Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет76/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Синтаксисті оқыту.

Грамматиканың морфология секілді өзекті бір саласы - синтаксис. Оның қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.



Сөз тіркесі.

Сөз тіркесін оқытқанда оқушыларға оның құбылысты атайтынын және бір-бірімен грамматикалық және мағыналық жағынан байланысып тұратынын жеткілікті мысалдармен дәлелдеу қажет. Осыдан келіп сөйлемнің құрамындағы сөздер белгілі бір тәртіппен байланысып, сөз тіркестерін жасайтыны анықталады. Мыс: All night an April- shower lasting ten days had beaten with persistent impetuosity against the window panes of Bursley (Benn) сөйлемінен келесі сөз тіркестерін көрсетуге болады: an April shower; a shower lasting ten hours; had beaten with persistent impetuosity; had beaten against the window plans of Bursley; had beaten all night.

Сөйлемнің осындай сөз тіркестерінен тұратыны ұғындырылады

Сөйлем

Тиянақты ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөзді сөйлем дейміз. Сөйлемді оқытқанда басты назар аударатын нәрсе - сөйлем мен сөз тіркесін айыра білуге үйрету болып табылады. Оқушыларға сөйлемге бір нәрсе жайында хабар беру тән екенін айтып, мысалдармен дәлелденеді.

Ағылшын тіліндегі сөйлемдер құрылымына қарай: 1. Жай және күрделі (Simple or composite) 2. Толымды және толымсыз (Complete or inсomplete)

This book? Can you speak English? 3. Жақты және жақсыз (Two-member or one-member) Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай жіктелуі. Ағылшын тілінде сөйлемдер айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді: хабарлы (declarative), сұраулы (interrogative), бұйрықты (imperative) және лепті сөйлемдер (exclamatory).

I waited till the light turned to green. When shall I see you again?

73


Come up and sit down. What a quite evening! Хабарлы сөйлемді оқытқанда, оның іс-әрекетті белгілі бір шақта жүзеге асқандығын хабарлайтынын, оны болымды (affirmative) және болымсыз (negative) деп айырып, түрлі шақтық формаларда үлгі сөйлемдер көрсетіліп, жаттығулармен бекітіледі. I have just come back from a business trip. I haven’t seen my sister yet.

Сұраулы сөйлемді оқытқанда оқытушы жалпы сұрақ (general questions), арнаулы сұрақ (special questions), анықтағыш сұрақ (tag questions) және балама сұрақ (alternative questions) деген сұраулы сөйлемдердің болатынын меңгертеді. Ол үшін бір нәрсе туралы білгісі келіп қойылған, «ия» немесе «жоқ» деген жауапты күтетін сұрақтың жалпы сұрақ болатыны, ол «do» көмекші етістігі арқылы жасалатыны түсіндіріледі. Мысалы: Does your sister go figure skating? Жалпы сұрақ сондай-ақ шақтық формалар жасаушы көмекші етістер және модалды етістіктер арқылы да жасалады. Мысалы: Will you read Арнаулы сұрақты оқытқанда, оның сұрау есімдіктері арқылы жасалатынын айта келіп, басты назарды сөлемдегі сөздердің орын тәртібіне аударамыз. Ол – сұрау есімдігі+көмекші етістік+бастауыш сөз (зат есім, есімдік)+ бастапқы формадағы негізгі етістік екенін үлгі сөйлемдер арқылы түсіндіріп, жеке жұмыс түрінде меңгертіледі. Мысалы: What are you doing here? Which story did you like best?

Бұйрықты сөйлем мен лепті сөйлемді оқытқанда назар аударатын жайт лепті сөлемнің құрылысы болуы керек. Сыртқы формасы сұраулы сөйлемге ұқсас болғанымен, ол “subject- predicate” түрінде беріледі. Мысалы: How beautifully she songs! What a funny story she told us!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет