Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қонақжайлық индустриясының заманауи даму тенденциясы



Pdf көрінісі
бет9/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
1.2. Қонақжайлық индустриясының заманауи даму тенденциясы
Соңғы он жылда дамыған қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарының 
даму тенденциясына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Мейрамхана және қонақ үй ұсыныстарының мамандануын тереңдету; 
2. Халықаралық мейрамхана және қонақ үй тізбегінің құрылуы; 
3. Шағын кәсіпорындар желілерінің дамуы; 
4. Қонақжайлық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды 
енгізу. 
Соңғы жылдары дәстүрлі толық сервисті қонақ үйлер мен 
мейрамханалармен қатар ұсынылатын қызметтер мен тағамдар жинағы 
қысқартылған маманданған кәсіпорындар дами бастады. Кәсіпорындардың 
мамандануы әртүрлі болуы мүмкін. Қонақ үйлер туристік нарықтың белгілі бір 
сегментіне қызмет көрсетуі мүмкін: өз демалысын гольфке, шаңғы тебуге және 
т.б. арнайтын клиенттер, конгресс, жәрмеңкеге және т.б. баратын туристер. 
Мейрамханалар әдетте ұлттық тағамдар даярлауға маманданады. Бүкіл 
әлемде гамбургерлер мен қуырылған картопқа (McDonald's), пиццаға (Pizza Hut, 
Domino, Little Geasar), бифштекске (Sizzler), теңіз өнімдеріне (Red Lobster), 
сэндвичке (Subway) маманданған жылдам қызмет көрсету мейрамханалары аса 
танымал болды. Осыған орай белгілі бір тақырыпқа бағытталған 
мейрамханалар: рок-н-ролл, футбол, самолеттер, темір жол, 80-жылдар және 
т.б. ерекше қызығушылық тудырады. Олар негізінен шектеулі тағам 
ассортиментін ұсынады, олардың басты міндеті көңіл-күй мен қажетті 
атмосфера құру болып табылады.
Кәсіпорын мамандануын тереңдету халықаралық тізбектерді құру 
тенденциясымен тығыз байланысты, олар қызмет көрсетудің жоғарғы 
стандарттарын құрастыру мен іске асыруда ерекше рөл ойнайды.
Тізбектер деп коллективті бизнеспен айналысатын және тізбек 
жетекшісінің тікелей басшылығында болатын кәсіпорындар тобын айтады. 
Тізбектің өз ғимараттары болуы мүмкін немесе оларды жалға алуы мүмкін.
90-шы жылдардың ортасында ірі қонақ үйлер бірлестігі мен тізбектері 
басшылығында бүкіләлемдік қонақ үй қорларының 30% астамы ғана болды.
Басқа тенденциялар сияқты қонақ үй тізбектерінің пайда болуы өз 
бастамасын АҚШ-та алды.
Бұл үрдіс аса қарқынды қонақжайлық индустриясына 60-жылдары 
енгізілді. 90 жылдардың басында америкалық қонақ үй тізбектерінің әсері бүкіл 
әлемде басты орынды алды. Олар жетекші әлемдік қонақ үй тізбегі ондығынан 
Travelodge International және Master Hosts International еуропалық тізбектерін 
ығыстырып шығарды, (1-кесте). 
Халықаралық қонақ үй ассоциациясы (ХҚА) қонақ үй тізбектерін үш 
категорияға бөледі: 
1) біріншісі — бұл корпоративті тізбектер — көптеген кәсіпорындары 
бар қонақ үй корпорациялары; 
2) екіншісі — тәуелсіз кәсіпорындар тізбегі, олар алдын-ала тапсырыс 


15 
беру, маркетинг концепциясы, жарнама және басқа қымбат қызметтерінің ортақ 
жүйесін қолдану үшін біріктіріледі.
3) үшіншісі— басқарушы қызметтерді көрсететін қызметтер. 
Тізбектердің табысты жұмыс істеінің көп себептері бар. Бірақ негізгі 
себептері өнім сапасының тұрақтылығы, әртүрлі кәсіпорында қызметтердің 
бірегейлігі және құнының жетімді болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет