Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет21/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

7. Көрнекiлiк принципi – шет тiлiн үйрену әдiстемесiнiң келесi принципi. Өйткенi оқыту iс – әрекетi бiр нәрсенi көрiп қабылдау арқылы жүзеге асады. Көрнекiлiк принципi әсiресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы сатысында көбiрек қолданылады.

8. Қиын материалды жеңiлдетiп беру принципi. Бұл принцип бойынша алынатын материал, жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергi келтiрмейтiндей, оқушылардың бiлiм дәрежелерiне сай жеңiл түрде берiлуi тиiс. Кездескен қиындықтарды өз бетiмен немесе мұғалiмнiң көмегiмен шеше алатындай тақырыптар берiледi. Бұл принципте балалардың жас ерекшелігі ескерілуі керек, алынатын тілдік бірліктер оқушының қабылдауына кедергі келтірмейтін, оқушылардың білім дәрежесіне сай түрде берілуі керек. Бұл жас ерекшелігі – балалардың ойын әрекеті, олардың бар жаңа материалды ойын арқылы жылдам және тиянақты қабылдауы. Ойын балалардың қарым – қатынасын және білу қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жоғарыда айтылған принциптердің бәрі – бір ғана мақсатқа ағылшын тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдалануға, сөйлей білуге қызмет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет