Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Бастауыш сыныпта ағылшын тiлiн оқытудың жаңа технологиялары



бет34/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Бастауыш сыныпта ағылшын тiлiн оқытудың жаңа технологиялары. Жоспар: 1. Аударма әдiсi. 2. Жобалау әдісі. 3. Интерактивтік әдісі

1. Аударма әдiсi Шет тiлiн оқытудағы аударма әдiсiнiң ролi мен орнын анықтап алмастан бұрын “аударма” сөзi не мағына беретiнiн түсiнiп алуымыз керек.

Аударма дегенiмiз бiр тiлдегi мағыналы сөздiң немесе сөйлемнiң екiншi тiлге көшiрiлуi. Бұл мағынада аударма әр түрлi тiлдерде сөйлейтiн адамдардың арасындағы әңгiмелесу негiзiнде көрiнедi.

Бiр тiлдегi мағыналы ойды екiншi бiр тiлге айналдыру үшiн аудармашы адам, алдымен ол ойды, ол сөйлемдi бiрнеше тiлде толық түсiнуi тиiс және сол сөйлемдегi сөздердiң екiншi тiлдегi баламасын табуы керек.

Аударма - бұл өте күрделi iс: өйткенi бұл iс аудармашы адамнан екi тiлді де жақсы, толық меңгеруiн талап етедi.

Шет тiлiн оқытудағы аударма әдiсi шет тiлiндегi сөздiң, фразеологиялық топтарды, грамматикалық формаларды, сөйлем үлгiлерiн аудару негiзiнде қолданылады.

Аударма – шет тiлiн оқытудағы ең негiзгi әдiс болып есептеледi.

33

Шет тiлiн оқыту тарихында аударма әдiсiнде түрлi кезеңдерде әр түрлi өзгерiстер енгiзiлiп отырғаны белгiлi.



XVIII ғасырдың екiншi жартысында және XIX ғасырдың бiрiншi жартысында аударма әдiсi құрылымдық әдiс ретiнде алынды. Шет тiлi тек аударма әдiсi арқылы үйретiлiп отырды: ана тiлiнен шет тiлiне аударуда грамматикалық аударма әдiсi негiзгi әдiс болып есептелсе, шет тiлiнен ана тiлiн аударуда лексикалық аударма негiзгi әдiс болып есептеледi.

Ал XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында аударудың тiкелей әдiсi пайда болып, дүние жүзiне тарады.

Шет тiлiн оқытудағы аударманы тiкелей әдiс толығымен ерекшелейдi. Кейiнiрек шет тiлiн оқытудағы аударма әдістемесiнде Г. Палмердiң, М. Уэсттiң әдiстерi пайда болды.

Л.В. Щербаның айтуы бойынша, шет тiлiн оқытуда аударма әдiсi практикалық негiзде де теориялық негiзде де ең маңызды роль атқарады. Яғни оқушылардың сөз байлығын, шет тiлiнен бiлiмiн тексеруде, сөздердi естiгенде немесе оқығанда оны қалай түсiнгенiн, грамматиканы қалай меңгергенiн анықтауда аударма әдiсi негiзгi әдiс болып есептеледi.Егер жаңа сөздер аудармасыз үйретiлетiн болса, ол сөздер оқушылардың санасында қалмайды, мағынасын түсiнбеген соң оқушының есiне сақталмайды, ең соңында ол сөздердi тiптi оқи да алмауы мүмкiн.Оқу бағдарламасы бойынша аударма әдiсi мынадай жағдайларда қолданылады:

1. Сөздiң ,фразеологиялық топтардың, грамматикалық форманың, сөйлем үлгiлерiнiң мағынасын шет тiлiнде беру үшiн. Мысалы: a flower – гүл, a ball - доп, Asan`s brother - Асанның ағасы, He was not ready - ол әзiр болмады.

Бұдан басқа аударма жаңа тiлдегi iс- қимылдың түсiнiгiн бекiтедi. Мысалы: to go – бару, кету, яғни бiр жерден екiншi бiр жерге қозғалу; To come - келу, яғни басқа жақтан келу. She is writing - Ол жазып жатыр (осы қазiр). Сөздiң мағынасы беруде аударма мынадай екi түрлi жағдайда пайдаланылады: сөзбе сөз аудару және мағынасымен аудару.

Мұғалiм шет тiлiн үйретуде сөзбе – сөз аударуды пайдаланады, өйткенi шет тiлiнен алынған әрбiр сөздiң ана тiлiнде тiкелей баламасы бар. Мысалы, a girl – қыз бала, ешқандай мағыналы ойдың қажетi жоқ.

Ал, meal –а) тамақтану (Breakfast is the first meal. We have 3 – 4 meals a day – Бiз к¥нiне 3 – 4 рет тамақтанамыз.

В) тамақ. (Make a meal of bread and butter – Нан мен майдан тамақ жаса.) Осы жағдайда мұғалiм мағыналы аударманы пайдаланады. 2. Мәтiндегi кейбiр түсiнiктердiң мағынасын бергенде яғни талдаусыз, аудармасыз түсiндірілмейтін кездерде.

3. Оқушылардың ненi iстеп, ненi түсiнгенiн тексерген кезде. Шет тiлiн оқытуда аударма әдiсiнің өте керек және пайдалы кездері бар. Оқушылардың дағдылары мен бiлiмiн арттыруда мұғалiм өз қолынан келгенiн iстеуi қажет.

“Сөйлеуге сөйлеу арқылы, оқуға оқу арқылы үйрен” деген қағиданы оқушылар ұмытпауы керек. Сөйлеусiз де оқусыз да аударма мүмкiн емес.

II. Шет тiлiн оқытудағы аударма әдiсiнiң түрлерi. Егер бiз аударманы ана тiлi мен шет тiлiнiң өзара байланысы тұрғысынан алатын болсақ аударма әдiсiнiң мынадай түрлерi бар:

А) шет тiлiнен ана тiлiне аудару Б) ана тiлiнен шет тiлiне аудару В) қайта аудару (оқушылардың шет тiлiнен ана тiлiне аудару, кейiнiрек қайта шет тiлiне аудару)

Егер бiз аударманы түп нұсқа тұрғысынан байланысы ретiнде алатын болсақ, аударма әдiсi мынадай түрлерге бөлiнедi:

34

1. Сөзбе сөз аударма, яғни шет тiлiндегi барлық сөздер ана тiлiндегi баламаларына



айналады, ал шет тiлiнiң грамматикалық құрылымы сақталады. Мысалы: I have a book – Менде бар кiтап. My brother was at home yesterday – Менiң ағам болған жоқ үйде кеше. Сөзбе-сөз аударма бiлiм беру жүйесiндегi құнды әдiс болып есептеледi. Өйткенi, оқушыға шет тiлiндегi элементтердi ана тiлiндегi элементтермен салыстыру мүмкiндiгi туады.

2. Сәйкестендiре аудару – сөзбе сөз аудармасындағы қарама – қайшылықтар жойылып,

шет тiлiндегi ойлар ана тiлiне мағыналы аударылады. Мысалы: I have a book – Менде кiтап бар. My brother wasn’t at home yesterday - Менiң ағам кеше үйде болған жоқ. 3. Еркiн аударма – шет тiлiнде естiген немесе оқыған мәтiндi сол мезетте аудару.

Мысалы: Оқушы газеттен шет тiлiндегi мақаланы оқып, оның мағынасын қысқаша айтады. 4. Көркем әдеби аударма – аударманың бұл түрi арнайы дағдыны және бiлiмдi қажет

етедi және мектеп бағдарламасында бұл түр қолданылмайды. Аударманың ауызша және жазбаша түрлерi болады. Олардың екеуi де оқушылардың грамматикалық немесе лексикалық сөздiк қорын, бiлiмiн тексеру мақсатында пайдаланылады.

Қорыта айтқанда, аударма шет тiлiн оқытудың бiр құралы болып есептеледi және оның әр түрлi түрлерi ұсынылады. Аударманың түрлерiн таңдау:

1. Сабақтың түрiне; 2. Тiлдiк материалдарға; 3. Оқушының жасына; 4. Үйретiлiп жатырған тiл бойынша оқушының бiлiм деңгейiне және т.б. жағдайларға

байланысты. Қазiргi кезде педагогикада оқыту әдiстерiн үш топқа бөлiп, қарастырып жүр:

1. Сөздiк. 2. Көрнекiлiк. 3. Тәрбиелiк практикалық әдiстер.

Оқытудың сөздiк әдiстерiнiң тобы мұғалiмнiң сөзiне сүйенедi. Сөздiк әдiстердiң тобына: баяндау, әңгiме, түсiндiру, оқу кiтабы мен арнайы текст пен магнитофондық жазбамен, өз бетiмен жұмыс жатады. Оқытудың көрнекiлiк әдiстерi көрнекiлiктерді жасап және оны пайдалану жолдарына негізделген. Көрнекiлiк әдiстер сөздiк әдiстерiмен тығыз байланысты. Себебi кез келген көрнекi құрал түсiндiрiледi, талданады. Оқытудың тәжiрибелiк әдiстерiне оқушының білiмi мен дағдыларын қалыптастыру және жетiлдiру процесiне байланысты әдiстер жатады. Бұл әдiстер жазбаша және ауызша жаттығулар, практикалық жұмыстар өз бетiмен орындалатын жұмыстың кейбiр түрлерi жатады. Ағылшын тiлi пәнiне тән оқыту әдiстерiнiң бастылары мыналар:

Әңгiме әдiсi ағылшын тiлi сабағында кеңiнен қолдануы тиiс. Оны кез келген сабақта қолдануға болады. Сондықтан ол мазмұны жағынан сан алуан болады. Әңгiме әдiсi оқыту материалын оқушының жеке өмiр тәжiрибесiмен байланыстыруға үлкен мүмкiндiк бередi. Оқытуда әңгiменiң екi түрi пайдаланылады.

Катехизикалық сұрақ-жауап негiзiндегi әңгiме және эвристикалық жаңалық ойлап табу жолындағы әңгiме.

Катехизикалық әңгiме оқушының бiлiмiн тексеру, бекiту, оқылған текстердi талдау жұмыстары үшiн қолданылады. Ал эвристикалық әңгiмеде жаңа бiлiмдердi хабарлау мақсатында оқушылар ойын жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында қолданылады.

Білім беру ісінде нәтижеге жету үшін жаңа педагогикалық технологиялар қажет. Жаңа технологиялардың бірі-жобалау технологиясы. Бұл технология білім берудегі кұзыреттілік

35

бағытты қолдайды, бұл 12 жылдық білім берудегі ыңғайлы технологиялардың бірі. Жобалау технологиясы оқушының қабілетін ашуға, кабілетті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет