Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет3/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

 



КІРІСПЕ 
Біздің елімізде соңғы он жылдықта қонақжайлық индустриясына көп көңіл 
бөлінуде. Қызмет көрсету  кең тараған әрекет түрі. Қарапайым қызметтер  
күнделікті өмірде біреуге көмектесу, пайдалы мәлімет беру және т.б. аса білім 
мен дайындықты қажет етпейді. Бірақ ежелден арнайы білім мен дайындықты 
қажет ететін күрделі, кейде қымбат қызмет көрсететін адамдар мен ұйымдар 
болған. ХХ ғасырда ірі көлемді әрекет саласына айналды. Қазір  аса 
өндірістік дамыған елдер әлемдік қызмет көрсету нарығының қатысушысы 
болып табылады.
Қызмет көрсету мәдениеті – жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Бұл 
күрделі, көп қырлы түсінік. Қызмет көрсету мәдениеті – халыққа 
психологиялық, этикалық, эстетикалық, ұйымдастырушылық-технологиялық 
және басқа аспекттерде қызмет көрсету үрдісінің жетілу деңгейі (даму деңгейі). 
Қызмет көрсету мәдениетінің барлық аспекттері өзара тығыз байланысты 
және өзара тәуелсіз. Тар мағынада қызмет көрсету мәдениеті сыпайылық 
ережелер жиынтығы деген түсінігі қалыптасқан.
Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы турфирмалар, қонақ үйлер, қонақ үй-
туристік кешендер, мейрамханалар қонақтар мен туристер қажеттіліктерін 
қанағаттыруды негізге алады, ал содан кейін ғана өз табысын арттыруды 
қарастырады. Бұл мақсатқа жетуде қонақтарымен тікелей жұмыс істейтін 
қызмет көрсету персоналына үлкен орын бөлінеді. Кәсіби шеберлік, эстетика, 
этика және жалпы қызмет көрсету мәдениеті көзқарасынан жоғары талаптар 
кәсіпорынның барлық жұмысшыларына қойылады. Бұл жағдайда кешен 
қызметкерлері қонақтарды (туристерді) шақыруда үлес қосып, олардың тілегін 
айқындап қана қоймай,олардың күтімін асып түсу үшін барлық қажеттіні жасау 
керек.
Басқа экономика салаларына қарағанда қызмет көрсету бизнесі үшін көп 
мөлшерде адаптация факторларының маңызы зор. «Адаптацияланған ұйым» 
түсінігі кәсіпорынның сыртқы жағдайлар өзгерісіне тез, әрі тиімді әсер ету 
қабілеті, бәсекені жеңу қабілеті, нарықта өз орнын табу дегенді білдіреді. 
Қызмет көрсету нарығында сұраныс пен ұсыныстың өсуі, жаңа 
концепциялардың туындауы мен дамуы кәсіпорын құрылымының өзгеру 
қажеттілігін, персонал жұмысы принциптерінің жетілдіруін қажет етеді. 
Осының барлығы қонақтарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін 
қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның жемісті қызметі клиенттерді келтіру және тұрақтандыру 
дәрежесіне байланысты. Бұл мәселені шешу көптеген құрамдастарға: ас мәзірі, 
аспаздық, интерьер музыка, қызмет көрсету мәдениетінің деңгейі, персоналдың 
сыртқы түрі, оның корпоративті этика нормаларына, яғни қызмет көрсету 
мәдениетіне сәйкес мінез-құлқы және т.б. тәуелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет