22
Қонақ үйлерде ұсынылатын қызметтер негізгі және қосымша болып
ажыратылады. Олар тегін немесе ақылы болуы мүмкін.
Негізгі қызметтере орналастыру және тамақтану жатады. Қонақ үйге
келуші және кететін тұрғындарын рәсімдеу тәулік бойы жүргізілу керек.
Орналастыру қызметінің мәні біріншіден, арнайы бөлмелерді (қонақ үй
нөмірлерін) қолданысқа беру,
екіншіден, тікелей қонақ үй персоналымен:
қонақтарды қабылдау және рәсімдеу жөнінде портье, нөмірлерді жинау
жөнінде горничная және т.б. орындалатын қызметтер ұсыну болып табылады.
Қонақ үй нөмірлері орналастыру қызметінің
негізгі элементі болып
табылады. Бұл тұрғындардың демалуына, ұйықтауына,
жұмыс істеуіне
арналған көп функционалды бөлмелер. Қонақ үйлерде ауданымен,
жиһаздарымен, жабдықтармен, жабдықталуымен және т.б.
ерекшеленетін
әртүрлі категориялы нөмірлер бар. Бірақ категориясына тәуелсіз әрбір қонақ үй
нөмірінде төмендегідей жиһаз бен жабдықтар болу керек:
төсек;
бір орынға шаққанда орындық немесе кресло;
бір төсекке шаққанда түнгі үстел немесе тумбочка;
киім ілуге арналған шкаф;
жалпы жарықтандыру;
қоқыс салуға арналған себет.
Сонымен қатар әр нөмірде қонақ үй туралы мәлімет және өрт туындау
жағдайында эвакуация жоспары болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: