Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет75/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   244
Байланысты:
5 synyp

4.   түркістан  базарына  саяхат.  Бір сәт өзіңді 
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 
Түркістан қаласының базарын аралап жүрмін 
деп елестет. Қаланың ертедегі атауы – Йасы.
Базар ішінде жергілікті тұрғындар да, басқа 
қалалардан келушілер де, түрлі киім киіп, 
алуан тілде сөйлейтін шетелдіктер де жүр. 
Олардың біреуі зат алуға келсе, енді біреулері 
заттарын сатуға келген. Базардың оң жағында 
сонау араб елінен әкелінген сәйгүліктер, Фер-
ғананың атақты арғымақтары, моңғолдың та-
пал жылқылары мен қазақ жорғалары ауыз-
дықтарымен алысып тұр. Алдыңғы қатарда – 
құмырашылардың жалтыраған мыс құ 
мы-
ралары мен табақшалары. Сол жерден қытай 
қолөнершілерінің күмістен және аса бағалы 
фарфордан жасалған ыдыстарын кездестіресің. 
Асыл тас шеберлерінің қолымен үнді маржаны, 
...Ұлы Жібек жолының 
бір тармағы Египет пен 
Вавилонда, Иранда өте 
қымбат бағаланатын 
әдемі көк тас – лазурит 
тасымалданған «лазу-
рит жолы» деп аталған. 
Екінші тармағы Қытай-
дағы императорлар мен 
ақсүйектерге арнап әше-
кейлер жасау үшін нефрит 
тасын тасымалдайтын 
«нефрит жолы» болды. Ал 
үшінші – «бұлғын жолы-
мен» бағалы аң терілері 
тасылған.  
Байпақов К.М.
«Қазақстанның 
ежелгі қалалары».
Алматы, Аруна, 2005
«Ұлы Жібек жолы» 
арқылы сауда жасаған 
мемлекеттер 
Рим
Франция
Византия
Русь
Иран
Үндістан
Түрік қағанаты


78
ақық, лағыл, гауһар тастардан жасалған әшекей 
бұйымдары көздің жауын алады. Ақша айыр-
бастайтындар алтын ақшаны күміске, орыс 
ақшасын византия солидіне айырбастап беріп 
жатты. Базардың сол жағында аса бағалы 
 
қытай жібектері, Бұхардан әкелінген пүліш, 
 
Рустен келген кенеп, парсы кілемдері қо-
йылыпты. Гректің әсем ыдыстары, хош иісті 
жасмин суы мен амбра иісмайы тұр. Киев-
тен келген көпестер қару-жарақ бұйымдарын: 
ою сапты семсер, дулыға, сауыт және ешкі 
терісінен жасалған қып-қызыл етіктер, шолақ 
тон мен бөрік сатып жатыр. Жергілікті қазақтар 
табын-табын мал, жүн, тері, металл және басқа 
да та уарларын сатып немесе айырбастап, өзіне 
керекті заттарын алуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет