Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет11/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

2. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
2.1. Сервис туралы түсінік 
 
Сервискең араған әрекет түрі. Қарапайым қызметтер күнделікті өмірде 
біреуге көмектесу, пайдалы мәлімет беру және т.б. аса білім мен дайындықты 
қажет етпейді. Бірақ ежелден арнайы білім мен дайындықты қажет ететін 
күрделі, кейде қымбат қызмет көрсететін адамдар мен ұйымдар болған. ХХ 
ғасырда ірі көлемді әрекет саласына айналды. Қазір  аса өндірістік дамыған 
елдер әлемдік қызмет көрсету нарығының қатысушысы болып табылады.
Толығырақ жіктеу бойынша сервис әрекетіне тұрмыстық қызметтер, жүк 
және жолаушы тасымалы, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, білім 
беру, мәдениет жүйесінің қызметтеру, туристік-экскурсиондық қызметтер, 
физикалық мәдениет және спорт қызметтері, медициналық, санаторно-
сауықтыру қызметтері, құқықтық қызметтер.
Сервис жеке адамдарда, әлеуметтік топтарда немесе ұйымдарда 
сұранысқа ие қызмет көрсету жолымен тұтынушы қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған әрекет түрі. 
Сервисті анықтауда үш негізгі түсінік қолданылады: әрекет, қажеттілік 
және қызмет. Осы түсініктерді ашып көрсету сервистің не екенін және қай 
түрде ол жүзеге асатынын тереңірек айтуға мүмкіндік береді. 
Сервис - әрекет ретінде.Қызмет көрсету саласына немесе сервис әрекетіне 
экономиканың ірі секторлары: сауда, қаржы, көлік, денсаулық сақтау, ойын 
сауықтыру және спорт индустриясы, сонымен қатар ғылым, білім және басқару 
саласы жатады. Бұдан нақтырақ жүзеге асу саласы бойынша сервис түрлері: 
 тұрмыстық қызмет; 
 жүк және жолаушы тасымалы, байланыс; 
 тұрғынұйкоммуналды қызмет; 
 білім беру, мәдениет, туристік қызмет; 
 физикалық мәдениет және спорт, медициналық, саноториялық сауықтыру 
қызметі; 
 құқықтық қызмет. 
Сервис қызметінің мазмұнын түсінуге негізінде адам әрекетінің басты 
түрлері (материалды түрлену, тану, құндық бағыттық және коммуникативтік) 
жатқан жіктеу көмектеседі. 
Материалды

түрлену әрекетіадамның табиғатты өзгертуі, қоршаған 
заттарды құру, сонымен қатар қоғам мен адам организмін түрлендңру. Бұл 
салада сервис адамдардың материалды қажеттіліктерін қанағаттандыру 
бойынша қызметтерден тұрады. Мысалы, арнайы тапсырыспен заттар жасау, 
тауар тасымалдау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. 
Тану әрекеті адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған және білім не мәлімет беруді қажет етеді. Бұған білім беру қызметі 
жатады. 


17 
Құндық

бағыттық әрекет түрін көбіне тану әрекетімен шатастырады. 
Бірақ олардың арасында айырмашылық бар. Тану мақсатынақты бар табиғи 
және әлеуметтік құбылыстарды объективті көрсету. Құндық бағыттық әрекет 
мақсаты осы құбылыстардың адамға деген маңызын орнату, оған баға беру. 
Құндық бағыттық ірекет саласындағы сервис жарнама, сараптама, 
психодиагностика, имиджмейкер қызметі, сурет рәсімдеу әрекеті, діни 
сипаттағы әрекет арқылы жүзеге асады.
Коммуникативтік әрекет жеке адамдар және (немесе) ұйымдар арасында 
қатынасуды (коммуникацияны) қйымдастыру. Бұл бағытқа презентация, 
кездесу, конференция, көрме ұйымдастыру, Интернет арқылы сөйлесу, бір 
тілден, екінші тілге аудару, психологиялық тренингтер жатады. 
Сервис – қажеттілік ретінде. Кез-келген қызмет көрсету әрекеті 
тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Қажеттілік өте 
күрделі құрылымды. Онда екі басты компонент- объективтілік пен 
субъективтілікті атап көрсетуге болады.
Қажеттіліктегі объективтілік – бұл адамның сыртқы табиғи және 
әлеуметтік ортадан және оның организмінің қасиеттерінен нақты тәуелділік. 
Бұған ұйықтау, тыныс алу, тамақтану және басқа негізгі биологиялық 
қажеттіліктер және басқа да күрделі әлеуметтік қажеттіліктер жатады. 
Қажеттіліктегі субъективтілік – субъектпен анықталатын, оған тәуелді, 
қажет нәрсе. Субъективті компонент – адамның объективті қажеттіліктерін 
түсіну. 
Қажеттіліктің объективті және субъективті компоненттерінің арасындағы 
байланысты ескеріп, мынандай анықтама беруге болады.
Қажеттілік – қолда бар және қажеттілік арасындағы қарама-қайшылық 
негізінде құрылатын және осы қайшылықты жоюға әрекет етуге итермелейтін 
адам күйі. Сервис қызметі осы қайшылықты шешу әдісінің бірі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет