Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
§59. Қазақстан республикасының 
Конституциясы
1.  Қазақстан республикасының 1993 жыл-
ғы Конституциясын қабылдау. Мемлекетімізді 
басқарудың негізгі әрі басты заңы – Қазақстан 
Республикасының Конституциясы болып табы-
лады. Конституцияның қабылдануы – еліміздің 
өміріндегі маңызды тарихи оқиға.
1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан 
мемлекетінің тұңғыш Конституциясы қабыл-
данды.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан бұрынғы 
КСРО құрамындағы 15 республиканың бірі са-
налды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-
касы (ҚазКСР) деп аталды. Оның өз конститу-
ция сы болды. Ал тәуелсіздік алған Қазақстан 
Рес публикасына жаңа заң қажет болды. Өйт-
кені ҚазКСР-інің Конституциясы тәуелсіз мем-
лекетке жарамсыз болып қалды. 
1993 жылы тәуелсіз еліміздің алғашқы Кон-
ституциясы қабылданды. Бұл заң Қазақстанды 
тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Конституция 
елдің экономикасын, саяси-әлеуметтік даму-
ын, ішкі және сыртқы саясатын қайта қарап, 
жаңаша құруға мүмкіндік берді.
2.   Қазақстан республикасының 1995 жыл-
ғы Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда – 
жаңа Конститу ция  қабылданды.  Конституция 
9 бөлім, 98 бап тан тұрады. Әрбір Қазақстан 
азаматы – үлкені де, кішісі де, жас жеткіншек 
балалары да өз елінің Конституциясын жақсы 
білуі тиіс. Қазақстан Республикасының аза-
маты болу – зор құрмет. Біздің барлығымыз 
да «Қазақстан Республикасының азаматы» 
деген мәртебелі атаққа лайықты өмір сүруге 
міндеттіміз.
1995 жылғы 30 маусым 
мен 30 шілде аралығында 
еліміздің Негізгі Заңының 
жобасын бүкілхалықтық 
талқылау өткізілді. Мем-
лекет атауы сол тұста «Қа-
зақ Республикасы» деп 
аталған еді. Конститу ция 
жобасын талқылау бары-
сында 1991 жылы қабыл-
данған «Қазақстан Рес-
публикасы» атауы қайтып 
оралды.
 
Қазақстан  Рес пуб-
ли касының  азамат-
тары тең құқылы 
дегенді қалай 
түсінесің
?
 
Қазақ стан  Республи-
ка сының  азаматтары 
деп кімді айтамыз?

187
Еліміздегі жоғарғы заң шығарушы орган – 
Парламент.  Қажет болған жағдайда Парла-
мент негізгі заңға өзгертулер мен толықтырулар 
енгізе алады.
Қазақстан Республикасы азаматының негізгі 
құқығы – әркімнің еңбек ету бостандығы, қыз-
мет және кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы 
болуы. Адал еңбек ету, еңбек тәртібін бұзбау – 
әрбір азаматтың абыройлы ісі.
Конституцияның 29-бабына сәйкес, респуб-
лика азаматтары тегін кепілді медициналық 
көмек алу құқығына ие.
Конституцияның 30-бабында: «Азаматтардың 
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бі-
лім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу 
міндетті» деп атап көрсетілген. Біздің мектеп-
те оқып, орта білім алуымыз міндетті болып  
табылады.
Конституция бізге құқықтармен қатар мін-
деттер де жүктейді. Еліміздің әрбір азаматы 
өз құқықтары мен міңдеттерін біліп, оны адал 
орындауы керек.
36-бапта: «Қазақстан Республикасын қор-
ғау – оның әрбір азаматының қасиетті боры-
шы және парызы» деп атап көрсетілген. Демек,  
Отанды қорғау – барлығымыздың азаматтық 
 
бо ры шымыз. 
Қазақстан Республикасының Конституция-
сына сәйкес, оның әрбір азаматы Конститу-
ция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың 
құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен 
ар-намысын құрмет теуге міндетті.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құр-
мет 
теуге, тарихи және мәдени мұралардың 
сақталуына қамқорлық жасауға, табиғат бай-
лы қ тарын  қорғауға  міндетті.
 
Тәуелсіз  Қазақ стан-
ның тұңғыш Консти-
туциясы қашан 
қабылданды?
 
Жаңа Конституция 
қашан қабылданды?
 
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының 
қандай құқықтары бар?
 
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының 
міндеттері қандай?
 
Конституцияның  
19-ба бында:  «Әркім   
ана тілі мен төл 
мәдение тін  пайда ла-
нуға,  қа рым-қатынас, 
тәр бие, оқу және 
шығар машылық 
тілін еркін таңдап 
алуға құқылы» деп 
жазылған. Осы бап-
ты қалай түсінесің? 
Ойыңды нақты мы-
салдар келтіре оты-
рып дәлелде.
1.  Қазақстан  Респуб ли ка-
сының Конституциясы:
а) азаматтардың 
міндеттері
ә)  баршаға арналған 
құқық
б)  мемлекеттің негізгі 
заңы
2. Конституция 
қабылданған күн:
а) 1993 ж. 10 қаңтар
ә)  1995 ж. 10 тамыз
б)  1995 ж. 30 тамыз

188
§60. Қазақстан республикасының 
мемлекеттік рәміздері
1. Қазақстан республикасының мемлекет 

тік гербі. Әр мемлекеттің Туы, Гербі мен Гимні 
болады.  Мемлекеттік рәміздер – елдің өзін-
дік өмір салтын, ерекшелігін, асқақ арманын 
білдіретін ерекше белгі.
1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның 
Гербі мен Туы қабылданды. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Гербі – мемле кетіміздің басты белгісі. Герб ав-
торлары – белгілі архитекторлар Жандарбек 
Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 
Мемлекеттік Гербтің негізгі нышандары – 
шаңырақ, қос тұлпар, бесбұрышты жұлдыз.
Шаңырақ – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым, 
республиканың барлық халықтарының ортақ 
Отанын, ондағы бейбітшілік, татулық, достықты 
бейнелейді.
Елбасы Н.  Ә. Назарбаев 
пен Тудың авторы – 
суретші Ш. Ниязбеков

189
Алтын қанатты қос пырақ – батылдықтың 
нышаны, асқақ арманға деген ұмтылыс. Тұл-
пардың алтын қанаттары астық масақтарын 
бейнелейді, ол – молшылық белгісі. Мүйіз – ай-
бындылықтың, күш пен беделдің белгісі.
Бесбұрышты жұлдыз – мемлекетіміздің бес 
құрлыққа құшағы ашық екендігінің ныша-
ны. Жұлдыз қазақтарда өмірлік бағыт-бағдар, 
биіктік пен биліктің белгісі саналған. Бес саны – 
ақиқат пен әділдіктің өлшемі.
2.  Қазақстан республикасының мемлекеттік 
туы. Ту бейбіт өмірде тыныштық, күш-қуат, тір-
шіліктің, ал соғыс жағдайында ерлік, батылдық-
тың белгісі саналады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы-
ның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Тудың аспан түстес көгілдір түсі – ашық 
ас панның нышаны: адалдықтың, тазалықтың, 
ынтымақ пен бірліктің белгісі. 
Алтын күн – өмірдің, береке-байлықтың бел-
гісі. Шеңбер – өміршеңдіктің нышаны. 
Қыран бүркіт – күш-қуат, қырағылық, көре-
гендіктің нышаны. Қыран – құс патшасы, ер-
кіндік, асқақтық, биік мұрат сияқты ұғым дарды 
бейнелейді. 
Ұлттық өрнек («қошқармүйіз») – қазақ хал-
қының ерекшелігін айқындайтын сәулет өнері 
жетістігінің бейнесі.
3.  Қазақстан республикасының мемлекеттік 
гимні.  Гимн (грек сөзі) – арнайы өлеңге жа-
зылған салтанатты ән. Әр мемлекеттің Гимні 
белгілі бір халық жайлы, оның арманы, мақса-
ты, болашағы туралы хабар береді. 
Алғашқы Мемлекеттік Гимн 1992 жылы 
 
16 жел 
тоқ 
санда қабылданды. Гимннің сөзін 
ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Мол-
дағалиев, Ж. Дәрібаева жазды. Ал Гимннің му-
зыкасын атақты сазгерлер: М.  Төлебаев, Е. Бру-
силовский, Л. Хамиди жазған. 
Шәмші Қалдаяқов
Жұмекен Нәжімеденов

190
Президенттің  басқа мемлекеттерге сапары 
Мемлекеттік Гимнмен басталады және аяқта-
лады. Қазақстан әлемдік ұйымдарға мү шелікке 
қабылданғанда, олимпиадалық спорт жарыста-
рында абыройлы болған жеңімпаз ұл-қыз дардың 
құрметіне Мемлекеттік Гимн орындалады.
Уақыт өте келе Қазақстан мемлекетінің әрбір 
азаматының жүрегіне жол табатын, әуені асқақ, 
сөзі жаттауға жеңіл, ерекше отаншылдық рух 
беретін жаңа Гимн қажет болды. Осындай 
өміршең әндердің бірі – бұдан жарты ғасыр 
бұрын жазылған 
«Менің Қазақстаным»  ту-
ындысы болатын. Оның әуенін жазған дарын-
ды композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін ақын 
Жұмекен Нәжімеденов пен  Нұрсұлтан Назар-
баев жазды. Бұл – жұрттың бәрі, үлкен де, кіші 
де жатқа білетін, көпшіліктің жанын жаулап 
алған рухты ән.
2006 жылғы 7 қаңтарда еліміздің жаңа Мем-
лекеттік Гимні қабылданды. Бұл Гимннің 
 
сөзі де, музыкасы да халық рухын бей нелейді. 
Терең отаншылдық сезімдегі, сөзі де, әуені де 
есте сақтауға жеңіл, ырғақты ән. 
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – тәуелсіз 
Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті боры-
шы. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – ел мен 
халықты, оның салт-дәстүрін қастерлеу болып 
саналады.
Қалдаяқов Шәмші 
(1930–1992) – қазақ халқы-
ның дарынды компози-
торы. Халық арасында 
кең тараған «Менің Қазақ-
станым», «Ақ бантик», 
«Қуаныш вальсі» және 
басқа көптеген әндердің 
ав торы. 1992 жылдан бері 
елімізде Шәмші Қал 
дая-
қов атындағы халық 
ара-
лық конкурс жыл сайын 
өткізіледі.
Нәжімеденов Жұмекен 
(1935–1983) – талант-
ты ақын. 1959 жылы 
Құрманғазы атындағы 
консерваторияда оқып 
жүргенде курстас досы 
Ш. Қалдаяқовтың «Менің 
Қазақстаным» атты әніне 
сөз жазды. Оның «Ба-
лауса» жинағы, «Күй кі-
табы», «Қыран қия», «Ақ 
көгершін», «Тамыр мен 
жа пырақ» және басқа кі-
таптары жарық көрген. 
 
Гербтегі белгілер нені бейнелейді?
 
Мемлекеттік Тудағы белгілер нені білдіреді?
 
Қазақстан Респуб ликасының алғашқы Мемлекеттік Гимнін неліктен ауыс-
тыру қажет болды?
 
Жаңа Гимннің авторлары кімдер?
 
Қазақстан Республикасының Гербі жайлы жоспар бойынша әңгіме 
құрастыр: а) шаңырақ, оны айналдыра күн сәулесіндей тараған уықтар;  
ә) алтын қанатты пырақтар; б) қос мүйіз; в) бесбұрышты жұлдыз;  
г) «Қазақстан» жазуы. 
 
Қазақстан Республикасының Туын мынадай жоспар бойынша сипатта: 
а) шұғылалы күн; ә) қалықтап ұшқан қыран; б) көгілдір түсті матадағы 
ұлттық өрнек.
 
«Менің Қазақстаным» деген тақырыпта шығарма жаз.

191
§61. Біздің теңге
1.  нумизматика.  «Нумизма-
тика» – грек сөзі нен аударғанда 
«теңге»  деген мағынаны біл-
діреді. Нумизматика – металл 
теңге, құйма ақша ке 
сектерін, 
теңге мөр лерін, теңге өндірісін, 
ақша айналымын зерттейтін 
көмек 
ші тарихи пән. Нумизма-
тика теңгедегі бейнелерді, сурет-
тер мен жазуларды, таңбаларды, 
оның салмағын, кө 
лемін және 
металдың құрамын зерттейді.
Нумизматика сонымен қатар қағаз ақша, ме-
даль, ордендер мен төсбелгілерді де зерттейді. 
Археологиялық қазба жұмысы кезінде табыл-
ған металл теңге көмбелерін зерттеу арқылы 
ғалымдар бұл ақшаның қандай мемлекетте, қай 
Теңге сарайында, қашан жасалғанын, мерзімін, 
оның құрамын, сол кезеңде билік еткен мемле-
кет басшысын анықтай алады.
2.   ақша  туралы.  Алғашқы теңгелер Кіші 
Азия мен ежелгі Грекияда пайда болған. Теңге 
шыққанға дейін адамдар өзіне қажетті заттар ды 
бір-бірінен айырбастап алып отырған. Біртін-
деп, сауданың дамуына байланысты белгілі бір 
заттың құны, бағасы, сапасы туралы түсінік 
ор 
нықты. Алтын мен күмістен ақша жасау 
сауданың дамуына байланысты қалыптасты.
Ертеден теңге жасап шығару ісі мемлекет 
билігінде болды. Әдетте теңгенің оң бетінде 
мемлекеттік билікті, не дінді дәріптейтін пат-
шаның бейнесі, не елтаңба, т.б суреттер мен 
бейнелер салынды. Теңгенің сол бетінде оның 
бағасы, шыққан жері мен жылы көрсетілген.
Теңгені күміс, алтын, мыс және түрлі қосынды 
металдан жасады. Теңге құрамындағы асыл 
металдардың көлеміне қарай қымбат не арзан 
бағаланған.

192
Теңге қолөнер мен өнер туындысы ретінде 
де құнды. Әлемнің көптеген елдерінде теңге 
жинақталған музейлер бар.
3.  Қазақ  жеріндегі  ақша.  Қазақстан аума-
ғында жүргізілген археологиялық қазба жұ-
мыстары кезінде орта ғасырларға жататын тең-
гелер мен теңге көмбелері табылды. Отырар, 
Тараз, Йасы, Талғар, т.б. қала орындарынан 
табылған күміс, алтын, қола теңгелер тауар-
ақша қатынастарының болғанын көрсетеді.
Отырар қаласынан еден астынан табылған 
құ мырада зергерлік бұйымдар, күміс тостаған 
сынықтары, күміс құймалар мен теңгелер бол-
ған. Күміс құйма сол кезде ақшамен қатар не 
ақша орнына жүрген.
Көмбеден табылған теңгелердің саны 235. 
Сал мағы жарты килограмға жуық. Көмбедегі 
теңгелер әр жерде құйылғандықтан әртүрлі бо-
лып келеді. Теңгелердің 151 данасы күміс дир-
хемдер. Олар Алмалықтағы Теңге сарайында 
соғылған. Моңғол империясында құйылған тең-
гелер де кездеседі. Енді бір теңгелер Алмалыққа 
таяу жерде орналасқан Құяшта  шығарылған. 
Сыр бойындағы Жент қаласында соғылған сегіз 
теңге табылды.
Моңғол шапқыншылығынан кейін сауда 
қысқарып, кейін мүлдем тоқтап қалған кезі 
де болды. Сауданы дамытып, шаруашылықты 
күйзелістен шығару үшін Отырарда бірнеше рет 
ақша реформалары жүргізілген. Мәселен, ре-
форма нәтижесінде Отырарда жыл сайын күміс 
пен мыс дирхем, фельс шығарылған. Фельс 
ұсақ ақшаның рөлін атқарған. Ғалымдардың 
зерттеуіне қарағанда, XIII ғасырдың соңында 
Қазақстан жерінде 15-тен астам теңге соғатын 
сарайлар болған. Отырар, Тараз, Алмалық, 
Жент, т.б. теңге сарайлары жұмыс істеген.
4.  Қазақстан республикасының ұлттық ақ-
шасы – теңге.  1993 жылдың қараша айына 
дейін Қазақстанда кеңестік ақша үлгілері пай-
Сарайшықтан 
табылған теңгелер

193
даланылып келді. 1993 жылы 15 қарашада 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің жар-
лығымен  ұлттық ақша – теңге  пайдалануға 
енгізілді
Ақша белгілерін, теңге мен тиындардың 
 
түр лерін жасауға еліміздің ең таңдаулы сурет-
шілері мен дизайнерлері қатысты. Жаңа валюта 
банкноттарында Қазақстан Республикасының 
кар тадағы контуры, гербі, қазақ халқының ою-
өрнегі, белгілі тарихи қайраткерлер сурет 
тері 
салынған. Ел тарихында теңгенің айналымға 
енгізілуінің аса зор саяси және экономикалық 
маңызы болды. Ұлттық валюта тәуелсіздіктің 
белгісі ретінде Қазақстанның халықаралық 
беделін көтерді. 
1993 жылдан бері теңге өзгертілді, жетіл-
дірілді, қазіргі жағдайына жеткізілді. 
 
Нумизматика деген не? Ол нені зерттейді?
 
Алғашқы ақшалар қалай пайда болды? 
 
Қазақстанның қай жерлерінде Теңге сарайлары болған? Картадан көрсет.
 
Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңге туралы әңгімеле.
Қойлықтан 
табылған теңгелер
Тапсырма. төменде келтірілген түсініктерге сәйкес анықтаманы тап. 
Жұмысты дәптерге жаз.
Түсініктер
Анықтамалар
1.   Демократия
а) негізгі заң 
2.   Конституция
ә) халықтың тікелей немесе сайланған өкілдері арқылы 
жүзеге асатын билігі
3.   Ақша
б) ешкімге тәуелсіз, өз алдына дербес мемлекет
4.   Тәуелсіз
           мемлекет
в)  Қазақстан Республика сының ұлттық валютасы
5.   Теңге
г) қандай да бір заттың құнын білдіретін  бірлік

194
§62. Байтақ қала – астана
1. астананың алматыдан көшірілуі. Қа-
зақтар ел билеушілер тұрағын орда, байтақ 
қала  деп атаған. Қазақтың хан ордасы астана 
міндетін атқарды.
Қазақ жеріндегі ертедегі қалалар Сыға нақ – 
Қыпшақ мемлекетінің, Суяб – Түрік қаға 
на-
тының, Баласағұн – Қарахан мемлекетінің, 
Қойлық – Қарлұқ хандығының, Түркістан – 
Қазақ хандығының астанасы болған.
Қазақстанның астанасы 1920–1925 жыл-
дар аралығында Орынбор, 1925–1929 жылда-
ры Қызылорда (бұрынғы Ақмешіт), 1929–1997 
жылдары Алматы қаласы болды.
Қазіргі астана орнын дағы қала ертеде Қара-
өткел атанды. 1832 жылы патша өкіметі отар лау 
мақсатымен бұл жерге бекініс салып, Ақмола 
деп атайды. 1961 жылы тың иге-
руге байланыс ты қала аты Целино-
град  болып өзгертілді. 1992 жылы 
қала ға  оның  Ақмола атауы қайта 
берілді. 
1997 жылғы 20 қа занда Пре зи-
денттің жар 
лығымен Ақмола қа-
ла 
сы астана болып жарияланды. 
1998 жылы 6 мамырда Елба 
сы-
ның жарлығымен Қазақстан Рес-
публикасы 
ас та насының 
атауы  
Аста на  деп өз гер тілді. 10 маусым-
да жаңа астана 
ның ресми тұсау-
кесері өтті. 
2.  астана – Қазақстан респуб-
ликасының елордасы. Астана Са-
ры 
арқа даласында, Есіл өзенінің 
бойындағы нулы, сулы жерде ор-
наласқан. Бұл қаланың астана ре-
тінде таңдап алынуының бірнеше 
себептері бар. Қала қазақ жерінің 
орталығында, географиялық жа-
Астана. Ақорда

195
ғынан өте қолайлы жерде, әуе жолдары, темір-
жол мен автомобиль жолдарының қиылысында 
орналасқан. Қала экологиялық жағынан да 
қолайлы, таза, желдетіліп тұрады. Астана-
ны Алматыдан көшіруге байланысты сөзінде 
 
Н.Ә. Назарбаев: «Бізге Ұлы Алатаудың бау ра-
йы тар бола қойған жоқ, керісінше, Же тісуды 
тастап кетуге қимаймыз. Бірақ тарих тың қатал 
талаптары осындай. Ал Алматы республиканың 
ғылыми және мәдени орталығы ретінде әрбір 
қазақстандықтың жүрегіне жа қын қала болып 
қала береді», – деді.
Бүгінде Астана жыл сайын көркейе түсуде. 
Астананы көркейтуге еліміздің түпкір-түпкір-
лерінен құрылысшылар, белгілі сәулетшілер 
келді. Жаңа астананың құрылысына Италия, 
Түркия, Швейцария құрылыс фирмалары қа-
тысуда.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана – 
Әлем қаласы деп жарияланды. Қазір астана 
құрылысы шапшаң дамып ке леді. Жаңа тұр ғын 
үйлер мен зәу лім ғимараттар, мей рамханалар 
са 
лынып, көрікті алаңдар мен сая 
бақтар бой 
түзеуде.
Жаңа астананы XXI ғасырдағы сәулет өне-
рінің үздік бейнесіне айналдыру ісі қолға алын-
ды. Астананың жаңа жобасын жасауға ха-
лықаралық байқау жарияланды. Қаланы абат-
тандыру ісіне Жапония, Германия, Англия, 
Болгария мен Шығыс елдерінің сәулетшілері де 
қатысуда.
Жоспар бойынша Есілдің сол жақ жағалауына 
республикалық әкімшілік-іскерлік орталық пен 
жаңа тұрғын аудандар салу көзделіп, іске асыры-
лып жатыр. Парламент Сенаты мен Мәжілістің, 
Президент резиденциясының ғимараттары және 
басқа да бірқатар үкімет үйлері бой көтерді.
Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін 
биік тігі 97 метрлік «Астана-Бәйтерек» кеше-
нінің құры лысы ерекше назар аударады. Аста-
на көз алдымызда Қазақстанның ең көркем 
 
де әсем қаласына айналып келеді.
 
Қазақстан жерінде 
қандай астана 
қалалар болды?
 
Қазақстанның 
астанасы неліктен 
Ақмолаға көшірілді?
 
Алматы, Астана 
қалалары туралы  
салыстыра әңгімеле. 
 
«Астана – 
Отанымыздың 
бас қаласы» деген 
тақырыпта шығарма 
жаз. 
«Астана-Бәйтерек»  
кешені

196
§63. Бүгінгі Қазақстан
1.   Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс 
қарсаңында. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қыс-
қа мерзім ішінде Қазақстанның экономика-
сында үлкен өзгерістер жүзеге асырылды. Қа-
зақстан әлеуметтік-экономикалық реформалар-
ды жү 
зеге асыруы жағынан бұрынғы КСРО 
елдері мен Батыстың бірқатар елдеріне үлгі бола 
білді.
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Н.Ә. Назарбаев жыл сайын қазақстандықтарға 
Жолдау арнайды. 
«Қазақстан өз дамуындағы 
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп  атала тын 
Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсеке-
ге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағыттары 
айқындалған. Жолдауда еліміздің алдағы да му 
жос 
пары анықталып, бірқатар маңызды мін-
деттер нақтыланады. Маңызды міндеттердің 
бірі – Қазақстанның болашағы саналатын жас-
тар бойында қазақстандық патриотизм сезімін 
тәрбиелеу.
Жастар – Отанымыздың күш-қуатын ны-
ғай 
татын, ғылымды, экономиканы дамыта-
тын, әлеуметтік проблемаларды шешетін, же-
тістіктерін одан әрі арттыратын үлкен күш. 
Қазақстанның өскелең дамуына бағытталған 
барлық іске жастар қолдау көрсетіп, белсене 
қатысуы тиіс. 
Республикада халықтың өмірі жақсара баста-
ды. Зейнетақы мөл шері артты. Мұғалімдердің, 
дә рі герлердің, 
мәдениет 
қызмет кер ле рінің 
жалақысы  көтерілді.
2. Қазақстан халқының бірлігі – біздің басты 
байлығымыз. Кең-бай 
тақ Қазақстан жерінің 
геогра фиялық және табиғат жағдайы мейлінше 
әр алуан. Оның аумағы Еуразия құрлығының 
қақ ортасында орналасқан – бұл еліміздің ма-

197
ңызды ерекшелігі. Осы 
ұлан-байтақ жерді ата-
бабамыз аттан түспей 
қорғап, бізге мұраға 
қал дырды.  Жан-жақ-
тан анталаған жау-
мен жағаласып жүріп 
елдігін сақтап қалды, 
қанша ауыр сынақты 
бастан кешсе де ұрпақ 
тәр биесін 
ұмытқан 
жоқ. Осының барлығы 
қазақ хал 
қының тарихи ерлігі. Біз ата-ба 
ба-
мыздың осы ерлігін ұмытпай, қастерлеуге 
міндеттіміз. 
Қазақ халқы мемлекеттің ішінде өзге 
ұлттармен сыйластықта өмір сүруге, ал сыртта 
басқа елдермен, халықтармен достық қатынаста 
болуға мүдделі. Міне, осы орайда қазақ халқы 
өз тілін дамытуы, мәдениетін өркендетуі, дәс-
түрін қадірлеуі, ұлттық намысын қорғай білуі 
тиіс. Және өзімен бірге өмір сүріп жатқан басқа 
халықтардың да тарихы, әдет-ғұрпы мен дәстүр-
лері сақталуына кепіл болуы, сондай-ақ әлемге 
өзін танытуы және сыйлата білуі – ең жоғары 
әрі қиын жауапкершілік. 
Қазақстанда сан алуан ұлт өкілдері бір үйдің 
баласындай түсіністікпен, ынтымақпен өмір 
сүріп жатыр. Бұл – республикамыздың басты 
же тістігі және мақтанышы. Қазақстандағы бір-
лік пен келісім Ұлы Отан соғысы жылдары, тың 
жерді игеру, елімізді өндіріс ошағына айналды-
ру кезеңдерінде халықтың ортақ жүкті жұмы ла 
көтеруімен нығая түскен. 
Қазақстандағы ұлттар арасындағы келісім 
мен  өзара  түсі ніс тіктің  өзіндік  ерек шелік тері 
бар. Атап айтсақ, Қа зақ стан ға көптеген ха лық-
 
тар өз ата-баба қоны 
сынан ерік 
сіз кө 
ші 
рілді. 
 
«Мен ана тілімді жақ-
сы көремін. Қазіргі күні 
көптеген аға-тәтелеріміз 
қа зақ болғанымен, өз тілін 
білмейді. Бұл өкінішті-ақ. 
Туған тілімізді жоғалтып 
алмау үшін үлкен-кішіміз 
қазақша сөйлеуіміз ке-
рек. Басқа тілді білгеннің 
зияны жоқ. Ол арқылы 
өзге ұлттармен тілдесесің, 
әдебиетімен, мәдениетімен 
танысасың. Бірақ өз тілің-
ді білмесең, сені ешкім 
сыйламайды. Ана тілі – ең 
басты құралымыз, еңселі 
елдігіміздің негізгі кепі-
лі. Осыны терең ұғынып, 
ең алдымен ана тілімізді 
құрметтеп, ардақтау па-
рызымыз» деп жазады Ал-
маты қаласындағы №81 
мектеп гимназиясының 
8-сынып оқушысы Жұма-
бекова Ләззат.

198
Ке ңес  өкі метінің  ал ғашқы  жыл да рын дағы  ха-
лық  ша руа шылы ғын  индус три ялан ды ру,  ашар-
шы лық, Ұлы Отан со ғысы жылда рын дағы эва-
куация, тың және тыңайған жерлерді игеру 
сияқты түрлі себептермен келіп орнықты. 
Соғыс жылдары Қазақ 
станға соғыс жүріп 
жатқан өңірден поляк, неміс, шешен, ингуш, 
балкар, қырым татарлары, месхет түріктері 
және басқа ұлт өкілдері күшпен көшірілді. 
Қазақ елі осындай сын сағатта оларды туған ба-
уырындай құшақ жая қарсы алып, достық пен 
ынтымақтастықтың үлгісін танытты. Қазақстан 
олардың екінші Отанына айналуына жағдай 
жасады. 
Қазіргі Қазақстанның көпұлтты спортшы-
лары қазақстандық патриотизмнің тамаша кө-
рінісі. Республика намысын абыроймен қорғап 
жүрген жерлестеріміз арасында қазақ Ермұхан 
Ибрайымов пен Бақыт Сәрсекбаев (бокс), армян 
Мхитар Манукян (грек-рим күресі), украин 
Анатолий Храпатый мен кәріс Олег Эм (ауыр ат-
летика), шешен Эльмади Жабраимов пен осетин 
Ислам Байрамуков (еркін күрес), орыс Ольга 
Шишигина (жеңіл атлетика) мен татар Руслан 
Субайдуллин (жүзу) және басқа көптеген ұлт 
өкілдері бар. Спортшылар жеңісі көңілге мақ-
таныш, еліміздің жарқын келешегіне деген үл-
кен сенім ұялатады.
Елімізде тыныштықты, халықтардың ауыз-
біршілігі мен өзара жарасымды ынтыма 
ғын 
сақтау – әрқайсысымыздың аса жауапты мін-
детіміз. Қандай жағдайда болсын өзімізге ең 
қымбат нәрсе – Отанымыздың бейбіт өмірі мен 
татулығын естен шығармауымыз керек.
 
Тәуелсіз  Қазақ стан-
ның әлеуметтік-
экономикалық өмірінде 
қандай өзгерістер 
жүріп жатыр?
 
Н.Ә. Назарбаев  
2006  жыл ғы 
Қазақстан халқына 
Жолдауында қандай 
міндеттер қойды?
 
Қазақстан халқының 
бірлігі мен достығын 
сақтаудың қандай 
маңызы бар? 
 
Күнделікті өмірден 
Қазақстандағы 
халықтардың  жа р а-
сымды ынтымағына 
мысал келтір. 

199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет