Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Адамгершіліктің қарапайым нормалары



Pdf көрінісі
бет52/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Адамгершіліктің қарапайым нормалары. Бұл нормалар әдетте 
тәжірибелік қызметте қолданылады. Жұмысы адамдармен қатынасатын 
адамдарға оларды білу және қадағалау міндетті. Бұл қызмет көрсету 
жұмысшыларына тікелей қатысты.


80 
Адамгершіліктің қарапайым нормалары алуан-түрлі. Олар шыншылдық, 
жылы шырайылық, өзара көмек, үлкендерді сыйлау және т.б. тұрады. Барлық 
халықтың моральді кодекстерінде екі жүзділік, ұрлық, сараңдық, қатыгездік, 
дөрекілік, пайда күнемділік айыпталатын адамгершіліктің қарапайым 
нормалары адамдар қатынасын жеңілдететін моральді фон болып табылады.
Адамгершіліктің қарапайым нормаларын меңгеру – адамның тұлға болып 
қалыптасуына ықпал етеді. Бұл нормаларды кішкентай кезінен бастап 
меңгермеген адамдарда ауыр мінез қалыптасады. Бұндай мінезбен Мейрамхана 
және қонақ үй жұмысшысы сөйлесуде ұнамсыз және өз еңбек коллективін 
бұзады. Бұндай адамға байланыс аймағы жұмысшысы (бармен) кәсібімен 
айналысуға болмайды. 
 
5.2. Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысының кәсіби этикасы 
 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысының кәсіби этикасының мәні. 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысының моральді жауапкершілігі өте зор, 
себебі олардың жұмысы адамдармен байланысты. Олардың еңбегіне 
қонақтардың көңіл-күйі, хал-жағдайы және денсаулығы тәуелді. Қонақ үй 
немесе мейрамхана жұмысшысының еңбегі қатаң құрылған болуы мүмкін емес. 
Олардан жоғары біліктілік қана емес, келуші алдындағы моральді борышын 
терең түсіну қажет. Бұнда борыш адамгершілік қажеттілікке айналады. Басқаша 
айтқанда, «адам - адам» типті кәсіпте жалпы мораль талаптарымен қатар 
адамгершіліктің өзіндік талаптары мен нормалары әрекет етеді. 
Қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысының кәсіби этикасы – 
қонақтарға қызмет көрсету жөнінде кәсіби міндеттерді орындау кезінде жүзеге 
асатын адамгершіліктің өзіндік талаптары мен нормаларының жиынтығы. Ол 
Мейрамхана және қонақ үй сервисінің психологиясына негізделеді. Кәсіби 
этиканың мақсаты байланыс аймағы жұмысшысында кәсіби борыш пен намыс 
қалыптастыру, қонақтармен және өз қызметтестермен және т.б. сөйлесу 
мәдениеті дағдыларын дамыту болып табылады. Ол байланыс аймағы 
жұмысшысының адамгершілік үлгісіне (эталонына) бағыттаушы болып 
табылады. Мысалы, жарқындылық, сыпайылық, әдептілік, жылы шырайлылық 
қонақ үй немесе Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысының міндетті 
қасиеттері болып табылады. Олардың әрқайсысын қонаққа қызмет көрсету 
барысында осы үлгілі жиынтыққа ұмтылу керек. Кәсіби этика талаптарын 
қадағалау әдетке айналу үшін қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысы әр 
қадамын бақылау керек.
Байланыс аймағы жұмысшысы өз көңіл-күйін бақылау қажет. Нашар 
көңіл-күй келушілермен және қызметтестермен қатынасына әсер етпеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет