2. «екінші ұстаз». Әл-Фарабиді замандас-
тары мен шәкірттері жоғары бағалап, Аристо-
тельден кейінгі «екінші ұстаз» атаған. Өйткені
ол грек ғалымы Аристотельдің еңбектерін көп
зерттеген. Оның шығармаларына өзі түсіндірме
жазған. Ол білімнің әртүрлі салалары: астроно-
мия, философия, логика, музыка, математика,
этика, медицина, психология, тіл білімі, құқық
бойынша зерттеулер жүргізген. 150-ге тарта
еңбек жазған. Оның «Музыканың ұлы кітабы»,
«Бақытқа жету», «Ғылымдар тізбесі», «Ізгі
қала» атты құнды кітаптары бар.
Сонымен қатар әл-Фараби тамаша музыкант,
орындаушы болған және өлең де шығарған.
Домбыра, қобыз сияқты аспаптар жасап, музы-
ка жазған.
Әбу Насыр әл-Фараби
қай жерде дүниеге
келіп, білім алған?
Ол білім алу жолында
қандай еңбекқорлық
танытты?
Ол алған білімін қалай
пайдаға асырды?
Әбу Насыр әл-
Фарабидің тағы
қандай өнерлері
болған?
|