты жебелермен атқылай
бас
тады. Атылған жебелер қорғаннан асып
түсіп, қала ішінде өрт басталды.
Бес ай қоршаудан соң азық-түлік
пен су қоры
да бітіп, қала тұрғын дары арасында аштық бас-
талды. Қала әбден титықтаған сәтте
Қараша
деген әскербасы түн ішінде қаланың қақпасын
ашып, моңғолдарға беріледі.
Моңғолдар осы
қақпа арқылы қалаға басып кіреді.
Қайырхан 20 мыңдай жауынгерімен қаланың
ішкі қамалына бекініп алып, тағы бір ай бойы
қаланы соңғы жауынгері қалғанша қорғады.
Ақыры моңғолдар ішкі қамалға да басып кірді.
Қайырхан тірі қалған екі жауынгері үшеуі жау-
мен шайқаса берді.
Екі жауынгері өліп, оғы
таусылса да Қайырхан тас, кірпіш лақтырып,
қарсыласуын тоқтатпайды. Моңғолдар тұт қын-
ға алынған Қайырханды азаптап өлтірді.
Қала қиратылып, халқы қырылды, тірі қал-
ғандарын басқыншылар Моңғолияға айдап
әкетті.
Осы қасіреттен кейін, талай ғасыр бойы
гүлденген Отырар қаласы күл мен үйіндіге ай-
налды.
Көшпелі моңғол тай-
па ларының өмірі мен
тұрмысы туралы
әңгімеле.
Шыңғысхан туралы
не білесің? Оған сипат-
тама бер.
Шыңғысхан қазақ же-
ріне қай жылдары, не
үшін шабуыл жасады?
Отан қорғау деген
сөздің мәнін түсіндір.
Отырарды
қаһармандықпен
қорғаушылардың
ерлігі жайлы әңгіме
құрастыр.