57
Есте сақтау
механикалық немесе
мағыналы болуы мүмкін.
Даяшыға, аспазға, барменге, есінде көп ақпарат сақтау керек: тағамдар мен
сусындар рецептісі, олардың дәмдік ерешеліктері, бағасы, дастарқан жаюдың
әр түрлі тәсілдері және т.б.
Механикалық түрде, яғни қайталау арқылы бұл мәліметтерді есте сақтау
қиын. Мағыналық есте сақтауда көбірек есте сақталады, ол белсенді ми
жұмысы, ой-өрісті кеңейту арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде санада жаңа
байланыстар түзіліп, олар жеңіл бекітіледі. Кәсіби қажетті ақпаратты есте
сақтау кезінде өз кәсібіне қызығушылық, біліктілікті жоғарылатуға ұмтылу ,
сонымен қатар материялды етимулдар үлкен рөл ойнайды.
Еске түсіру
ерікті (еске түсу үшін біраз ойланады) және
еріксіз (өздігінен
еске түседі) болуы мүмкін.
Естің бірнеше типі болады.
Көрнекті- бейнелі- елестету мен бейнелерге ес. Бұндай типі бар адамадар
өз санасында заттардың бейнесін, пішінін , иісін, дәмін дәл сипаттап еске түсіру
мүмкін. Бейнелі ес көру, есту ,сезу, иіскеу, дәм сезу иәстері болуы мүмкін.
Эмоционалды- сезімдерді есте сақтау. Мысалы, метрдотель, даяшы,
бармендер саудалық залда туындаған дауларды есте сақтап , осы оқиғаға
қатысты эмоционалды күйлерді де жақсы есте сақтайды. Оң немесе теріс
сезімдермен байланысты өткен тәжірибе туралы ес ұзақ сақталады. Бұл қызмет
көрсететін персоналға теріс эмоциялармен қатысты оқиғаларды болдырмау
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қозғалу есі - бұл қозғалыстарды есте сақтау. Мысалы, даяшы үшін
патноспен жұмыс істеу немесе тасып тағамдарды ұсыну кезінде жұмыс тәртібін
қадағалау үшін қолданылады.
Сөйлеу- логикалық (мағыналық) - сөздердің санағы әсер етумен туындаған
ес. Бұл ес типі бар адам сөйлеу арқылы хабарламаны жеңіле есте сақтайды
және еске түсіреді. Даяшы тапсырысқа берілген тағамдардың атын жазып алса
да, қонақтың ауызша айтқан тілектерін есте сақтау керек.
Яғни ес адамның белгілі бір уақытта есте сақтай алатын заттар мен
факттер сонымен, яғни көлемімен; еске түсіру дәлдігімен; жылдам есте сақтай
алуымен; оны ұзақ уақыт сақтауымен; қажет нәрсені тез еске түсірумен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: