Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Сын есімнің грамматикалық категорияларын оқыту



бет72/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
Сын есімнің грамматикалық категорияларын оқыту Сын есімнің басқа сөз табынан ерекше белгісі - шырай категорияларының болуы. Оны меңгерту салыстыру әдісімен ұштасып жатады, өйткені шырай категориясы екі заттың сынын өзара салыстыру, қатар қойып, сол сынның реңктік айырымдарын табу болып саналады.

Шырай белгілерін түсіндіру барысында оқушыларға мысал ойластыру сияқты жұмыстар тапсырылады. Сондықтан сын есімнің шырайын түсіндірудің алғашқы кіріспе сабағын сұрақ-жауап, әңгімелеу түрінде ұйымдастырған дұрыс.

Сын есімнің шырайлары реңдік мәні мен жасалу жолына қарай, жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай болып келеді.

Ағылшын сын есімдері морфологиялық жолмен, яғни жұрнақтар жалғау арқылы немесе синтаксистік-морфологиялық жолмен, яғни сөздердің бірігуі арқылы жасалатыны айтылады.

Синтетикалық жолмен слыстырмалы шырай –er, күшейтпелі шырай –est, жұрнақтарын қосу арқылы жасалады.

Бірақ барлық сын есім өз шырайларын синтаксистік жолмен жасай алмайтындығы оқушыларға нақты түсіндірілуі керек, әсіресе, екі буыннан тұратын сын есімдердің кейбіреуі шырайларын осы жолмен мыс: livelier-liveliest, easier-easiest жасаса, eager, real сын есімдері бұл ережеге бағынбайды. Сондықтан осы ережеден ауытқитын сын есімдер; 1) егер сын есім сөз екі дауыссызға аяқталса: crasp, modest, robust 2) көп буынды сын есімдер: difficult-more difficult-the most difficult 3) -ing жұрнағына ақталатын сын есімдер: a) charming, good-looking, cunning Кейбір сын есімдер салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары мүлде басқаша жасайды:

bad-worse-the worst . Сын есімнің синтаксистік қызметін оқыту Сын есімдер семантикалық жағынан зат есімдер мен табиғи байланыста болып, үнемі заттың сынын, белгісін білдіретіндіктен, сын есімдердің синтаксистік қызметі сөйлем ішінде үнемі анықтауыш қызметін атқарады

Контексте қолдану, зат есімнен басқа сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай сын есімдер сөйлемде пысықтауыш, заттанған жағдайда толықтауыш та болатынын ескеру керек. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту негізінен сөйлем талдау барысында анықталады.

70

Сондықтан сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі - анықтауыш, қосымша қызметі - бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, болатынына бірнеше сөйлем алынып, олар көрнекі құрал сияқты жазылып, сын есімнің қызмет атқарып тұрғанын сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтап меңгерту барысында әрбір сын есімнің қандай қызмет атқарып тұрғанын меңгерту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет