139
§44. Қазақ халқының салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдері
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Әр ха-
лықтың өзіне тән
әдет-ғұрпы мен қалыптасқан
дәстүрі болады.
Салт-дәстүр дегеніміз – өте
ерте кезден осы күнге
дейін халықтың өмірі
мен тұрмысында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
ұмытылмай жалғасып келе жатқан үлгілі істер.
Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үл-
кенді сыйлау,
жастарға қамқоршы болу, ата-
ананы ардақтау сияқты ізгі дәстүрлер бар.
Халқымыздың жақсы дәстүрінің бірі –
үл-
кенді сыйлау. «Сен үлкенді сыйласаң, кіші
сені сыйлайды» деген сөз бар.
Ата мен әкені
сыйлау, оған
қартайғанда құрмет көрсету,
сыпайылықпен «сіз» деп сөйлеу, сәлем беру,
тілін алу, көмек көрсету
кішінің парызы болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: