Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет35/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

2. Жобалау әдісі Жобалау әдісі - техника мен тәсілдердің жиынтығы, бұл әдіс оқушының алдына проблемалар қояды, бұл проблемалар білім беру жағдаяттары арқылы беріледі, бұл әдіс оқушының өзіндік жұмыстануына мүмкіндік береді.

Жоба - мұғалім әзірлеген, оқушының өздігінен орындайтын іс-әрекеттерінің жүйесі, бұл жүйе оқушының алдына қойылған проблемаларды шешуге бағытталған, ол ауызша немесе жазбаша презентация түрінде ұсынылады.

Жобалауға мынадай анықтама беруге болады: жоба жасауға негізделген әрекеттің ерекше түрі. - педагогикадағы қолданбалы ғылыми бағыт, ол практикалық іс-әрекетті (жұмысты) ұйымдастырып, алдына дамыту, өзгерту, қарама-қайшылықты шешу сияқты мақсаттарды қояды. - ғылыми зерттеу әрекетін жүйелеу және көрсету тәсілі.

- жобаны жасау және жүзеге асыру ісі. - жаңа тұлғаны дамытудың арнайы тәсілі. - оқыту технологиясы. Жобалық оқыту - жобалау әдісін қолданып жоспарланған оқыту. Ол жоба арқылы оқыту. Жобалық оқытуда педагогикалық әрекет мынадай бағыттарға бағытталады:

оку әрекетін белсендендіру: - оқыту әрекетінің нормасын байыту; - қоршаған ортаға деген көзқарасты және ойлаудың (жобасын) түрін қалыптастыру. - білім беру парадигмасын өзгерту. Жобаның түрлері: Әрекет түрлеріне байланысты:

▪ Практикалық бағытталған жоба;

▪ Зерттеу жобасы;

▪ Ақпараттық жоба;

▪ Шығармашылық жоба Оқушылардың санына байланысты:

▪ Жеке жоба

▪ Топтық жоба Құрамына байланысты:

▪ Бір пәнге негізделген

▪ Пәнаралық Уақытқа байланысты:

▪ Мини-жоба (1 сағат)

▪ Қысқа мерзімді (4-6 сабақ)

▪ Апталық (30-40 сабақ)

▪ Ұзақ мерзімді (1 жылдық) Жобалау жұмысының нәтижелілігі оның жоспарына, кұрылымына, кезеңдеріне байланысты болады. Жобалау жұмысы құрамды білім беру стратегиясына жатады, сондықтан ол өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Әр кезең белгілі бір уақытпен жұмыс көлемін талап етеді. Мұғалім оқушыға жобаның мазмұнын таныстырады, әр кезеңнің жасалу ретін өзара байланысын түсіндіреді. Жоба жұмысы 5 кезеңнен тұрады: 1.Ізденіс кезеңі 2.Талдау кезеңі З.Практикалық жұмыс 4.Презентациялау кезеңі 5.Бақылау кезеңі

36


Жобалауға қатысқан оқушылардың білімге, өздерін қоршаған ортаға деген көзқарасы жақсы жаққа өзгереді.

Білім беруге жобалау әдісінің енгізілуінің басты себебі, ғалымдардың зерттеуі бойынша адам оқығанының 10 %, тыңдағанының 20 %, көргенінің 30%, көргені мен естігенінің 50 %, сөйлегенінің 70 %, сөйлегені мен істегенінің 90 %, есте сақтайтындығы жөніндегі тұжырымы жасауы. Жобалау әдісі оқушының сөйлеу мен істеуін, яғни, 90 % есте сақтауды қамтамасыз етеді. Жобалау әдісі білім берудегі үздік технологияларының бірі, ол оқу шыға қазіргі жылдам өзгерісті талап ететін қоғамға икемделуге көмектеседі. Бұл әдіс ақпараттық және қарым-қатынастық құзіреттілікті қалыптастыратын бірден бір әдіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет