82
5.3. Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысының кәсіби тәртібінің
ерекшеліктері
Тәртіп туралы жалпы түсінік. Адам тәртібі – басқа адамдармен өзара
әрекеттескенде жүзеге асатын қылықтар жиынтығы. Ол оның қажеттіліктерін,
көзқарасын, темперамент және мінез ерекшеліктерін, жалпы тұлғалығын
сипаттайды. Бірақ адам тәртібіне оның темперамент типі, әрекет түрі ғана емес,
сол мезеттегі күйі де әсер етеді. Кейде сабырлы, байсалды флегматик аффект
күйіне түсіп, өз-өзін ұстамайтын холерикке айналады. Кейбір жағдайда
белсенді және мейірімді сангвиник өзіне сенімсіз, жабыраңқы болады. Тәртіпті
реттеуде эмоциялар мен сезімдер үлкен мәнге ие. Негізінен адам тәртібі өмір
жағдайымен, кәсіби еңбек ерекшеліктермен және т.б. анықталады.
Адам тәртібі күрделі, көп қырлы құбылыс, өз құрамында сөйлесу
ситуациясын бағалаудан, оның дамуын болжаудын және жауапты әрекет
құрудан тұрады. Қонақпен қатынасқа түсе отырып қонақ үй немесе мейрамхана
жұмысшысы бірқатар кәсіби-этикалық мәселелерді шешеді:
қонақ сұраныстары туралы өзінің хабардар болуын бағалау;
қонақпен байланыс орнату әдісін таңдау;
жалпы өз тәртібіңді анықтау.
Тәртіпте жеке қылықтардың құндылықтары көрініс табады. Қонақ үй
немесе мейрамхананың байланыс аймағы жұмысшысы өз тәртібін қонақтар
сенімін тудыру, өзіне қарататындай етіп орнату керек. Әсіресе аз мәдениетті
тұтынушыға қызмет көрсету кезінде өз тәртібін мұқият таңдау керек,
себебіонымен қатынасқанда күтпеген жағдайлар, даулы жағдайлар туындау
мүмкін.
Адам тәртібіне өмірде орындайтын белгілі-бір
әлеуметтік рөлдер үлкен
әсер тигізеді. «Рөл» түсінігі әртүрлі қоғамдық ұйғарымдарды (функцияларды,
әрекеттерді) орындау кезінде тұлғаның тәртібін сипаттау үшін қолданылады.
Әлеуметтік рөл – тұлғааралық қатынастар жүйесінде тұлғаның
позициясына (статусына) байланысты қабылданған нормаларға сәйкес келетін
тұлға тәртібі. Белгілі-бір әлеуметтік рөлді ойнау кезінде адам ресми құжаттарда
(нұсқаулар, лауазымдық міндеттер) болатын немесе дәстүрлермен, әдеп-
ғұрыппен бекітілген белгілі-бір бағдарлама бойынша әрекет етеді. Адам өз
әлеуметтік рөлін саналы, сол сияқты санасыз орындау мүмкін.
Әлеуметтік рөл – тұлға аралық қатынас жүйесінде оның позициясына
(статусына) байланысты қабылданған нормаларға сәйкес келетін тұлға
тәртібіні. Белгілі-бір әлеуметтік рөлді орындаған кезде адам ол ресми
құжаттарда (нұсқауларда, лауазымдық міндеттерде) болуы мүмкін белгілі-бір
бағдарламаға сәйкес әрекет етеді. Адам өз әлеуметтік рөлін саналы және
санасыз орындауы мүмкін.
Белгілі-бір әлеуметтік рөлді орындау белгілі-бір жеке сипатқа ие. Бұл
индивидуализация көп мөлшерде адам біліміне, бұл рөлді орындау ептілігіне ,
қоршаған адамдар күтіміне сәйкес келуіне байланысты.
83
Администратор мен қонақ - бұл әлеуметтік рөлдер. Әр жақтың өз алдына
өз рөлдерін сауатты орындау қызмет көрсету үрдісінде өзара қатынастың
жоғары мәдениетіне сәйкес келеді. Администратор мен қонақ бір-бірінен
белгілі-бір тәртіп күтеді және бір-бірінде белгілі-бір мінездерінің боуын
пайымдайды.
Мысалы, қонақ қонақ үйге орналаса бастағанда, оны жоғары білікті
жұмысшылар қарсы алады, тез, әрі мәдениетті қызмет көрсетеді деп ойлайды.
Тұтынушылардың бұндай сенімдерін біле отырып қонақ үйдің қызмет
көрсететін персоналы өз артықшылығын көрсетпеу керек. Өз жағынан қонақ үй
жұмысшылары қонақ өз тілегін нақты және анық айтқанын күтеді. Бірақ
барлық қонақтар оны істей алмайды. Сондықтан қонақ үй нөмірін таңдауда
қиындық туындаған қонақтарға қажет көмек көрсетілу тиіс.
Мейрамхана және қонақ үйде байланыс аймағы жұмысшыларының
шеберлік көрсеткіші мен табысты әрекетінің маңызды кілті кәсіби тәртібінде
көрініс табатын өз әлеуметтік рөлін епті орындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: