Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Тілдік құзыреттілік туралы айтқанда ойға бірден коммуникативтік құзыреттілік түседі. Коммуникативтік құзыреттіліктің негізгі құрамдас бөліктері мыналар: 1. лингвистикалық ( грамматика мен лексиканы білу) 2. дискурсивтік ( тілді қарым - қатынасқа қолдану) 3. стратегиялық ( қарым – қатынастық кемшіліктерді жеңу) 4. әлеуметтік – мәдени ( өзін- өзі ұстау нормаларын игеру)
Коммуникативтік құзыреттілікті былай белгілеуге болады
Коммуникативтік құзыреттілік
Лингвистикалық Дискурсивті Іс- әрекеттік
Лингвистикалық құзыреттілік оқушылардың тілдік білімінен тұрады, дискурсивті құзыреттілік проблемалық қарым- қатынастық жағдайларда өзін- өзі ұстау тәсілдерін меңгеруінен тұрады, ал іс- әрекеттік құзыреттілік тілді өмірдің шынайы жағдайларында қолдана білуі. Осылайша, коммуникативтік құзыреттілік өзінің құрылымы жағынан пәндік құзыреттілікпен сай келеді.
Оқушы ауызша,жазбаша коммуникациялар нысанында өз ойын жеткізеді,мәтін, баяндама,сұрақтармен жұмыс жасап, оларды қосымша графикада баяндайды, монологтық, диалогтық сөйлеуді біледі, топта жұмыс жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |