Г. М. Шеламова психология ж ә не к ә сіби қызметінің этикасы рұқсат берді Сарапшы кеңес кәсіби білім беру мекемелерде білім беру барысында қолдану үшін, бастапқы кәсіби білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата18.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#43771
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Шеламова Кәсіби қызмет психологиясы мен этикасы. Оқу құралы

Сөздік құрамсөйлеу мәнерінің сапалы жағын айқындайды. Оған оғаш 
(тұрпайы) сөздерден басқа кез келген сөздер кіруі мүмкін. Жаргон сөздер мен 
диалект сөздердің қолданылу мүмкіндігіне аса назар аудару қажет. Диалект ол
адамдармен қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын сөйлеу мәнері, 
сөйленістің түрі, ол территориялық, кәсіби немесе әлеуметтік қоғаммен 
байланысты болады. Айырмашылықтар көп немесе аз болуы мүмкін, бірақ ол 
көбінесе түсүнуді қиындатады. Іскерлік қарым -қатынаста диалектілер мен 
жаргондар түбегейлі жоқ болуы керек.
Сөздік қор
сөйлеудің сандық мінездемесі болып табылады. Сөздік қор бай 
болған сайын сөйлеу әртүрлі және көрнектірек болады. Сөулеушінің сөздік қоры 
бай болған жағдайда тыңлаушылардың шаршауы байқалмайды, сөйлеу мәнері 
қызықтырады және есте қаларлықтай болады. Сөйлеуші сөйлеуді көріксіз етеді 
стандарт сөз тіркестерін қолдануы қажет емес. Шетел сөздерін көп қолдануда 
орынсыз. Ол кезде, сөздің мағынасына кесірі тимейтіндей орыс тілі сөздерін 
мағынасына сәйкес келетіндей таңдап, қолдану керек.
 


Мәдениетті сөйлеу ең алдымен сауатты, дұрыс сөйлеу. Бұл қарым- қатынас 
жасаудың ең дұрыс үні, сөйлеу мәнері, дәл таңдалған сөздер. Адамның сөздік 
қоры неғұрлым мол болса, солғұрлым ол тілді жақсы меңгереді, көп біледі 
(қызықты әнгімелесуші), өз ойын оңай жеткізеді, сонымен қатар, өзін және 
өзгелерді түсінеді. Мамандардың кеңесі: 
■ 
сөздердің дұрыс қолданылуын, айтылуын қадағалау;
■ 
қажетсіз сөздерді қамтитын, үйреншікті сөз тіркестерін қолданбау; 
(мысалы: «жаңа» дегеннің орнына « өте жаңа» ); 
■ 
«паразит» сөздерден құтылу («былай айтқанда», «сондай», «енді» және
т.б.); 
■ 
Менсінбеушіліктен,үзілді- кесілділіктен және менмендіктен құтылу;
«Рахмет» айту әдеті, сыпайылық және әдептілік, лайықты тілді қолдану 
және жарасымды киіне білу жетістікке жету мүмкіндіктерін ұлғайтатын құнды 
ерекшеліктер болып табылады.
Сонымен, егер сіздің іскерлің салаңыз адамдар болса, онда, мамандықтың 
арнайы ерекшелігіне қарамастан, әрдайым жүріс-тұрыс ережелері мен қағидаларына, 
тұтынушы, ұжымдастар алдындағы міндеттерге назар аудару керек; өз- өзін басқара 
білу, шыдамды болу, келушіні мұқият тыңдау, сонымен қатар,қажетті сырт келбетке 
және мәдениетті сөйлеу мәнеріне ие болу керек. . 
Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. 
«Кәсіби этика» мағынасын қалай түсінесіз? 
2. 
Қоғамдық тамақтандыру саласы жұмысшысының кәсіби этика 
қағидаларын айтып беріңіз.
Іскерлік этикет 
Әрбір істің жеңісі адамның өзін- өзі мәдениетті ұстауына байланысты, ол 
адамгершілікке және эстетиқалық талғамға негілделген іскерлік этикет, қарым- 
қатынас жасау түрі мен іс-әрекетті қамтиды. Қызмет көрсету мәдениеті 
клиенттердің, келушілердің шын берілгендігін сақтайды. Мамандардың санауы 
бойынша, өз клиенттерін сақтап қалу, жаңа клиенттердің қызығушылығын жеңіп 
алудан бес есе арзан . 
і 


және ол бояр және дворяндар сословиелерінің этикет ережелерін сақтауын 
табанды түрде қадағалаған, әсіресе бұл астаналық қалаларға тараған. Петр I 
патшалық еткен заманында Ресейде батыс этикеті күшейген түрде ендіріле 
бастады: жүріс-тұрыс манерасы және формасы, киім үлгісі және киім пішу үлгісі. 
Елизавета мен Екатерина II патшалық еткен заманында Ресейдің ұлттық 
мәдениетінің ерекшеліктері мен талаптарына жауап беретін, Европа мен 
Азияның қарама қайшылықтарын бірлестірген этикет ережелері болған еді.
Этикеттің тарихи пайда болған жері Италия екенін айта кету керек, ол өзге 
европалық елдерден білімділіктің жоғарғы деңгейімен айрықшаланды. Олардың 
есептеуінше, бай және әйгілі адамдар жағымды мінез құлық пен қоғамда өзін-өзі 
ұстай білу керек болатын.Қоғамдық даму мәдениеттің байуына және ережелердің
өзара етене еніпкетіуне жағдай туғызды. Қазіргі кезде ешқандай дипломатиялық, 
саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастар этикет нормаларынан тәуелсіз 
бола алмайды.
Манералар
— бұлөзін-өзі ұстау тәсілі, сыртқы жүріс тұрыстың формасы, 
басқа адамдармен арақатынасы, және сөйлеуде қолданылатын дауыстың үні, 
ырғағы айтылуы. Сонымен қатар, бұл адамға тән жүру мәнері, мимика.
Жақсы манералар болып саналатын ол адамның іс-әрекетіндегі сыпайылығы мен 
ұстамдылығы, өзінің жүріс-тұрысын қадағалай алуы, басқа адамдармен мұқият және 
әдепті қарым-қатынас жасай алуы. Ұнамсыз манералар болып саналатын, ол айқайлап 
сөйлеу және күлу, әдепсіз қылықтар, тұрпайы оғаш сөздерді қолдану, дөрекілік, сырт 
келбетінің салақтығы, айналасындағыларға жақсы тілектес болмау, өз ашуын ұстай 
алмау, әдепсіздік. Манера адамның өзін-өзі ұстау мәдениетіне жатады және этикеттің 
көмегімен қадағаланады. Ал мәдениетті жүріс-тұрыстың шынайысы, адамның барлық 
іс- әрекеттері кандай оқиға болса да адамгершілік қағидаларына сүйенген жерде. 
Манера даяшы үшін алғашқы дәрежедегі рөльде тұрады, өйткені ол тек қана белгілі 
бір адамның ғана емес, түбегейлі қоғамдық тамақтандыру саласындағы мекеменің
ішкі және сыртқы мәдениетінің келбетін көрсетеді. Ұнамды манералар болып қол 
қозғалысының әсемдігі, жүрістің әсемдігі, келушілердің алдында және жанжалды 
оқиғаларда өзін- өзі абыройлы бірақ менмендіксіз ұстай алу саналады. Әдемі дене 
бітімі және жүріс — ол өз-өзімен жұмыс істеудің нәтижелері. Жеңіл, қолдардың 
сермеуінсіз, тез бұрылыссыз нақышты әсем қозғалыстар, іштің көрсетпей және 
кеудені тік — даяшының жүріс -тұрыс манерасына қойылатын талаптар, даяшы 
үстелге немесе басқа бір жиһаз заттарына сүйенбестен, тік тұруы керек.


Тұрыс, жүріс және отыру манерасы ақпараттың көмекші көздері болып саналады. 
Адам денесінің иық тұсы мен жоғарғы дене бөлігі өте ақпаратшыл келеді. Мысалы, жай 
ғана еңкіш арқа мен жоғары көтерілген иық және тартылған иек көмексіздікті, 
қорқақтықты және сенімсіздікті білдіреді, ал алға түскен иықтар жабырқаңқы сезімді 
білдіреді. Еркін түскен иықтар ішкі бостандықты, сенімділікті, ал иықтың артқа түсуі 
белсенділікті, батылдықты (бірақ жиі – өз мүмкіндіктерін асыра бағалауды) аңғартады.
Адамның денесі мыңға жуық әртүрлі қалыпты меңгере алады, соларлың ішінде, әр 
халықтың мәдени әдет- ғұрыптарына сәйкес кейбір дене қалыптарына тыйым салынған, 
ал басқалары нормативті болып есептеледі.
Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмысшылары қызмет көрсету барысында 
келушілердің қалай отырғанын, тұрғанын және т.б бақылау алады. Әдетте «оқылатын» 
дене қалыптары болады:
Ашық қалып
– қарсысындағы сұхбаттас адамына алақанының ашық болуы, аяқ-
қолдарының айқаспауы, костьюмінің алды ашық болуы адалдықты және 
шыншылдықты мінездейді;
жабық немесе қорғаныс қалпы – 
қолдарының айқасуы, орындықтың артын қорғаныс, 
қалқан ретінде қолдануы, орындықта ат үсті отыру, сонымен қатар, адам орындықта 
отырғанда аяқтарын айқастыра немесе бір аяғын бір аяғының үстіне қоя отыруы орын 
алуы мүмкін қауіп қатерге және дау жанжал тойтарыс беруін аңғартады; 
дайындық қалпы
 – 
қолдары жамбасында жатады, орындыққа отыру кезінде адамның 
денесі кішкене алдыға еңкейеді және қолдарымен тізесін таянады, ал аяқтарымен еденге 
таянғанда бір аяғы бір аяғынан кішкене алдыда тұрады бұл белсенді іс -әрекет жасау 
тілегін және мақсатқа жетудегі құлшынысты білдіреді.
Байқағанымыздай, ұнамды манераларды тәрбиелеу керек. Өзін-өзі тәрбиелеуде 
маңыздыорын алатын өзін-өзі тану, өзінің психологиялық ерекшеліктерін, 
темпераментін, қабілеттіліктерін, бейімділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін білу болып 
табылады.
Этикеттің ережелері бойынша қолды қалтада ұстауға болмайды, өйткені 
келушілерге немқұрайлық пен менсінбеушілікті көрсету болып табылады. Этикет 
ережелері даяшыға, барменге келушіні атүсті тыңдауға және онымен сөйлескенде қолды 
сермеуге кеңес бермейді. Адамның әрбір дене қозғалысы сөзбен пара-пар, ол адамның 
ой тізбегімен және сезімдерінің қозғалысымен тығыз байланысты. Ақпаратты түсінуді 
анықтау үшін психологияда кері байланыс механизмін қолданады, ол ақпаратпен алмасу 
процесінде өзінің алғашқы мазмұнынан бөлек сұхбаттастардың бір-бірінің іс-қимыл 
әрекетін қалай бағалайтыны және қабылдайтыны туралы ақпараттарды байқатады. Кері 
байланыс деп әңгімедегі серіктестердің бірін- бірі бақылауы және реакциясын бағалауы, 
сонымен қатар, соған байланысты өзінің қимыл-әрекетінің соған орай өзгертуін айтады.
Іс
ке
р
лі
к 
эт
и
ке
т 
Қалып
— бұл адамның дене күйі, сіздің сырт келбетіңіздің бейнесіне едәуір 
дәрежеде дұрыс қозғала білу мен денені дұрыс ұстай білуге байланысты.


 «Сөзсіздік» кері байланыс құрылымдық қарым-қатынас орнатуда бізге қажетті 
нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Қарым-қатынаста көбінесе келесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет