Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Бастауыш сатыда ағылшын тілі пәнi бойынша оқыту технологиясы



бет30/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Бастауыш сатыда ағылшын тілі пәнi бойынша оқыту технологиясы. Әдiс немесе технологиялық операция (iс-әрекет)

Негiзгi принциптер. Тәсiлдер. Құралдар.

1. Бiлiм алу бағытында оқу материалымен танысу. Түсiнгенiн бақылау.

Тәрбиелеп оқыту. Ұғып-түсiну. Қарым –қатынас. жасауға бағыттау.

Көрсету. Түсiндiру. Аудару.

Көру. Есту. Көру–есту.

2. Дағдыларды дамытуға бағытталған жаттығу жұмыстары. Бақылау.

Белсендiлiк. Көрнекiлiк. Жеке ерекшелiктерiн ескеру

Басылған мәтiнге сүйенiп және сүйенбей жаттығуларды орындау. 3.Қалыптасқан дағдыларды сөйлеу бiлiктiлiктерiнде қолдану. Бақылау.

Тыңдап түсiну, монологтiк және диалогтiк сөйлеу, дауыстап және iштен оқу әрекеттерi бойынша тапсырмалар орындау

Болашақ мамандар оқыту технологиясын жақсы игеру үшiн ағылшын тiлi факультативтерiнде бұл сұраққа көп көңiл бөлiнуi керек. Сонымен қатар, мұғалiмдердiң өздерi оқыту технологияларын дұрыс қолдана бiлу үшiн көп iзденiс жұмысын жүргiзiп, өз бiлiмiн деңгейлерiн үнемі көтеріп отыруға тырысулары керек.

29


Жоғары динамикалы жаһандану дәуіріндегі өмір сүру үрдісі,соның ішінде білім беру үрдісі де жаңа инновациялық технологияларды қажет етеді. Жаңа инновациялық технологиялар қоғамның басты капиталына айналуда. Ақпараттық кеңістіктің ұлғаюы мен жылдам өзгеріп отыруы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға білім беруде жаңа технологияларды тиімді де уақтылы қолдануды талап етеді. Педагогикалық инновациялар білім беру мен ғылым жүйесіндегі қызметкерлердің жасақтап енгізген жаңалықтары. Педагогикалық инновацияларды 1) білім беру мазмұнындағы 2) мектептің ішкі әрекетіндегі 3) «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасындағы 4) оқыту әдістеріндегі деп бөлуге болады. Соңғы жылдары республикамыздың білім беру жүйесінде инновациялық үрдістер пайда болуда. Солардың бірі 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының әзірленуі. Тұжырымдамада «құзыреттілік тәсіл» жаңа тәсіл ретінде анықталған және білім берудің күтілетін нәтижелерін, оқушының негізгі құзырлылығын анықтайтын 7 құзыреттілік көрсетілген: 1) құндылықты-бағдарлы 2) мәдениеттанымдық 3) оқу-танымдық 4) коммуникативтік 5) ақпараттық-технологиялық 6) әлеуметтік еңбек 7)тұлғаның өзін-өзі дамыту.

Білім берудегі «құзыреттілік» ұғымы 1960-70 жылдары батыс елдерінде, АҚШ-та қолданыла бастады. «Компетенция» сөзі латынның «competo»- сай келу, қол жеткізу деген сөзінен шыққан. «Құзырет» жеке бастың категориясы ретінде алынса, «құзыреттілік» оқушының қажетті іс-әрекет тәсілдерін білім алу арқылы меңгеруі, ол білімнің нәтижесі, белгілі бір кәсіптік немесе функциональдық мүмкіндіктердің жиынтығы.[1, 12] «Құзыреттілік» ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Жан-жақты білімді адамды «құзыретті» деп атауға болады, бірақ И.Я.Лернердің айтуынша білген нәрсені кейде іс жүзінде қолдана алмауы мүмкін, яғни білімді іс жүзінде қолдана білу «құзыреттіліктің» компоненттерінің бірі. Осы тақырыпты зерттеуші ғалым Р.Стернберг «құзыреттілікті» - практикалық білімнің, ақыл-ойдың варианты түрінде анықтады. [2,10] Оқушының бойындағы негізгі құзыреттіліктер кең ұғымды қамтиды. Білім берудегі құзыреттілік бағыт білім берудің мақсатын күтілетін нәтиже түрінде анықтайды, бұл тек бір пәннің аясында жүргізілмейді, оның негізгі бірнеше бағыттары болуы мүмкін.Егер негізгі құзыреттіліктерді кеңірек қарастырсақ, проблеманың шешімін табу құзыреттілігі оқушыдан мынадай дайындықты талап етеді:

* жағдайға байланысты проблеманы анықтайды, шешім қабылдайды * қызметіне мақсат қояды, жоспарлайды, ұйымдастырады,

технологияларды анықтайды * өзін бағалайды, қортындылайды Ақпараттық құзыреттілік:

• ақпараттар негізінде шешім қабылдайды

• жоспарлайды, танымдық қызметті жүзеге асырады

• ақпаратты табады, талдайды, іріктейді, қайта құрады, сақтайды, түсіндіреді,тасымалдайды, АҚТ технологияларын қолданады

• ақпаратты өңдейді

• ақпаратты қолданады Коммуникативтік құзыреттілік:

* нақты жағдайлардағы міндеттерді шешу үшін ана,мемлекеттік, шет тіліндегі ауызша, жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады

• мәтін, баяндаманы қосымша графикада баяндайды

• монолог, диалог,пікірталас түрінде ақпаратты қабылдайды

• топтық жұмыс тапсырмаларына сай жұмыс істейді

• өз ойларын түсіндіреді,қарым-қатынасын дәйектейді «Құзыреттілік» ұғымын шет тілін оқытуда қолданудың бағыттары мен ерекшеліктерін қарастырайық. Шет тілін оқыту проблемаларын зерттеуші ғалымдар жас маманның мынадай негізгі құзыреттіліктері болуы керек деп есептейді:

30

* тілді жақсы меңгеруі (literacy)



• компьютерлік сауаттылық (information technology skills)

проблеманы шешу мүмкіндігі болу(problem solving skills)

• инновациялық ойлау(flexibility to innovations)

• үздіксіз білім алуға ұмтылу(life-long learning) Сондай-ақ құзыреттіліктің негізгі және жоғары түрлері бар деп көрсетеді. Оларды тілдік және компьютерлік сауаттылық мысалында қарастырады.Компьютерлік сауаттылықтың «негізгі»құзыреттілігі-оқушының компьютерді қосу, айыра білу,компьютер белгілерін пайдалану, жасау, редакциялау, компьютердегі қажетті құжат пен файлдарды сақтау, табу, терминдерді түсіну.Ал «жоғарғы» құзыреттілік компьютерді тілді үйренуде қолдануы, интернеттен ақпарат іздеп, сақтауы, электрондық поштаны қолдану, «чатты» қолдану, халықаралық жобаларға қатысу. Шет тілінде «негізгі» құзыреттілік тілді қарым- қатынас құралы ретінде қолдану, «жоғарғы» құзыреттілік, мысалы, ағылшын тілінде экология туралы ақпаратты тауып, пайдалану.

Құзыреттілік бағытының табысты болуы шет тілін оқыған оқушының еңбек нарығында бәсекеге түсе алуымен, қоғамда өз орнын таба алуымен бағаланады. Тілді оқытудағы «құзыреттілік» бағыты ЗУН (знание, умение, навык) альтернативасы ретінде дамып келе жатыр. ЗУН оқыту мен тәрбиенің мақсаттарын пәндік білім беру аясында ғана шектейтін. Бұл ұғымдар қазіргі адамның еңбек нарығындағы бәсекелесу мүмкіндігін көрсете алмайды. Шет тілін меңгеру тілдік және энциклопедиялық білімді меңгеруден тұрады. Тілді меңгеру сөздік жағдаятты меңгеру тәжірибесінің болуын талап етеді.

Пәндік құзыреттілік

Проблеманы шешу Ақпараттық Коммуникативтік құзыреттілігі құзыреттілік құзыреттілік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет