§51. Ұлы отан соғысы 1. Ұлы отан соғысының басталуы. Германия-
да 1933 жылы билік басына келген Адольф Гит-
лер: «Немістер – жер бетіндегі ең таңдаулы ұлт,
басқа халықтар оған қызмет етуі тиіс», – деп
неміс халқының санасын улай бастады. Соғыс
техникасы мен қарулы күштерін әбден күшейтіп
алған фашистік Германия бүкіл дүниежүзін
жаулап алуды ойлады. Ол алдымен Австрия
мен Чехословакияны басып алды, Польшаға
баса-көктеп кірді. Англия мен Франция фашис-
тік Германияға қарсы соғыс жариялады. Бұл
1939 жылдың 1 қыркүйегі болатын. Осылайша
екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусым-
да соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға
шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті со-
ғыс болған емес. Бұл соғыс 1418 күн мен түнге
созылды. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес
адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы
қазақстандықтар болатын.