Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет80/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   244
Құйрықтөбе – Сырдария бойындағы қала, 
ол бірнеше орамнан (орам – квартал) тұрған, әр 
орамда 8–10 үйден болған. Әр орам белгілі бір 
кәсіппен шұғылданды. Тұрғын үйдің іргесі ірі 
тастан қаланып, қабырғасы шикі кірпіш, са-
бан араластырылған балшықтан тұрғызылған. 
Қалада мешіт, моншалар да көптеп салынды. 
Археологиялық жұмыс кезінде бұл қаладан 
Құйрықтөбе (Кедер) 
қаласының орнынан 
табылған күйдірілген  
саздан жасалған  
бейнелер. VII–VIII ғғ.


81
қытай мен жапон шеберлері жасаған мыс, фар-
фор ыдыстар табылды.
отырар – қазіргі Оңтүстік Қазақстан 
облысының жерінде орналасқан. Отырар 
қаласын кезінде Фараб, Тарбанд деп те атаған. 
IX–X ғасырларда гүлденген ірі қала ғылым 
орталығына айналды. Қаланы биік дуалмен 
қоршап, жан-жағынан айналдыра терең ор 
қазған. Археологиялық қазба кезінде 15 тон-
на бидай сақталатын қамба табылды. Мұның 
өзі қала халқының ауыл шаруашылығымен 
айналысқанын көрсетеді.
Отырарда есімі әлемге танылған ғұлама 
ғалым Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді. 
Қалада дүние жүзіндегі ірі кітапханалардың 
бірі болған.
Отырар қаласының 
ұшақтан түсірілген 
көрінісі


82
Отырарды 1219 жылы алты ай бойы моңғол-
дар қоршап, ақыры қаланы жермен-жексен 
етіп қиратады. Бұдан кейін де қайта жандан ған 
Оты рар қаласы шамамен XVIII ғасырдың басы-
на дейін өмір сүрген. 
сауран – Түркістан қаласынан 30 шақырым 
жерде орналасқан. Араб тарихшысы Макди-
си: «Сауран – үлкен қала, бірінен соң бірі жеті 
қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі 
қалада орналасқан» деп суреттейді.
Сауран XVI–XVII ғасырларда мұнаралы биік 
дуалмен қоршалған, айнала терең ор қазылған, 
мықты қорғанысты қала болған. Қала сыртын-
да жер өңдеумен айналысқан елді мекендер, 
бау-бақша және егістік жатты. Қаланы сумен 
қамтамасыз ету үшін кәріз – жер асты кана-
лы  қазылған. Кәрізді Үндістаннан әкелінген 
 
200 құлға қаздырған көрінеді. 
Сауран қаласының 
орны


83
Қазіргі таңда, 2004 жылдан бастап Сауран 
қаласында археоло гиялық зерттеулер жүргізіліп 
жатыр.
Йасы – Түркістан қаласының ежелгі аты. 
Қаланың негізі б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта 
кезінде қаланған.
Йасы қаласы қамал, шахристан, рабаттан 
тұрған. Қала балшықтан соғылған қабырғамен 
қоршалды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бо-
йында орналасуы, сауданың дамуы Түркістан 
өңірінің гүлденуіне жағдай жасады. Ғұлама 
діндар ақын Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басы-
на тұрғызылған кесене адамдар мінәжат ететін 
қасиетті орынға айналды. 
Есім хан тұсында Йасы Қазақ хандығының 
астанасына айналды. Сол уақыттан бастап қала 
Түркістан деп атала бастады. 
сығанақ – Сырдария өзені  бойында ор 
на-
ласқан. Ертеде Сығанақ қаласы Қыпшақ мем-
лекетінің сауда және саяси орталығы болды. 
Сауда-саттық және айырбас қатты дамыған. 
Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесі
 
Фараб деп қай қаланы 
атаған?
 
Түркістан қаласы 
бұрын қалай аталған?
 
Ертедегі Отырар  
туралы тағы қандай 
қосымша мәліметтер 
білесің? 


84
Қаланың базарында күніне 500-дей түйеге 
артылған тауарлар сатылатын. Сығанақта көш-
пелілер ең жақсы садақтар мен жебелер әкеліп 
сатқан. Ал өздері астық, мата және басқа қажет-
ті бұйымдарды сатып алып отырған.
Сығанақ қаласын 1219–1220 жылдары моңғол 
әскері қоршауға алады. Қала тұрғындары жеті 
күн ерлікпен күресіп, ақыры жеңіледі, қала 
қирайды. Бірақ көп ұзамай қала қайта жанда-
нады. Қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыған 
Ақ Орда мемлекетінің ханы Ерден (1320–1344) 
Сығанақ қаласын қалпына келтіреді де, өзінің 
астанасына айналдырады. Қала XVIII ғасырға 
дейін өмір сүрді. Қазір қаланың орны «Сунақ-
ата» деген атпен мәлім.
 
Қазақстан жеріндегі 
қалаларды  
кімдер салды?  
Онда кімдер тұрды?
 
Қалалардың  
құрылысы  
қандай болды?
 
Қалалар қалай  
дамыды? 
 
Қалалар неліктен 
жойылып кетті деп 
ойлайсың?
Сығанақ қаласының 
орны


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет