Оқыту технологиясы Жоспар: 1. «Технология» терминi туралы түсiнiк. 2. Оқыту технологиясының 3 кезеңi. 3. Оқыту технологиясының анықтамасы. 4. Оқыту технологиясының маңыздылығы. 5. Оқытудың жаңа технологиялары
1. Қазiргi әдiстемелiк әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен жиi кездеседi (technology of teaching). «Техника» терминiнiң екi мағынасы бар екенi айқын:
1. өндiрiс құралдарының жиынтығы 2. бiр iстi орындағанда қолданылатын тәсiлдер жиынтығы «Технология» терминi сол тәсiлдер жүйесi деген мағынаны бiлдiредi. Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңi болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалiм бiрде – бiр көмекшi құрал – жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға бiлiм берген. Екiншi кезеңде – кiтап басып шығару игерiлген соң оқыту технологиясы елеулi өзгерiске түстi, адамдарға әр түрлi дидактикалық материалдар көмекке келдi.
Қазiргi кезеңде де оқыту технологиясы үлкен өзгерiске душар болып отыр. Мұғалiмдер мен оқушыларға әр түрлi дидактикалық материалдармен қоса, оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) жәрдемге келдi.
«Оқыту технологиясы» (ОТ) терминiн алғаш рет АҚШ–та қолдана бастады. Польшаның белгiлi әдіскерлері У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бiр бөлiгi ретiнде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсiну керектiгiн қолдады.
ОТ – қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық практиканың нақты жағдайларында оқытудың ең маңызды үрдiсiн iс жүзiне асырады, оқыту мен оқудың нақты қызметiн бейнелейдi. Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп бердi:
«Оқыту технологиясы – психология жетiстiктерiн педагогикалық практикада қолдану» немесе «ОТ – бұл оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатымен бiлiм беру үрдiсiн зерттеу негiзiнде оқу үрдiсiн жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелi тәсiлi».
28
Оқыту технологиясы дегенiмiз оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан оқыту ғылыми түрде жүзеге асуы керек, яғни мұғалiм қалай оқыту, неге олай оқыту қерек деген ғылыми бiлiмдердiң байланысын бiлуi тиiс.
Оқыту технологиясы оқытудың мазмұнына ғылыми негiзделген. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай принциптер арқылы, қандай әдiс-тәсiлдер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру керек және оларды ағылшын тiлiн үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарды зерттейдi. Сондықтан, оқыту технологиясы оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, принциптерiмен, әдiстерiмен, құралдарымен тығыз байланысты.
Оқыту технологиясын бiлу үшiн әр мұғалiм оның маңыздылығын түсiнуi тиiс. Өкiнiшке орай, кейбiр мұғалiмдер әдiстеменi ғылым емес, тек мұғалiмнiң жұмыс барысында өзiмен - өзi қалыптасатын тәжiрибесi деп есептейдi. Кейде мұғалiм бiр әдiстi қолданып отырып оны неге қолданып жатырғанын, балалардың қандай дағдыларын дамытып жатырғанын өзi түсiндiре алмайды. Мысалы, дауыстап оқуға үйрету барысында мұғалiм сөздердi, сөйлемдердi, мәтiндi өзi оқиды, ал балалар кiтапқа қарамастан оларды қайталап отырады, сондықтан оқушылар сол сөздердi өздiгiнен оқымағандықтан оларды естерiне сақтап қала алмайды. Бастауыш сатыда оқуға арналған материал қиын болмағандықтан, оқушылар сөздердi, сөйлемдердi, мәтiндердi оқымастан қайталайды, сондықтан оқытудың келесi сатыларында балалардың көбi оқи алмайды. Демек, мұғалiм оқыту мақсаттарына жету үшiн проблемалық жағдаяттарды туғызып отыруы керек. Бастауыш сатыдағы ағылшын тiлiне оқытудың оқыту технологиясының мазмұнын көрсету үшiн төмендегi кестенi назарларыңызға ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |