СөЖ 1 XIX ғасыр қазақ әдебиеті



бет1/7
Дата30.03.2023
өлшемі35,92 Kb.
#77828
  1   2   3   4   5   6   7


СӨЖ
XIX ғасыр қазақ әдебиеті
Орындаған:Құрманғали Сымбат
ДҚТЖ 22-01

Астана.2023


СӨЖ 1
1. XIX ғасыр қазақ әдебиеті
XIX ғасырда қазақ жұртының Ресейдің қол астына өту кезіндегі әртүрлі көзқарас-концепциялар тұрғысында жырлаған ақындарды бірнеше топқа бөледі. Олар, халықты –азаттық көтеріліске үндеген Махамбет бастаған ақындар, отаршылдыққа өткір тілмен наразылық танытқан Дулат, Шортанбай, Мұраттар бастаған «Зар заман» ақындары, ұлттың өзін-өзі сақтау сарынында жырлаған Абай және ағартушылық бағыттағы ақындар. Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Амантай Шәріп, Бауыржан Омарұлының бірігіп жазған «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» атты монографиясының «Зар заман поэзиясы және ұлт ментальдігінің трансформациясы» тарауында(зерттеген Б.Омаров) XIX ғасырда ел мен жердің азаттығын аңсаған ақындардың жырларында сақталған мәдени құндылықтарды ой таразысынан өткізеді.Ғалымның пікірінше зар заман әдебиетінің негізі қазақтың фольклорлық мұралары қалыптастырған төл оппозициялық ұғымында жатыр.Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан т.б. ақындар шығармашылығында молынан кездесетін «Заманақыр» тұжырымның ұшығы халықтың отырықшылыққа наразылығынан басталатынын тілге тиек етеді.Ал ұлт ментальдігі – отырықшылыққа наразылық жырларының негізгі ұстаны» дейді.«Зар заман» ағымының өкілдері шығармаларындағы Ресей отаршылығы бастаған кездегі елдің екіге жарылу бейнесінің көрініс табуы, көшпелі мәдениеттің отырықшылыққа ауысуын ақырзаманның белгісі ретінде наразылықпен қабылдауы қалыптасқан ұлттық дүниетанымның қағидалары негізінде жүзеге асатын заңдылық.Олардың жырларындағы басқыншы империяның саясатымен бірге келген тұрмыстық жаңалықтарды (ақша, самауыр т.б.) қабылдамау ұғымы да сол себепті деп түйіндейді. Зерттеуші Б.Омарұлы отаршылық қамытын киген қазақ халқының сол кезеңдегі әдебиетте көрініс тапқан сана-сезімін, ой-толғамдарын зерттеуде бірқатар ғылыми тәжірибелер жасайды.Ол үшін әлемдегі өмір сүру мәдениеті қазаққа ұқсас кейбір елдердің әдебиетіне шолу жасайды.Мәселен, француздардың боданында болған көшпелі фульбе халқының поэзиясындағы пайымдаулардың қазақ ақыны Шортанбайдың жырларымен үндесуі ұқсастықтың, тағдырластықтың дәлелі деген ой қорытады.Ағылшындардың отары болған Үндістандағы урду тілінде сөйлейтін халықтың поэзиясының сипатының өзгеруін, дәл біз сияқты қоғамдық формацияны бастан кешірген көршілес қырғыз, қарақалпақ елдері ақындарының шығармашылығында «зар заман» идеясының көрініс табуын қазақ ақындары жырларымен салыстыра талдау зерттеудің ғылыми маңыздылығын арттыра түскен.Ғалым осы тәжірибелері арқылы тәуелсіздікке ұмтылған әр халықтың мақсат-мұраты, ой-ниетінің ортақ болатынын дәлелдеп шыққан.
XIX ғасырдағы қазақ халқы өзінің елдік өмірінде 1822 жылғы хандық құрылысты ыдырататын атышулы реформаны бастан кешу арқылы бодандық тәуелсіздіктен отарлық бағыныштылыққа түсті.Қазақстанның солтүстігін жайлаған жұрт әуелі Қасым Абылайұлының, соңынан Кенесары Қасымұлының бастауымен Ресей патшалығына қарсы қарулы қарсылықты бастан кешті.Мұнын арты үлкен қанды қақтығысқа ұласты. 1836-1838 жылдарда И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт–азаттық көтерілісі, одан кейінгі Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқаруындағы Арал бойы еңбекшілелінің әлеуметтік және экономикалық қысымшылықтарға қарсы ұзақ жылдаға созылған Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына қарсы азаттық жолындағы айқастары, Жетісу еңбекшілерінің Қоқан хандығының озбырлыңына қарсы қанды күресі сол дәуірдегі қазақ әдебиетінің басты тақырыбы болды.Отарлық езгіге қарсы күрес, ел болу, тәуелсіз жұрт болуды арман еткен халықтың көзі қарақты қауымының атынан жырлаған ауызша дәстүрдегі, сондай–ақ жазба дәстүрдегі қазақ ақындарының рухты шығармалары осы дәуірде өмірге келді.Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар бастаған халқымыздың жоғары санадағы жазба әдебиеті туып, қалыптасу кезеңдерін ұлт ретіндегі есею, іздену жолынан хабардар ететін қайсарлық дәуірінің әдебиеті. Осы дәуірде өмірге келген ұлттық әдебиетті игеру арқылы журналист мамандығын алушы жас маман өз халқының дүниежүзілік өркениетпен қалай қауышатындығына жауап таппақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет