Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Оқыту құралдарының түрлері



бет39/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

2. Оқыту құралдарының түрлері Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынандай топқа бөлуге болады:

1) пайдаланылуына байланысты негiзгi және қосымша; 2) оқушыға немесе мұғалiмге арналған; 3) информацияның қабылдау түрiне байланысты есту, көру, көру – есту; 4) техниканы пайдалануына байланысты техникалық және техникалық емес. Негiзгi оқыту құралына – оқу әдiстемелiк комплексi: оқулық, мұғалiмге арналған кiтап жатады. Бiрақ, оқулық пен мұғалiм кiтабын пайдаланғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет. Мысалы: II және III сыныпқа арналған оқыту – әдiстемелiк комплексiне оқулық, кiтаппен бiрге дыбыстық жазба да бар.

Ал IV және V сыныптарда грамматиканы пайдалану ағылшын тiлiнiң дыбыстарының айтылу дағдыларын үйретiп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына транспаранттар мен кодоматериалдар жатады.

Сонымен қатар ағылшын тiлi кабинетiндегi барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледi.

II сыныптағы негiзгi құралдарға: бағдарлама, мұғалiм кiтабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.

Ал IV сыныпта: бағдарлама, мұғалiм кiтабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекiлiктер жинағы: суреттер, грамматикалық таблицалар, видеофильмдер, лингафондық практикум жатады.

V сыныпта бағдарлама, оқулық, мұғалiм кiтабы, грампластинка, көрнекiлiктер. Ал қосымша құралдарға осы оқыту -әдiстемелiк комплексiне кiрмеген, мiндеттi емес құралдар: тарату материалдары, карточкалар, ойыншықтар, заттар жатады.

Ендi әр түрiн тереңiрек қарастырайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет