3. Брест қамалын қорғау. Соғыс таңғы 4-ке
таман фашистердің Белоруссиядағы Брест қа-
малына шабуыл жасауымен басталды. Соғыстың
алғашқы минуттарында-ақ көптеген жауынгер-
лер, шекарашылар, әйелдер мен балалар не бо-
лып жатқанын біліп те, түсініп те үлгерместен
қаза тапты. Тірі қалғандары ақырғы демі
таусылғанша шайқаса берді. Брест қамалын
ерлікпен қорғау бір айдан аса уақытқа созылды.
Фашистер жүздеген километр алға жылжып,
баса-көктеп кірді. Қамал қоршауда елден бөлініп
қалды. Онда қорғаушылар сусыз, азық-түліксіз
қырылып жатты.
Брест қамалын қорғаушылардың арасын
да
В. Фурсов, И. Айтбаев, Д. Жақыпов, К. Иман-
құлов, М. Ниязов, К. Байжігітов, Г. Д. Деревян-
ко, Қ. Тұрдиев, т.б. қазақстандықтар да болды.
Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі хал қы-
мыздың жүрегінде мәңгі сақталады. 1965 жы лы
Брест қамалына «Батыр қамал» атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |