Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың әдістері мен тәсілдері
Жоспар: 1. Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың негізгі әдістері 2. Шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану 3. Ағылшын тiлi сабағында қолданылатын сабақтық ойындар
1. Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың негізгі әдістері
«Әдіс» алға қойылған мақсаттарға жету жолдары деген ұғымды білдіреді.Педагогикада әдістерді оқыту әдістері және тәрбиелеу әдістері деп екі үлкен топқа бөледі. «Әдіс» - білім ,білік, дағдыны меңгеру үрдісінде жүзеге асырылатын оқытушы мен оқушы арасындағы өзара байланысты, қалыптасқан іс- әрекеттердің жүйесі .Осы әрекеттердің нәтижесінде оқыту ісі жүзеге асырылады.Әдіс белгілі бір оқыту тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.Тәсіл әдістің құрамдас бөлігі болып есептеледі.Белгілі бір тәсілдердің түрлері әртүрлі әдістерде қолданылуы мүмкін.Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әрекеті екі жақты әрекет : оқытушы- оқушы.Оқыту әрекеті белсенді әрекет, оқытушы оқушыны білім беруге ұйымдастырады, оқытады, бақылайды.Оқушы біліммен танысады, жаттығады, оны қолданады.Оқытушы сыныпта оқыту ісін ұйымдастырады.Шет тілінің алғашқы сабақтарынан бастап сабаққа әр және барлық оқушыны қатыстыруға назар аудару керек. Бұл үшін сабақта жасалатын жұмыстың түрлерін дұрыс таңдап және дұрыс өзгертіп отыру керек, атап айтқанда, жұптық, топтық жұмыс, ойын, жарыс, көрнекілік үнемі қолданылуы керек.Бастауыш сыныпта дыбыстық жазбаларды , кассетаны қолданып, тыңдау және есту дағдыларын қалыптастырған жөн.Сондай-ақ дыбыстық еліктеу, қайталап айту дағдысының да маңызы зор.Оқытушының оқыту әрекетіне түсіндіру, хабарлау,анықтау, түзету және осы әрекеттер арқылы тілді қарым-қатынастың ауызша және жазбаша түрлерінде іс жүзінде қолдануды үйрету жатады.Оқытушының бақылау әрекетіне алынған білімнің меңгерілген деңгейін анықтау үшін жүргізген жұмыстары жатады.Оқытушы оқу материалын көрсетеді, оны түсіндіреді.Мысалы, сын есімнің шырайлары тақырыбында оқытушы тақырыпты ереже арқылы түсіндіріп, оны проектор көмегімен заттарды салыстыра отырып , көрсетуі мүмкін.Әрі қарай ол оқушыларды жаттығуға даярлап, тақырыпты әртүрлі жаттығулар арқылы есте қалатындай дәрежеге
23
жеткізеді.Жаттығу- көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді, кейде оқушылар жаттығудан жалыққандай көрінсе, оқытушы жаттығуды тоқтатып, алынған материалды қолдану кезеңін бастайды.Қолдану кезеңінде оқытушы тілдік материалдың сөйлеуде, оқуда, жазуда дұрыс қолданылуын тексереді.Оқытудың негізгі мақсаттарына байланысты оқытушы көрсету, түсіндіру,жаттығу әдістерін қолданады.
Балабақшада , бастауыш сыныптардағы ағылшын тілін оқытуда ауызша есту әдісі қолданылады, ауызекі сөйлеу оқытудың жалғыз құралы және бұл жағдайдағы бірден – бір мүмкін әдіс. Егер сөйлеуші айтылған сөздің қандай затқа қатысты екенін, сөйлемнің қандай ойды білдіретінін білмесе оны сөйлеп тұр деп айту қиын. Сондықтан бұл жағдайда ең тиімді әдіс – тура әдіс. Бұл әдісті қолданғанда оқушыларға берілетін материал ұқыпты таңдалуы керек. Әр сабақтағы сөздер балалардың қабілетіне сай болуы керек. Мұғалім мына қағиданы есте сақтауы керек: «Алдыңғы алынған сөздерді меңгеріп болмай, жаңа сөздерді алуға болмайды»
Мұғалім сабақта тура әдісті қолдануға тырысты. T: What is it? S: It is a book. Қойылған сұрақтарға оқушы жауап бере алды. Мұғалімнің мақсаты: Іs it а реn? сұрағын таныстыру еді. Ол не істейді? Ол қолына қаламды алып оқушылардан “Іs it а реn?” деп сұрайды. Балалар жауап бере алмаса, мұғалім бірнеше рет қайталайды. Мұғалімге қазақ тіліне жүгінуге тура келеді. Балалар мұғалімнің сұрағын «Қалам қайда?» деп аударады. Балалардың аударуы логикалық жағынан дұрыс. Себебі олар «мынау не?» «What is it?» деген сұрақты біледі, олардың ойынша келесі сұрақ «Қалам қайда?» болуы керек. Мұғалімнің сұрақты бірден аударуы қажет. Тура әдіс бірден нәтижелі болмады, себебі ол дұрыс қолданылған жоқ. Сонан соң мұғалім сұрақты бірнеше рет қайталатады.
Мұғалім тура әдіс бойынша сұрақты былай бастауы керек. Ол әуелі сұрақ қойып, сосын оған өзі жауап беруі керек. Мысалы: Іs it а реn? Yes, it is. It is a реn. (оң қолына қалам алады). Is it a pencil? Yes, it is. It is a pencil. (оң қолына қарындаш алады).
Бұл әдістің нәтижелі болмауы әдістің нашарлығынан емес, оның дұрыс қолданылмауынан.
Мұғалім былай істеуі керек: Is it a pen? No, it is not. It is a pencil. (оң қолына қарындаш алады). Is it a pencil? (оң қолына қалам алады). No, it is not. It is a pen. And so, children! Іs it а реn? Yes, it is.
Оқушылар мұғалімнің сұрақ – жауаптарын тыңдап отырады. Олар түсінуге тырысады. Мұғалім бірнеше рет қайталақаннан кейін оқушылар түсіне бастайды; сосын сұраққа өздері жауап бере бастайды, жаңа сөз тіркесі жаттығу арқылы бекітіледі. Бұл мысал тура әдістің тәжірибесіз мұғалімнің қолдануында нәтижесіз болатынын көрсетеді.
Тура әдістен басқа да оқыту әдістері бар. Мысалы: 1. Show me (him, her, Natasha, Nina) a doll (a bear, a flag). Оқушы затты көрсетеді,
мұғалім оның түсінуін тексереді. 2. Name the thing мұғалім затты көрсетеді, оқушы затты атайды (a doll, a car, a dog немесе сөйлеммен жауап береді. It is a dog. This is a dog) Оқушылар кезекпен жауап береді. Осылайша мұғалім түсінуді, айтуды да тексереді. 3. Guess what it is. Мұғалім заттардың қасиеттерін айтады, балалар заттың атауын айтуы керек. T: It is a big and yellow and has no tail. Ch: A bear (in chorus). Бұл жаттығулар өте пайдалы. Олар оқушылардың жағдайды талдау, е сөздердің атауын есте сақтау қабілетін дамытады. Бұл жаттығулар оқушылардың тілді білу жетістігін бағалауға да мүмкіндік береді. 4. Speak about an object. Мұғалім затты көрсетеді немесе суретті пайдаланады. Ол айтады: It is a cat. The cat is black. I like it. It is nice. Балалар кезекпен сөйлейді. Мұғалім балаларды өз ойын айтуға үйретеді. 5. Answer the question. Мұғалім сұрақ қояды, балалар оған жауап береді. Сұрақтар былай болуы мүмкін: Is it a ? Have you a cat ? Has she a cat ? What is it? Where is it? What
24
colour is the cat? Сұрақтар біртіндеп беріледі. Сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың қалай түсінетінін көрсетеді. 6. Ask the question. Мұғалім оқушыларға заттарды, суреттерді көрсетеді. Олар кезекпен
сұрақ қояды. Бұл жұмыстың түрі онша қиын емес. 7. Say a rhyme. Оқушы не оқушылар тақпақ айтады. Тақпақты айтқанда қимылдарды да
қолданады. 8. Sing a song. Балалар өлең айтады, би де биленеді немесе өлеңнің мазмұнын ашатын
қимылдар да көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |