Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана бизнесі концепциясының дамуына әсер ететін негізгі



Pdf көрінісі
бет26/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101
Мейрамхана бизнесі концепциясының дамуына әсер ететін негізгі 
аспектілер. Жұмыстарды ұйымдастыру және құрастыру кезінде нақты толық 
жазылған концепцияның болуы аса маңызды. Концепцияда келесі аспектілер 
болуы керек: 
1) мейрамхананың тауарлық маркасын құрастыруға қойылатын талаптар 
2) сыртқы безендіруді ұйымдастыру принциптері;
3) дизайн, интерьер стилі;
4) жиһаз;
5) персоналға қойылатын талаптар;
6) персонал униформасы;
7) мәзір;
8) логистика;


43 
9) жабдықтаушылармен жұмыс;
10) баға құрау принциптері;
11) жарнама-маркетингтік шараларды ұйымдастыру; 
Бұл кезеңдер мейрамхана бизнесінде концепция табысының негізі 
болғандықтан, әрқайсысында өте күрделі, өте жауапты жұмыс жүргізіледі.
3.2. Қонақ үй бизнесінің концепциясы 
Клиенттердің қонақ үй қызметтеріне қажеттіліктері әртүрлі. Аса маңыздысы қонақ 
үйдің техникалық жабдықталуы; бөлмелердің өлшемдері мен орналасуы (тұрғын және 
тұрғын емес); тігінен коммуникациялар (баспалдақтар, лифттер); инфрақұрылым 
(жылыту, су құбыры, канализация, желдету, теле және радиобайланыс, теледидар, 
ақпараттық байланыс); өндірістік және қызмет көрсету кәсіпорындарының болуы 
(мейрамхнан, кафе, конференц зал, асхана, кір жуу, бассейн, сауна, тренажер залы) және 
т.б. болып табылады.
Қонақ үй ерекшеліктері қонақ үй қызметтерін тұтынатын нарық сегментінің 
талаптарына сәйкес болу керек.
Қонақжайлық индустриясы бірқатар факторлар әсерінен дамиды, оларды екі топқа 
бөлуге болады –сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар қоақжайлық индустриясының 
әрекетімен байланысты емес қоршаған құрамдас бөліктердің әсерімен анықталады. Ішкі 
факторлар тікелей қонақжайлық индутриясы кәсіпорындарының ұйымдастыру және 
қызмет ету ерекшеліктерімен байланысты. Сыртқы факторларға: саяси-құқықтық
саяхаттау қауіпсіздігі, экономикалық және қаржылық, мәдени, инфрақұрылымдық-
экономикалық, демографиялық, сауданың дамуы, жаңа және заманауи технологиялар 
жатады.
Саяси-құқықтық факторлар. Егер мемлекет туристік саланың дамуына мүдделі 
болса, ол қонақжайлық индустриясы дамуының жалпы концепциясында, туризм мен 
қонақ үй шаруашылығының дамуын басқаратын және реттейтін заңды және нормативті 
актілерді қабылдауда, сонымен қатар орналастыру инфрақұрылымының дамуы, қонақ 
үйлерді салу және қонақжайлық индустриясының дамуы жөнінде қаржылық –
экономикалық шараларында көрінеді.
Саяхаттау қауіпсіздігі факторы. Туризмнің дамуына қарай қауіпсіздік мәселелері 
үлкен орын алады. Әртүрлі ел туристері үшін қонақтарды күтуге мүдделі ел үкіметінен 
демалу орындарында, ораластыру жерінде және көлікте туристер өмірі мен 
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды жүзеге 
асыруды күту қалыптасқан. Сапар шегушілер баратын елдердегі орналастыру 
орындары мен қоғамдық тамақтандыру жағдайларының санитарлық жағдайының күйін 
алаңдаушылық танытады.
Экономико-қаржылық 
факторлар
Қонақжайлық 
индустриясына 
макроэкономикалық, сол сияқты микроэкономикалық факторлар әсер етеді. 
Макроэкономикалық тұрақсыдық, жұмыссыздықтың өсуі және инфляция қоғамды 
біршама алаңдатады, бұның барлығы халықтың туристік сапарлардан бас тартуына 
алып келеді. Туризмнен түсетін табыстар ВВП үлкен үлесін құрайтын елдерде 


44 
инвестициялар жаңа қонақ үйлер салуға және туризмнің инфрақұрылымын жақсартуға 
бағытталады.
Туристік қызметтерге баға деңгейі демалу орнын таңдауды анықтайты маңызды 
фактор болып қарастырылады. Туризм үшін қаржылық реттеу мәселелерінде валюта 
курсы, валюта алмастыру қарапайымдылығы мен жетімділігі аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет