138
Мейрамхана және қонақ үйдің терезе витриналары маңдайша жазуды
толықтырып, онымен бірге бір композиция құрайды. Витриналарды безендіру
Мейрамхана және қонақ үй профилін айқындап, ғимарат индивидуалдылығы,
оның аспаздық ерекшелігі туралы хабарлау керек.
Жарнамаға әртүрлі
сувенир өнімдерін, мысалы мейрамхана және қонақ
үйдің фирмалық тауарлық белгісі бар тегін таратылатын қымбат емес
сыйлықтарды жатқызуға болады. Бұл күл салғыштар, миниатюрлі подностар,
Мейрамхана және қонақ үй эмблемасы бар бокалдар болуы мүмкін.
Көптеген
Мейрамхана және қонақ үйлерда сувенир ретінде көрнекті безендірілген ас
мәзірі карточкалары таратылады. Тағамдар тізімі мен бағасынан басқа,
Мейрамхана және қонақ үйдегі қызмет көрсету ерекшеліктері, дәстүрлері,
фирмалық тағамдарға қатысты қызықты тарихи және басқа экскурстардан
тұруы мүмкін.
Мейрамхана және қонақ үйдің әртүрлі конкурстарға, көрмелерге және т.б.
қатысу маңызды жарнамалық мәнге ие. Мысалы, аспаздар,
байланыс аймағы
жұмысшысылар, бармендер арасындағы конкурстар. Бұндай шаралар персонал
біліктілігін арттырумен қатар, өте жақсы жарнама құралы болып табылады.
Қазіргі заманғы мейрамхана және қонақ үй алдында оны басқа
Мейрамхана және қонақ үйлер арасында ерекше ету, клиенттерді шақыру,
оларды тұрақты қонақ ету мәселесі тұр. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы
жарнама шаралары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: