§10. Қазақстан – менің отаным 1. отан деген не? Отан – әр адамның туып-
өскен жері, атамекені, ел-жұрты. Отан – кіндік
қаның тамған жерің. Біздің Отанымыз –
Қазақстан.
Адамның ата-бабасынан бері мекендеген
аймағын, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе
жатқан жерін – Атамекен дейді.
Отанды сүю – өз ата-анаңды, туысқандарың-
ды, достарыңды сүю мен сыйлаудан басталады.
Отанға деген сүйіспеншілік –
патриотизм деп
аталады. Өз Отанын сүйетін адам
патриот са-
налады. Ата-бабаларымыз – біз үшін Отаны-
на, туған еліне, халқына деген сүйіспеншілік
пен адалдықтың үлгісі. Олар қазақ даласының
еркіндігі мен елінің бостандығы үшін жан ая-
май күресіп, оны бізге аманатқа қалдырды. Бұл
жерді өз ұрпағымызға табыстау – бізге міндет.
Сен Абылайхан есімін жақсы білесің.
Абылай хан – қаһарман қолбасшы, ақыл-
ды да айлалы, көреген адам болған. Ол – Ота-
нын, елі мен жерін сүйген көрнекті мемле-
кет қайрат
ке
рі. Жоңғарлармен шайқаста ба-
тырлық көрсетіп, ерекше амал-
айласымен көзге түс ті. Өне ге -
лі ақыл-кеңесінің, ал ғыр лығы
мен көрегендігінің арқа
сында
Абы лай кемеңгер деген атқа ие
болды.
Отаны үшін еңбек еткен,
Отанының азаттығы жолында
жанын да аямаған адамдар ха-
лық есінде жыр-дастан, күй,
аңыз болып сақталады.