Үстеуді оқыту Үстеу сөздер лексико-семантикалық жақтарынан іс-әрекеттің әр түрлі сындық белгілерін, бейнелік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік жай-күйін білдірумен қатар, қимылдың болу-болмау мақсатын, себебін білдіреді. Үстеу сөздер мағынаға бай келеді, сол себепті үстеулер сөйлемде пысықтауыштың түрін көбейтеді.
Үстеу- грамматикалық белгілері мол категория, сөз табының негізгі үш түрлі принципі үстеуден табылады.
Үстеу мағына, морфология және синтаксистік ерекшеліктері жағынан етістіктің қарамағына қатысты сөз табы екенін оқушыларға меңгертіп, практикалық талдау барысында бірден аңғартып, кейбір ұқсас сөз табынан білуге баулу қажет.
Үстеу мен сын есімнің ұқсас белгілері көп. Сын есімдер, негізінен, зат есімнің алуан түрлі сындық белгілерін білдірсе, үстеулер - етістіктің түрлі белгілерін білдіретін атаулар. Сын есімдер сөйлемде анықтауыш қызметін атқарса, үстеу пысықтауыш болады. Үстеудің шырайлары туралы оқушыларға түсіндіру керек.
Early-earlier-earliest Late- later-latest Hard- harder-hardest -ly жұрнағына аяқталған көптеген үстеулер және барлық көп буынды үстеулер шырайларын more, most сөздерінің көмегімен жасалады.
Wisely- more wisely-more wisely Softly- more softly- most softly Мағынасына қарай үстеулер бірнеше түрге бөлінеді. Негізгілерін ғана атап өтер болсақ: Мезгіл үстеулері: yesterday, today, recently, lately, immediately, once, often, now and then, soon, yet always, already, never, ever.
Мекен үстеулері: outside, there, in front etc. Қимыл-сын үстеулері: well, carefully, intentionally, silently, clearly etc. Мөлшерлік үстеулер: very, much, quite, rather, hardly, mostly, almost, too, so, most etc.
Үстеу сөздері еліктеу сөздермен де семантикалық және сөйлемдегі қызметі жағынан да ұқсастығы бар. Атап айтсақ, үстеу етістіктің алуан түрлі жай күйлерін білдіреді, сол себепті кейбір сұрақтары мен қызметінде ұқсастық ұшыраса береді. Әсіресе бейнелік, сын-қимыл белгілерін білдірудегі ұқсастық жігін ажыратуға талдау барысында баса көңіл аударылады.
Үстеудің сөйлемдегі басты қызметі - пысықтауыш болу.
Достарыңызбен бөлісу: |