4. Қазақ батырлары.
Халық батыл, ержүрек,
тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «ба-
тыр» деген құрметті атақ берген. «Батыр» атағы
ешқашан мұраға қалдырылмаған, ол атаққа
адам өзінің ерекше қасиеттері, жеке ерлігі
арқылы жеткен.
Сын сағатта Отанын, жерін жаудан азат етуге,
ел намысын қорғауға қазақ халқынан атақты
батырлар шықты. Азаттық соғысының алдыңғы
шебінде Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қа-
банбай, Шақшақұлы Жәнібек, Бәсентиін Малай-
сары, Наурызбай, Райымбек және басқа батыр-
лар шайқасты. Ер Есім, әз-Тәуке, Әбілқайыр,
Абылай сияқты хандар әскердің алдында
жүрсе, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер,
атақ ты жыраулар жауынгерлерге жырларымен
рух берді.
Достарыңызбен бөлісу: |