Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет49/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

 
 


77 
5. МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТІ 
5.1. Мейрамхана және қонақ үй сервисінің этикалық мәдениеті туралы 
түсінік 
Мейрамхана және қонақ үй сервисінің этикалық мәдениеті
мейрамхана және қонақ үй қызметкерлерінде қызмет көрсету кезінде көрінетін 
этикалық білімдердің моральді принциптерінің, дағдылар мен ептіліктің 
теңгерілген бірлігі. 
Этикалық мәдениеті мейрамхана және қонақ үй қызметкерлерінің 
келушілермен қатынасында моральді қалыптар мен құндылықтардың белсенді 
іске асуымен анықталады. 
Мораль туралы жалпы түсінік. Мораль адамдардың қоғамдық 
санасының бір түрі. Мораль адамдардың бір-бірімен және қоғаммен қатынасын 
реттейтін, сонымен қатар адамдар тәртібін бағалайтын қоғамда тарихи 
қалыптасқан принциптер, тәртіп нормалары (ережелері) жиынтығы. Оның 
зерттеу объектісі тәртіп нормалары мен принциптері болып табылады. Мораль- 
адам тәртібінің тарихи қалыптасқан нормалары мен принциптерінің жиынтығы. 
Бұл нормалар мен принциптер адам тәртібін, оның қылықтарын,басқа 
адамдармен өзара қатынасын реттеуге және бағыттауға арналған. Мораль 
қоғамдық өмірдің барлық жағына әсер етеді. Қоғам барлығына міндетті 
тәртіптің жалпы нормаларын тудырады. Осы нормаларды орындау жақсы 
тәрбиеленген,өзіне ғана емес, басқаларды да сыйлайтын адамдарға еш қиындық 
тудырмайды. Адамның жоғарғы ойлау мәдениеті,оның рухани байлығы оның 
басқа адамдарға қатысты қылықтарында,яғни тәртібінде көрініс табады. 
Мораль адам қоғамының даму барысында стихиялы қалыптасқан және 
жалпы қабылданған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып түрінде туындаған. Өз 
тегіне қатысты белгілі-бір міндеттерсіз, өзара көмексіз адам табиғат апаттарына 
қарсы тұра алмас еді. Мораль қоғамның тарихи даму өнімі ретінде көрінеді.
Адамдардың ортақ әрекеттерге бірігу қажеттілігі, әрбір адам тәртібінің 
қоғам мүддесімен сәйкес келу қажеттілігі мораль туындауға түрткі болды. 
Осыдан моральдің тағайындалуы – тұлға мен қоғам арасындағы қарама-
қайшылықтарды жою. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет