Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата31.12.2016
өлшемі6,89 Mb.
#877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

50 
Г31
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ  ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОЭКОЛОГИЯ
5В060800 - Экология, 5В060900 - География
мамандыктарының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы
Павлодар

Қ азакстан  Р е с п у б л и к а с ы н ы ң  Б ілім   ж эн е  ғы лы м   м и н и сгрлігі 
С.  Т о р ай гы р о в  аты н д ағы  П ав л о д ар   м ем л ек еттік  ун и верси теті 
Х и м и ял ы к  те х н о л о ги я л а р  ж эн е  ж ар аты л ы стан у   ф акультеті
Г ео гр аф и я  ж эн е  ту р и зм   к аф ед р асы
■ І
ГЕОЭКОЛОГИЯ
5 В 0 6 0 8 0 0  -  Э к о л о ги я,  5 В 0 6 0 9 0 0  -  Г ео гр аф и я
м ам ан д ы қ тар ы н ы ң  сту д ен ттер ін е  ар н ал ган   о қ у -эд істем ел ік
құралы
П авл о д ар
Кереку
2014

(9
ӘОЖ 504.03(07) 
КБЖ 2 0.1 я7 
Е87
С. Т о р ай ғы р о в аты н д ағы   П авлодар іиемлекеттік уііііверснтетш іц 
Х и м и ялы к техн ол оги ялар жәнс ж ар аты л ы стан у   ф акультетініц
оку-әдістем елік ксцссімен басуға у сы н ы л д ы
П ікір сар ап ш ы лар :
Қ. 
Қ. 
Ахметов 
-  
биология 
ғылымдарының 
докторы, 
С.  Торайғыров  атындагы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің
профессоры;
Г.  К.  Сатыбалдиева  -   биология  гылымдарының  кандидаты, 
әл-Фараби  атындагы  Қазақ  Үлттық  Университетінің  биология  жәие 
биотехнология  факультетінің  биоалуантүрлілік  және  биоресурстар 
кафедрасьшың профессор м.а.
Қ ур асты ру ш ы  Д. Д.  Есимова 
Е87  Геоэкология  :  5В060800  —  Экология,  5В060900  —  География
мамандықтарының 
студенттеріне 
арналган 
оқу-әдістемелік
құралы / құраст. Д. Д. Есимова. И Павлодар  :  Кереку, 2014. -   115  б.
Бұл  оқу-әдістемелік  құралында  геоэкологияның  теориялық 
негіздері  мен  әдістемелік  ұстанымдары  келтірілген,  табиги  ортаның 
элементтері  -   литосфера,  гидросфера,  атмосфера  және  биосфера 
антропогендік үдерістерді  есепке ала отырып  қарастырылган.  Адамзат 
қогамы  мен  оны  қоршаган  табиги  орта  арасындагы  өзара  қатынасқа 
ерекше  көңіл бөлінген.  Ғаламдык проблемалар, сонымен  катар  климат 
өзгерістерінің  әсерінеи,  техногенез  сапдарынаи  тіршілік  ортасының 
бүлінуінің  өңірлік  мәселелері  туралы  мэліметтер  берілгем.  Оку 
кұралы 
экология, 
география 
багыты 
бойынша 
мамандык
студенттеріне арналган.
Ч  
& Ч
 
ӘОЖ 504.03(07) 
Р  
'  
/  
КБЖ 20-1 я7
© Есимова Д. Д., 2014 
© С. Торайгыров атындагы ПМУ,  2014
Материалдын дұрыс болуына, граммагикалмк және орфографиялык 
кателерге авторлар мен күрастырушылар жауапты

Кіріспе
Қазіргі 
уақытта 
экологиялық 
мәселелер 
халықаралық 
басымдылықта  маңызды  орынга  ие  болып  отыр.  Қоршаган  ортага 
түсетін  жергілікті  жердегі  шагын  жүктеменің  өзі  бүкіл  галамга  әсер 
ететінін адамзат сезіне бастады.
Адам  әсерінен  болатын  қауіпті  үрдістер  бүкіл  геосфераны  және 
геожүйені  қамтыды.  Экожүйелерге  төнген  қауіп  күннен-күнге 
ұлгаюда.  Бул  жағдай  әсіресе,  табиғи  жағдайы  нашар  әрі  әлеуметтік- 
экоиомик&яық артга қадган аймаугарда басым болыд отыр.
Техногездсздің табщи жүіедерге эсер еістія күішшң ауқымының 
үлкендігі  соншалық,  олардың  өзін-өзі  қалпына  келтіру  қабілеті 
нашарлауда.
Сондықтан  да  экологиялық  және  географнялық  білімнің  әрбір 
адамга  қажеттілігі  туьшдап  отыр.  Оның  маңыздылығы  өмірдегі  өз 
орнын  таба  білуде,  белгілі  бір  мақсатты  таңдау  арқылы  таңдаган 
кәсіби болашақ қызметімен (географ, эколог мамандары) байланысты.
География  бүкіл  тарихы  барысында  қоғам  мен  географиялық 
ортаның  арақатынасы  туралы  ғылым,  яғни  қогам  экологиясы  болып 
келді. 
Қазіргі 
кезеңдегі 
техниканың, 
технологияның 
дамуы, 
демографиялық  дүмпу,  табиғи  ресурстарды  пайдалану  қарқынының 
күрт  артуы  көптеген  келелі  мәселелерді  туындатты.  Осы  көптеген 
ресурстық,  экологиялық  мәселелер  саяси,  басқару  және  танымдық 
жағынан  жанаша  шешімдерді  қажет  ететін  ғаламдық  мәселелерге 
айналды,  барлық  ғылым  салалары  экологияландырылуда  деп  айтуға 
болады.  Экологияландыруға  байланысты  география  мен  экология 
арасынан 
«жаңа», 
бірақ 
«байырғыдан» 
туындаған, 
қоршаған 
географиялық орта  мен  ондағы  тіршілік  иелеріне  адамзат қоғамының 
әсері мен оның салдарын зерттейтін геоэкология бағыты қалыптасты.
Г еоэкология 
физикапық-географиялық 
ортаның 
әртүрлі 
ландшафт  қүрылымдары  мен  биотаның  тіршілігі  мен  динамикасын 
зерттейтін  географиялық  және  биологиялық  ғылым  ретінде  дәстүрлі 
биоэкологиялық 
бағыттармен 
-  
даралар 
экологиясымен 
(аутэкологиямен),  популяциялық  экологиямен  (демэкологиямен),  түр 
экологиясымен,  қауымдастьпсгар  экологиясымен  (синэкологиямен) 
және  биосфера  экологиясымен  жымдасып  кетті  жэне  иерархиялық 
жағынан биосфера экологиясы алдына орналастырылды.
Геоэкология  -   биота  мен  физикалық-географиялык  ортаның 
әртүрлі  мөлшердегі ландшафт бірліктерінің өзара  қатынастарын  және 
өзара 
әрекеттесуін 
зерттейтін 
ғылым. 
Әртүрлі 
ландшафт 
бірліктеріндегі  биота  мен  физикапық-географиялық  ортаның  өзара
3

қатынастары  мен  өзара  әрекеттесуін  салыстыруға  болмайды,  бұл 
аракатынас  пен  әрекеттестіктерде  антропогендік  тірліктің  әсері  мол 
екені 
айкын.  Жалпы, 
геоэкологияның  аукымды  әрі  саналуан 
анықтамасы  бар,  сонымен  қатар  мазмүны  бойынша  да  біржакты
көзқарас  жоқ.  Геоэкологияның  теориялық  негіздері  әлі  де  толық
қарастырылып бітпегенін мойындауга тиіспіз.
Мысалы,  әр таксономиялық деңгейдегі  геожүйелердің кеңістіктік 
шегін  айқындау  қажет.  Сонымен,  геоэкология  немесе  ландшафт 
экологиясы  шығу  тегі  бір  қауымдастықтардың  белгілі  бір  белдемдік- 
климаттық  жагдайдагы  тіршілігі  мен  әрекеттестіктерін  (зат  алмас>', 
өнімдік-деструкциялық  үрдістер,  табиги  динамика  және  сырткы 
әсерге  төзімділік,  энергия  мен  ақпарат  беру  т.т.)  және  табиги 
жүйелердің 
антропогендік 
(техногендік) 
жүйеге 
ауысу 
заңдылықтарын зерттейді.
Ауқымды  мәнде  алатын  болсақ,  геоэкология  Жердің  барлык 
экологиялық  проблемаларының  басын  біріктіретін  пәнаралық  бағыт, 
сонымен  қатар  табиғи  орта  мен  Жердегі  тіршілікті  сақтау  мақсатына
қызмет  ететін 
географиялық, 
биологиялық  және 
геологиялық 
ғылымдардьщ  триумвираты.  Жер  жүзінде  гео-,  эко-  және  әлеуметтік 
жүйелердің 
элементтері 
тоғьісады, 
әрі 
әрекеттеседі. 
Олар 
эрекеттестікте 
болатын 
осы 
кеңістік 
геоэкологияньщ 
зерттеу 
нысанына жатады.
Үсынылып  отырған  геоэкология  оқу-әдістемелік  құралының 
міндеті  геоэкологияның  география  мен  экология  мамандыктарьшда 
оқитын  студенттер үшін  биоэкологиялық пәндер  қатарындағы  ерекше 
орнын  айқындау, ландшафттың  құрамдас бөліктеріне  сипаттама беру, 
табиғатты  пайдаланудағы  геоэкологиялық  мәселелерді  шешудің 
әдістерін,  әдістемелерін,  теориялық және  практикалық ұстанымдарын 
баяндау. 
.. 
” 
|  
8
4

Адам  әрекетінің  қоршаған  табиғи  ортамен  байланысының  түбірі 
терең 
көнелікте 
жатыр, 
адам 
отты 
бағындырып, 
үңгірлер 
орналастырды  және тас  құрал-саймандар  арқасында  тегіс  және  орман 
кеңістіктерді  меңгерді.  Жіңішке  тас  ғасырда  сол  уақытта  өзі  тірі 
қалуын  ойлаған  адам,  тұңғыш  шыққан  көріністерге  икемделіп, 
географиялық  және  геологиялық  ортаға  негативтік  эсер  корсетті. 
Ғасырлар бойы  адам техникалық қаруланып,  табиғаттың  геологиялык 
процестеріне,  жер  бетіне  және  литосфераның  жоғарғы  болімдеріне 
эсер етгі.
Геэкологияның  тарихы  терең  емес,  бірақ  оның  түп  тамырлары 
ежелгі  кезеңдегі  адамның  жер  бетін  игеру,  ландшафттарды  озгерту, 
жер  шаруашылығын  жүргізу,  құрылыс  қол  өнер  жэне  пайдалы 
казбаларды  пайдалану  кезеңдеріне  кетеді.  Осы  ұзақ  10  мың  жылга 
созылған  уақыт  кезеңіндегі  жиналған  білімдер  «Геоэкология» 
құбылысының пайда болуына алып келді.
Ең  алғаш  рет  геоэкология  ұғымын  1939  жылы  К.  Тролль 
колданған. Сол уақыттан бері ұғымның мазмұны өзгеріп, ұлгайды.
ХХғ.  ортасында  «геоэколоғия»  терминін  географиялық  және 
геологиялык өкілдермен  қатар,  әлеуметтік ғылым  өкілдері де  қолдана 
бастады,  сондықтан  да  бұл  термин  еркін  түрде  қолданылатын 
терминге  тез  ауысты.  Оны  кез  келген  зерттеулер,  тіпті  заңды 
бағыттағы,  немесе  табиғат  қорғау  мәселелерді  зерттеу  кезінде  де 
қолдана бастады.
Геоэкология  —  экосфераны  оның  қоғаммен  озара  әрекеті 
үрдісінде  геосфераның  өзара  байланысты  жүйесі  ретінде  зерттейтін 
пәнаралық ғылым бағыт.
Геоэкология толық Жер шарын емес, оның салыстырмалы түрдегі 
геосфералар 
(атмосфера, 
гидросфера, 
литосфера, 
биосфера) 
киылысатьін  және  адамзат тіршілік ететін  жұқа беткі  кабығымен  гана 
байланыста  болады.  Осы  кешенді  кабықтың  бірнеше  атауларының 
ішінде  экосфера  түсінігі  оның  мэнін  толық  ашады,  сондықтан  ең 
лайықтысы болып табылады.
Экосфера  геосфера  мен  қоғамның  ғаламдық  ықпалдасуын 
көрсетеді. Ол геоэкологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Басқа  бағытты  жақтаушылар,  геоэкологияны,  геосфераның 
экологиялық  қасиеттері  мен  мэселелері  жөніндегі  барлық  ілімдер 
біріккен,  жер  туралы  пәнаралық  бағыт  ретінде  қарастырады.  Бұдан, 
бұл  түсінік  бойынша,  геоэкологияның  зерттеу  нысаны  мен  пәні 
географиялық  қабык  болады,  оған  геологиялық  орта  да  кіреді.
1  Геоэкология  пәні, оның мақсаттары  мен  міндеттері
5

Осылайша,  геоэкология  геосфераның  экологиялык  функцияларын 
қарастырады,  ягни  геосфералардың  экологиясы  болады.  Мұндай 
түсінікте,  геоэкологияны  атмосфера  экологиясына  (метеоэкология), 
гидросфера  экологиясы,  немесе  гидроэкологияга  (құрлык  суларының 
экологиясы 
мен 
дүние 
жүзілік 
мүхит 
экологиясы), 
топырақ
экологиясына  (педоэкология),  литосфера  экологиясына  (геологиялық 
ортаның) бөлу ге болады.
Г еоэкологияны ц  әд існ ам алы қ  неіізі  —  атмосфера-гидросфера-
биосферамен-техносфераны 
зерттеумен 
тыгыз 
байланыста гы
коршаган  ортаны  зерттеудегі  жүйелік  сараптау  мен  көп  факторлы
(синергетикалық)  багыт  болып  саналады.  Геологияны  зертеудің
функционалды 
бірлігі  -  
геоэкологиялық 
жүйелер 
Осылайша,
геоэкологиядағы  иерархиялық 
жүйелер,  биоэкологиядагы  секыді 
тәртіппен құрылады.
Геоэкологиялық  зерттеулердің  соңгы,  қорытынды  шешімдері  аса 
маңызды  болып  табылады;  олар  қоршаған  ортаны  тиімді  әрі  ұқыпты 
пайдалануга  жэне  медико  -  биологиялық  ақпараттардың  кеңейтілуіне 
әкеледі.  Бұл,  сәйкестік  карталау  кезінде,  ауру  ошактарын  аныктап, 
оларды геоэкологиялык жагдайлармен түзетуге мүмкіндік береді.
Г еоэкология 
—  экологиялық 
заңдар 
мен 
заңдылықтарды 
ландшафтық  зона,  облыс,  провинция  сиякты  жогары  иерархиялык 
рангтагы  табиги  және  табиги-антропогендік  геожүйелерді  зерттеуге 
пайдалануга  негізделген  кешенді  гылыми  пән.  Бұл  географиялық 
гылымның 
негізгі 
мақсаты 
— 
түрлі 
табиги-антропогендік 
ландшафттардагы адам өмірінің экологиялық жагдайын зерттеу.
Бұрынгы  Кеңес  Одагы  гылымына  «геоэкология»  терминін  В.  Б.
Сочава  1971  жылы  ландшафттық-экологиялық  тәсіл  аясында  енгізді. 
«Геоэкология»  түсінігі  кең  таралды  жэне  қазіргі  кезеңде  көбінесе 
өзінің  оастапқы  магынасында  қолданылмайды.  Әр  гылым  саласьінын 
өкілі  геоэкологияны  біршама  өзгеше  тұргыда,  кейде  тіпті  кереғар 
мағынада  карастырады.  XX  ғасырдың  80  жылдары  геологтар 
геоэкологияны тірі организмдер, оның ішінде адам да бар, техногендік 
кұрылымдар  және  геологиялық  орта  арасындағы  байланыстардын 
заңдылықтарын  зерттейтін  жаңа  ғылыми  бағыт  ретінде  карастыруды 
ұсынды.  Н.  Ф.  Реймерс  (1990)  геоэкология  -   жоғары  иерархиялык 
деңгейдегі — биосфераны  қоса алғандағы экожүйелерді (геожүйелерді) 
зерттейтін экологияның бөлімі деп есептеді.
С.  В.  Клубов  пен  Л.  Л.  Прозоровтың  (1993)  пайымдауынша 
геоэкология  — литосфера  мен  биосфераның  адамзат  тіршілігін  коса 
есептегендегі  өзара эрекеттесуі туралы  ғылым.  М.  М.  Судоның  (1999) 
көзкарасы  осымен  шамалас,  ол  геоэкологияны  геологиялык  ортаға
6

табиги  геологиялық  үдерістер  мен  антропогендік  әрекеттердің  эсерін 
зерттейтін синтетикалық гылым деп есептеді.
В.  И.  Осипов (1993)  геоэкологияны  геосфералардың экологиялық 
10  проблемалары  туралы  пәнаралық  ғылым,  Жер  гылымдарының 
триумвираты  деп санады.  Ол сәл  кейінірек  геология  мен экологияның 
жиынтыгын экологиялық геология деп атауды ұсынды.
В.  Т.  Трофимовтың  көзқарасы  бойынша  геоэкология  -   зерттеу 
нысаны  экожүйелер  болатын  метагылым.  Кейінірек,  1997  жылы, 
В.  Т.  Трофимов  пен  В.  И.  Осипов  геоэкологияга  жогары  деңгейдегі 
табиги  жэне  антропогендік  экожүйелердің  құрамын,  құрылымын, 
тіршілік  заңдылықтарьін  және  эволюциясын  зерттейтін  пәнаралық 
ғылым деген анықтама берді.
Т.  А.  Акимова  мен  В.  В.  Хаскин  (1998)  геоэкологияиы 
организмдер  мен  олардың  тіршілік  ортасы  арасындағы  өзара 
қатынасты  географиялық  тиістілігіне  қарай  зерттейтін  гылым  деп 
атады.  Оған  кіретіні:  орта  экологиясы  — әуе,  құрлық,  топырақ,  тұщы 
су,  теңіз,  адамзат  өзгерткен  орта;  табиги-климаттық  аймақтар 
экологиясы  -   тундра,  тайга,  дала,  шөл,  тау  және  ландшафттар  (өзен 
аңгары,  теңіз  жағалауы,  аралдар,  т.б).  Сонымен  қатар  геоэкологияга 
географиялық 
облыстардың, 
өңірлердің, 
континенттердің 
экологиялық  жазбасы  да  кіреді.  Биоэкология  мен  геоэкологияның 
ортақ  мәселесі  биосфера  туралы  ілім  -   биосфералогия  -   ғаламдық 
экологияның  басты  мазмұны.  Геоэкологияның  теориялық  негіздері 
географиялық 
қабық 
пен 
Жер 
биосферасы 
дамуының 
заңдылықтарымен  айқьіндалады.  Географиялық  қабық  пен  биосфера 
арасында  ортақ  дүние  көп: 
олар  өзара  матасқан,  биосфера 
географиялық  қабықтың  бөлігі,  биосфера  гессферага  қараганда 
жұқалығымен  және  тіршіліктің  жогары  дәрежеде  шогырлануымен 
ерекшеленеді.  Әдістемелік  тәсілдері  мен  гылыми  практикалық 
мақсаттарына  қарай  экологияның  зерттеу  нысандары  қатарына 
экожүйелер  де  (биологияда)  геожүйелер  мен  ландшафттар  да 
(географияда)  кіреді.  Географиялық қабык пен биосфераның  маңызды 
әрі  ортақ  қасиеттері  —  олардың  кеңістіктегі  әртектілігі  мен 
«өрнектілігі».  Олар қоршаган  ортаның  абиотикалық және  биотикалық 
компоненттерінің 
әрекеттесуі 
арқылы 
қамтамасыз 
етіледі. 
Экологиялық жагынан  қоршаған  орта  организмдермен  тікелей  немесе 
жанама  қатынастардагы  денелер  мен  құбылыстарды  қамтиды.  Ол 
организмдердің ортаға жэне ортаның организмдерге тигізетін әсерінен 
байқалады. Географиялық қабық пен биосфераның  кеңістікте жіктелуі 
табиғи  компоненттердің  күрделі  үйлесуі,  арақатынасы  жэне  өзара 
тэуелділігі  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Географиялық  қабықтың
7

кеңістікте 
жіктелуінің 
негізгі 
нысандары 
геожүйелер, 
табиғн 
аумақтық  кешендер  (ландшафттар)  болса,  биосфера  әр  деңгейдегі 
экожүйелерге  жіктеуге  негізделеді.  Экожүйелердің  әр  денгейлілігі 
оның  өзіндік  қасиеті.  Жогары  деңгейдегі  экожүйе  -   биосфера. 
Қарапайым  экожүйелер  (биогеоценоздар)  көбінесе  орналасқан  жері 
мен  жеке  бедер  бөліктеріне  сәйкес  келеді.  Олардың  ерекшелігі: 
өсімдік  қауымдастығы  мен  физикалық-геофафиялык  жағдайдың 
біртектілігі  және  қауымдастықтың  тіршілігін  қамтамасыз  етегін,
үздіксіз 
келіп 
түратык 
энергия 
агымы. 
Бнрлык 
деңгейдегі
экожүйелерге ондагы багытталған  күн энергиясының ағымы, олардың 
басқа  энергия  түріне  айналуы  мен  жинақталуы  және  биологиялык
өнімділік  тән,  сол  арқылы  онда заттардың  ішкі  әрі  сыртқы  айналымы 
жүріп жатады.
Геоэжүйе  (географиялык  жүйе)  — өзара  байланыстагы  әрі  уакыт 
аралыгында  дамитын  табиги  компоненттерден  тұратын  материялық 
жүйе.  Термин  экожүйеге  жақын,  бірақ  оның  ерекшелігі  геожүйе 
қүрамына  аумақтық  өндірістік  кешендер,  өндіріс  орындары  және 
басқа  да  техносфера  элементтері  енгізіледі.  Геоф афиялы қ  кабықіын 
аумақтық  бөліктерінің  негізгі  нысаны  геофафиялық  ландшафт 
дэрежесіндегі  табиги  жүйе.  Көптеген  геофафтар  ландшафт  деп  бір 
геологиялық  іргетас,  бір  типті  бедер,  климаты  бірдей  жэне  топырак- 
өсімдік  жамылгысы  ұксас,  сол  арқылы  табиғи  компоненттерінің 
көпшілігі  біркелкі  оолатын  дербес  (нақты),  генетикалық  біртекті
аумақтық  табигат  кешендерін  атайды.  Ландшафттьщ  дербестігі  оның 
құрамьща кіретін табиги компоненттерінің күрделілігі мен әрекеттесуі 
бойынша 
анықталады. 
Сондықтан 
дербес 
ландшафттың 
кұрылымындагы  антропогендік  әсерге байланысты  туындаган,  табиги 
компоненттерінің  өзара  сәйкестігіне  нүқсан  келтіретін  кез  келген 
ылу  ландшафттың  физиономиялық  (сыртқы)  пішіні  мен  табиги 
әлеуетіне де,  әрі  ішкі  ұйымдасуының литогендік,  гидроклиматогендік 
негіздерінщ  сипаты  мен  биотаның  өзгеруіне  де  әкеп  согады. 
Сондыкган  аумақтық табиғат  кешенінің  кез  келген  бөлігінің бұзылуы 
міндетті  түрде  геожүйенің  тұтас  кұрылымындағы  не  оң  не  теріс 
экологиялық  өзгерістерге  алып  келеді.  Экожүйелер  мен  геожүйелер 
(ландшафттар)  арасында ұқсастық  та,  түпкілікті  өзгешеліктер  де  бар. 
састыгы,  екі  термин  де  табиғи  кешенді  сипаттайды.  Олардың
арасындыгы  өзгешелік  мынада,  экожүйеде  компоненттер  арасындағы 
баиланыс  тірі  табиғатқа  абиотикалық  компоненттердін  әсерін 
анықтауга  бағытталған  биоцентризм  өңінде  болады.  Ал  геожүйеде 
таоиғи  ландшафттардың  элементгері  мен  ондағы  байланыстар  тең 
тұрғыда  қарастырылады,  яғни  олардың  барлығының  маңыздылығы
8

бірдей.  Келесі  өзгешелікке  келетін  болсақ,  «ландшафг»  түсінігі 
кеністіктік  шекарадағы  аумакқа  қатысты  болса,  экожүйеде  кеңістіктік 
шекара 
болмайды, 
олар 
тіршілік 
ортасының 
жагдайының 
біртектілігіне байланысты бөлінеді.
Г. 
Н. 
Голубев  геоэкологияның  зерттеу 
нысаны 
ретінде 
экосфераны  қарастыру  жайында  мүлде  өзгеше  ұсыныс  жасады. 
Г.  Н.  Голубевтің  пайымдауынша,  экосфера  өзара  байланыстагы, 
қоғаммен 
интеграциялану 
үдерісіне 
қатысты. 
Жердің 
жеке 
геосфераларынын  жүйесі.  Одан  ертеректе,  фраңцуз  экологы  А.  Кол 
геоэкологияның  пэнаралық  зертгеулердегі  нысандарының  қатарына 
биосфера  элементтері  мен  оларға  қатысты  табиғи  ресустарды, 
антропо-  және  техносфера  бөліктерін  де  қосуды  ұсынган  болатын. 
Айтылгандар  геоэкологияның  зерттеу  нысандарына  табиғи  да, 
антропогендік 
те 
геожүйелер 
жатқызылатынын 
көрсетеді. 
Геоэкология  аясына  табиғи  орта  мен  антропосфера  элементтерінің 
байланыстар  тізбегі  (тікелей  және  кері  экологиялық  тэуелділік)  де 
кіреді. 
Геоэкологияның 
теориялық 
негіздері 
бұдан 
ары 
да 
қарастыруды  қажет  ететінін  мойындаған  дұрыс.  Ландшафт  пен  оның 
морфологиялық  бірліктерінің  (фация,  шатқал,  жергілікті  жер) 
экологиялық 
қасиеттерін 
зерттеудегі 
геоэкология 
мен 
ландшафттанудың  әрекеттесу  мәселелері  де  шешілмеген.  Мысал 
ретінде,  геожүйелердің  экологиялық  ахуалын  зерттеуде  олардың 
таксономиялық деңгейдегі  шегін анықтауды айтуға болады.
Геоэкологияның  теориялык  әрі  практикалык  мәселелерімен 
айналысатын  қазақстандық  ғалым  А.  В.  Чигаркин  «Геоэкология 
Казахстана»  атты  оқу  құралында  және  басқа  да  еңбектерінде  -  
«Ландшафтганудың 
геоэкологиядан 
ерекшелігі 
—  ладшафттану 
фациядан  бастап  ландшафтқа  дейінгі  морфологиялық  бірліктердің 
экологиялық  заңдылықтарын  зерттейді.  Экосфера  геоэкологияның 
зерттеу  нысаны  ретінде  көптеген  төменгі  таксономиялық  деңгейдегі 
бірліктерге  жататын  табиғи  антропогендік  геожүйелерден  тұрады. 
Ондай  бірліктерді  бөлу  көбінесе  ландшафт  экологиясы  деп  аталатын 
геоэкологияның статусына сай болады» -  деп пайымдайды.
Г.  Н. 
Голубев  геоэкологияны  адамзат  қоғамымен  өзара 
байланыстағы  геосфераларды  -   экосфераны  зерттейтін  пәнаралық 
ғылыми  бағыт  деп  есептейді.  Голубев  бойынша  экосфера  -   дербес 
геосфералар  (атмосфера,  гидросфера,  литосфера,  және  биосфера)  мен 
адамзат қоғамы тоғыскан тіршілік ортасы есебіндегі Жер қабыгы.
Н.  Ф.  Реймерстің  анықтамасы  бойынша  экосфера  тіршіліктің 
дамуына  кажетті  жағдайларды  жасайтын  Жердің  абиотикалық 
нысандары  мен  сипатының  жиынтығы.  Қеңістікте  оған  тропосфера,
9

гидросфера,  литосфераның  беткі  кабаты  жатады  және  олар  биосфера 
ортасын  қалыптастырады.  Экосфера термині  «адамды  коршаған  орта» 
терминінің синонимі ретінде қолданылатынын да айта кеткен орынды.
Н. 
Ф.  Реймерс  бойынша  «үлкен»  немесе  «мегаэкология» 
құрылымында тіршілік  ортасы  туралы  ғылым  -   «энвайроменталогия» 
белгілі  орын  алған.  Энвайроменталогия  шешетін  мәселелері  бойынша 
геоэкологияға  жақын,  дегенмен  теориялык  негізделуі  мардымсыз. 
Сонымен  қатар  әр  автор  геоэкологияның  зерттеу  нысаны  бойынша 
өзіндік 
көзкарастар 
келтіреді. 
Сондыктан 
геоэкология 
мен 
энвайроментапогияның  зерттеу  нысандарының  өзара  сәйкестігін 
белгілеу  де  қосымша  сараптауды  қажет  етеді.  Қалай  болғанда  да 
саналуан  пікірлерді  сараптай  келе айтарымыз,  кез  келген экологиялык 
бағыттағы 
гылым 
саласын 
тірі 
организмдерсіз 
(биологиялық 
нысандар)  және  оларды  коршаган  ортасыз  (географиялық  нысандар) 
қарастыруға  болмайды,  егер  экологияның  зерттеу  нысандарьшын 
басты  кұраушы  бөліктерін  елемейтін  болсақ,  ол  мүлде  басқа  гылыми 
багыт  болып  шығатыны  дау  тудырмауы  тиіс.  Сондықтан  геоэкология
-  шығу  тегі  бір  қауымдастыктардың  белгілі  бір  белдемдік-климаттык 
жағдайдағы  тіршілігі  мен  әрекеттестіктерін  (зат  алмасу,  енімдік-
деструкциялык  үдерістер,  табиғи  динамика  және  сырткы  әсерге 
төзімділік,  энергия  мен  ақпарат  беру  т.т.)  және  табиғи  жүйелердің 
антропогендік  (техногендік)  жүйеге  ауысу  заңдылықтарын  зерттейтін 
ғылым.  Геоэкология  адамзат  тіршілігінің  кері  әсерлеріне  және 
табиғатты  қорғау  мен  оны  тиімді  пайдалану  шараларын  құрастыру 
мәселелеріне  ерекше  көңіл  бөледі.  Сондыктан  геоэкология  табиғатты 
қорғау  мен  оны  тиімді  пайдалануды  да  қамтитын  ауқымы  кең 
экологиялық ғылымға жатады.
Геоэкология  пәнінің  негізгі  міндеттері  табиғатты  колдану 
негіздерін 
зерттеу 
және 
экологиялық 
аудандастыру 
әдістерін 
карастыру.  Негізгі  ластайтын  .заттардың  қайнар  көздерін,  олардың 
таралуының 
жалпы 
заңдылықтарын 
табу 
және 
аудандардың 
геологиялық  кұрылымын  зерттеу  және  қоршаған  ортаның  ластану 
деңгейін  анықтау.  Сонымен  қатар  қоршаған  орта  зерггтеулерінің 
әдістемелерін,  химиялық  элементтердің  табиғи  жэне  жасанды 
көздерінің  сипаттамасын,  шаруашылык  кызметтің  коршаған  ортаға 
техногендік  тәуелділігін  түсіндіру.  Техногенездің  ерекшілігімен, 
табиғи  шарттардың  ролімен  таныстыру  жэне 
коршаған  орта 
ластануында 
адамдардың 
шаруашылық 
қызметін 
анықтау, 
аймақтарды  экологиялық аудандастыру,  минералды  қорлардың тиімді 
колдану  туралы  және  экологиялық  -  геологиялық  карталарды 
құрастырудың ғылыми - әдістемелік принциптерін білу.
10

Геоэкология  пәнінің  мақсаты  -  табиғатты  қорғау  туралы  ілімнің 
ғылыми 
негіздерін 
жердің 
табиғи-антропогендік 
жүйелерінің
экологиялық  саны  ретінде  геоэкологияның  негіздеуші  принциптерін 
зерттеу, 
анықталған 
заңдылықтарды 
қолданбалы 
экологияның 
теориясы мен тәжірибесін іс жүзінде қолдану.
Пәнді оку барысында студенттер геоэкология үшін ең негізгілері: 
геожүйелердің  тұрақтылығын  және  Қазақстанның  геоэкологиялық 
жағдайы, 
коршаған 
ортаны 
қорғау 
және 
қоршаган 
ортаның 
экологиялык 
жағдайының 
нашарлап 
бұзылу 
құбылыстарын 
болдырмау үшін қандай жұмыстар жасау керектігін үйренеді.
Сондықтан  осы  пән  географ  маманын  қалыптастыруда,  оның 
кәсіптік  құзырлыгын  арттыруда  орын  алады  және  осы  пәнді  игеру 
нәтижесінде, студент алдында келесі мәселелер тұрады:
-  қоршаған  ортаның  экологиялық  факторларының  құрылымына 
баға беру, болжам жасау;
- техногенездің экологиялық мәселелерін анықтау;
-  антропогенездің  геожүйелерге  әсерінің  экологиялык  салдарына 
алдын-ала болжау жасай білу.
- табиғи  қоршаған  ортаны  қорғаудың негізгі  бағыттары  бойынша 
білімдерге ие болу;
- табигатты пайдалану туралы тиімді және кешенді білім беру;
1  
экологиялық қауіпсіздікті қарастыру.
- созологиялық (табиғат корғау) карталарын құрастыра білу;
-  геоэкологиялық  жобалаудың  нормативті-құқықтық  базасын 
анықтау.
1.1 
Геоэкология  мен  геологиялы қ экологияны ң  мазмұны  меи 
нысандары
Қазіргі  кезеңнің  маңызды  ғылыми  мәселесі  -   табиғатты  қорғау 
мен оны өзгертудің ен тиімді жолдарын анықтау және табиги ортаның 
экслогиялық  жағдайының  өзгеру  тенденцияларын  алдын  апа,  дер 
кезінде 
байқау. 
Сонымен 
қатар 
табиги 
ортаның 
барльгк 
компоненттерінің 
өзара  әрекеттесуі 
арқылы 
болатын 
шартты 
(динамикалық)  тепе-теңдігін  сақтауга  және  оны  адамзат  тіршілігінің 
салдарынан  бұзылганнан  кейін  қайта  қалпына  келтіруге  ерекше  мән 
беріледі.
Қазіргі  ғьыым  табиғатты  барлық  заттары  мен  құбылыстары  бір- 
біріне  тәуелді,  өзара  тығыз  байланыстағы,  әрі  әрекеттестіктегі 
біртұтас  дүние  ретінде  қарастырады.  Табиғи  ортаның  біртұтастығы, 
бвлшектенбейтіндігі 
туралы 
тұжырымдама 
геоэкологияның 
эдістемелік  негізінде  жатыр.  Осыдан,  геоэкологияда  материалистік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет