1.1. Қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарының эволюциясы Ежелгі кезең (б.ғ.д. IV мыңжылдық — б.ғ. 476 ж.) Қонақжайлық индустриясының Греция мен Римде дамуы. Бұл
кезеңнің қоғамдық дамуына көптеген тарихшылар алғашты қонақ үй
кәсіпорындарын –заманауи қонақ үйлер мен мейрамханалардың түпбейнесін
жатқызады.
Қонақжайлық
индустриясының
алғашқы
кәсіпорындары-
таверналар туралы ғалымдар антика кезеңіне жатқызатын манускриптардан
табуға болады. Осы құжаттардың ішінде вавилон патшасы Хамурапи
кодексінде (б.ғ.д.1700) патша таверна басшыларын тұтынушылардң
әңгімелерінен қылмыс жасайтындығы туралы хабарлауын бұйрық етті.
Жеткізбеген адамды өлім жазасына кескен.
Ежелгі Грецияда І мыңжылдықта таверналар әлеуметтік және діни өмірдің
маңызды элементі болды. Олар негізінен тамақтану қызметін ұсынуға
тағайындалды, бірақ саяхаттаушыларды орналастыратын орындары да болған.
Сауданың дамуы және онымен байланысты ұзақ жолдар түнелту мен
тамақтануды көбірек ұйымдастыруды қажет етті. Бұл жағдай басқа
орнаталстыру типінің –тұрақ сарайларының пайда болуына алып келді. Ең
тармақталған тұрақ сарайларыны желісі Рим империясында құрылды. Әсіресе
бас көшелер бойындағы тұрақ сарайлары өте ыңғайлы болды. Олар үкімет
шенеуліктері және басқа атшабарлар жолда шаршамау үшін бір-бірінен 25 миль
қашықтықта орналасты. Оны тек ерекше статусын куәландыратын үкімет
құжаты бар тұлғалар ғана қолдана алған.
Марко Поло Қиыр Шығысқа саяхаттауға кеткенде бұндай тұрақ сарайлары
мыңнан асты. Бай жер иеленушілер де өз жер иелігінде тұрақ сарайларын
салды. Онда үй шаруашылығын жүргізуге маманданған құлдар басқарды.
Қалаға жақын таверналарға көбіне бай адамдар кірген, сондықтан олар
еркінге жіберілгендермен немесе демалысқа шыққан, өз жинағандарын іске
салған гладиаторлармен басқарылды.
Сол жылдары өз үйіне барып тамақтануға қолы тимейтін кемежайдағы
делдалдардың өмірін біршама жеңілдеткен Секвиль Локатта тарихта бірінші
рет «іскерлік адам ланчы» идеясы туындады.
Тұрақ сарайларының иелерінле көптеген азаматтық құқықтары болған жоқ,
мысалы: әскерге бару, сотта біруге қарсы іс қозғау, ант беру, басқа балаларға
қамқоршы болу. Басқаша айтқанда бұл іспен айналысатын моральдық
көзқарастары күдікке алынды.
Сол уақытта рим аспаздары қоғам элитасы болып саналды, олар бір-біріне
әйгілі атақтармен марапаттады. Адриан императоры басқару уақытында
(б.ғ.д.117-138) римдік шеф-аспаздар Палатин төбесінде аспаздық өнер