Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


  ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

1. 
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
Қосымша туристік ағындарды шақыру мақсатында әрбір туристік аймақ 
туристер үшін ең жақсы демалу және саяхаттау үшін ең жақсы жағдайлар 
құруға тырысады. Бұнда маңызды орынды әртүрлі масс-медиа құралдарында 
туристік өнім туралы ақпарат жетімділігі алады.
XX ғ. туризм ең маңызды әлеуметтік құбылысқа айналды. Халықтың 
туристік қызметтерне шығындары бірқатар елдерде тамақтану және тұрғын ұй 
шығындарынан кейін үшінші орында тұр.
Сыртқы және ішкі туризм саласында қонақ үй сервисі туристер үшін 
қызметтер 
кешенінен 
тұрады 
және 
Қазақстанда 
туризмнің 
даму 
перспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Туристік қызметтер, соның ішінде қонақ үй қызметтері әлеуметтік-мәдени 
қызметтерге жатады. Олар заманауи қонақжайлық принциптеріне негізделеді, 
бұл оның отандық туризмнің дамуындағы орнын жоғарылатады және қонақ үй 
сервисі үшін кадрларды дайындау жүйесінде белгілі бір мақсаттарды қояды.
Орналастыру – туризмнің басты элементі. Қонақ үй индустриясы – 
қонақжайлық жүйесінің мәні. Ол адам тарихындағы ежелгі дәстүрлерден – 
қонақты сыйлау, оны қабылдау салтанаты және қызмет көрсетуден туыдаған.
Орналастыру құралдары мен жүйелері – сервис деңгейі әртүрлі уақытша 
қонақтарды қабылдауға арналған әртүрлі типті және түрлі ғимараттар.
Қазірде 
қонақжайлық 
индустриясы 
әртүрлі 
коллективті 
және 
индивидуалды орналастыру құралдарынан тұрады: отель, қонақ үйлер, мотель, 
жастар хотелі және жатақханалары, апартаменттер, туристік приюттар
сонымен қатар туристерді орналастыруға арналған жеке секторлар.
Ең қызығушылық тудыратын және маңызды көрсету нысандары 
республиканың оңтүстігінде орналасқан: Түркістан, Отырар, Баба-ата, 
Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке, Талғар, Қойлық (Талдықорған). 
Көптеген мәселелер шешілу үстінде, бірақ әлі көп мәселелерді шешу 
керек. Қазіргі күні Қазақстанда барлық қажетті атрибуттармен- жарнама, 
саудалық қызметтер, көлік, орналастыру, тамақтану, байланыспен қамтамасыз 
ету және т.б. жабдықталған біртұтас туризм жүйесі жоқ.
Соған қарамастан Қазақстан туристік жағынан қызығушылық тудыратын 
ел. Республиканың бай тарихы, сирек материалды тарихи ескерткіштер, өзіндік 
мәдениет, саяси тұрақтылық, республиканың қарым-қатынастарға дайындығы – 
осының барлығы туристік индустрияның дамуына итермелейді.
Қазақстан Республикасының туристерді шақыру және демалысты 
ұйымдастыру үшін климаттық, табиғи және басқа жағдайлары бар. Бірақ ол 
үшін төмендегілерді жақсарту жұмыстары жүргізілу керек: 
қызмет көрсету саласының сервисі; 
жолдар сапасы мен өткізу қабілеті; 
көлік құралдарын техникалық қызмет көрсету сервисі; 
туристік кәсіпорындар мен қонақ үй шаруашылығының 
материалды-техникалық базасын дамыту



туристік базаларда, қонақ үйлерде, мейрамханаларда қызмет 
көрсету сапасы; 
мәдени және спорттық шаралардың, ойын-сауық шоулардың 
бағдарламасын кеңейту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет