Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет36/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

3. Интерактивтік әдістер Соңғы уақытта адамның ойлау қабілетін, мидың жұмысын тиімді пайдалануға арналған әртүрлі әдістер қолданылуда.Оларға әлеуметтік- психологиялық тренингтер, морфологиялық талдау, іскерлік ойындар, ой қозғау т.б. жатады. «Ой қозғау»- ағылшын тілінде «brain storming» ( метод корзинки)- белсенді оқытудың, басқару мен зерттеудің әдістерінің бірі, ол ой белсенділігін, шығармашылық және инновациялық процесстерді дамытуға көмектеседі.

Бұл әдістің тарихы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американ кораблінде қызмет еткен А.Осборннің атымен байланысты. Кеменің кеңесінде кемені жапон торпедоларынан қорғаудың тиімді жолдары қарастырылды.Юнгадан капитанға дейін өз ойларын айтатын болды.Олардың ойлары қағазға жазылып отырды. Теңізшілердің бірі бір қарағанда күлкілі көрінетін ой айтты, бірақ осы ойдың негізінде жақсы шешім қабылданды.

50-ші жылдардың аяғында американ психологы А.Осборн университетте жұмыс істеп, ой қозғау әдісін тарата бастады.Бұл әдіс іс-әрекеттің барлық саласында қиын мәселелерді шешу үшін қолданылды.Әдіс ,әсіресе,проблема қою, гипотеза ұсыну сияқты мәселелерді шешуде өте тиімді болды.Бұл мәселелердің қатарына техникалық, ұйымдастыру, басқару және педагогикалық мәселелерді жатқызуға болады. «Ой қозғау» әдісі шығармашылық белсенділік пен өнімділіктің қозғаушы көзі болғандықтан, жаңа, ерекше идеялардың пайда болуына кедергі жасайтын «сынның» мүлдем болмауы сияқты психологиялық механизмге негізделген. «Ой қозғауға» қатысушылар өз ойларын ешқандай қорқынышсыз,күдіксіз айта алу үшін өзге қатысушылар тарабынан айтылатын сынның болмауы әртүрлі шешімдердің пайда болуына жол ашады.

«Ой қозғау» әдісі 50-ші жылдардан бастап АҚШ, Ұлыбритания, Франция,Жапония дами бастады.Ресейде бұл әдіс 70-ші жылдардан бастап инновациялық ойларды жүзеге асыруда қолданыла бастады.

«Ой қозғау» әдісін былай сипаттауға болады.

«ОҚ» жүргізуші қатысушылардың алдына белгілі проблеманы қояды да, оны шешудің жолдарын айтуды ұсынады.Ұсыныстар кейде күлкілі болып көрінуі мүмкін.Жүргізуші тақтаға, қағазға барлық ұсыныстарды жазып отырады.Бұл кезде ешқандай сын, талдауболмайды.Жүргізуші ұсыныстарды айту тоқтағанша жаза береді. Әр қатысушы өз ойының пайдаға асатынына сенімді болуы керек.Бұл проблеманың рациональды шешімін табуға көмектеседі. Бұл әдістің тиімділігін арттыру үшін қатысушыларды көбірек идеялар ұсынуға итермелеу керек ол үшін жүргізуші белсенді, өз ісіне сенімді болуы керек.

Әдісті педагогикалық процесте қолдану үшін оны жүргізу технологиясына тереңірек тоқталайық.

«Ой қозғауды» жүргізу технологиясы «Ой қозғау» әдісінің мақсаттары: 1.проблеманы шешу идеяларын ойлап табу 2.маңыздылығына байланысты идеяларды топтастыру 3. белсенді ойлау дағдысын қалыптастыру 4.ерекше ойлардың пайда болуын көрсету 5. «табылған» идеяларды пайдалану біліктілігін қалыптастыру.

37

Шығармашыл ойларды кейде орынсыз сын мен дәстүрлі ойлар басып тастайды, тіпті күшті шығармашыл тұлғаның өзі сыншыларға қарсы тұра алмайды, ол өз уақытын «бос» дәлелдеуге жұмсағысы келмейді.Сондықтан «ОҚ» -да ережелер қолданылады.



Ережелер 1.Идеяларды ұсыну кезінде ешқандай сын, әжуә болмауы керек. 2. Фантастикалық идеялар құпталады. 3. Барлық идеялар видео, аудиожазбаларға жазылады. 4. Қатысушылар бір-біріне тәуелді емес. 5.Аналитиктер тобы идеяларды анализдеп, синтездеп, сын, бағалау, іріктеуді жүзеге асырады.

«Ой қозғауды» жүргізу жоспары

No «ОҚ» кезеңдері мен қысқаша мазмұны Регламент


I кезең 1.1. «ОҚ»-ға кіріспе: қатысушыларды ұйымдастыру, атмосфера

қалыптастыру.Өткізу мақсаттары, ережелері мен технологиясы туралы ақпарат беру.

10


1.2. «ОҚ»-дың девизін таңдау, тақтаға жазу 10 1.3. Проблеманы қою және түсіндіру 10

II кезең 2.1 Қатысушыларға және олардың ойларына психологиялық қолдау

көрсету, ереженің сақталуын бақылау

5-10


2.2. Идеяларды ұсыну, аналитиктердің оларды жазып алуы 20-30

III кезең 3.1. Аналитиктердің идеяларды жүйелеуі және бағалауы, жинақтауы 15

IV 4.1. Идеяларды сынау. Бас аналитиктің баяндамасы 20, 10

мин- баяндама V 5.1. Қортындылау 5

1,5-2 сағ. 1.1. «ОҚ»-ға кіріспе кезінде жүргізуші істі жүргізу үшін жайлы жағдайлар жасап,

қатысушыларды ұйымдастыра білуі керек; қатысушыларды жайлы отырғызып, әдемі музыканы тыңдатып, шай, кофе ұсынуға болады. Ойлау және эмоциональдық фонды жасау үшін жүргізушінің өзі аудиториямен еркін, ашық, белсенді сөйлесуі керек. Бірнеше психологиялық тренинг өткізуге болады.Әрі қарай ой қозғаудың мақсаттары, жоспары, ережесі экранға, тақтаға жазылады. 1.2. Жүргізуші ой қозғаудың девизінің бірнеше нұсқасын тақтада ұсынады.Қатысушылар

біреуін таңдайды. Мысалы: 1. Біз мәселені шешеміз! 2. Әр проблеманың бір шешімі бар! 3. Проблемаларды шешуді үйренеміз! 1.3. Бұл кезеңде басты роль жүргізушіге беріледі. Жүргізуші бірнеше проблемалардан

біреуін таңдауды ұсынады.Таңдалған проблема маңызды, таныс, қызықты болуы тиіс. Проблема таңдалғаннан кейін оның жалпы талдауын жүргізу керек: 1. қиындық неде 2. шешімінің орындалуы 3. проблеманың жақсы , жаман жақтары 4.күрделі сұрақтарды анықтау. Бұл талдау қатысушыларға бағыт береді. 2.1.Сонымен ой қозғау басталады. Берілген ойларды қолдай отырып, жүргізуші ойларды жинай бастайды.Ойлар мынадай форматта беріледі: Ой қозғаушыларға Проблема:

38

Ой Проблеманы шешу



авторының аты- жолындағы

жөні. ойларыңыз 1. 2. 3. 2.2.Ойларды айту кезеңінде әр қатысушы өз ойын айтады. Жүргізуші ойларды жазып отырады. Егер қатысушылар қиналса проблеманы сәл өзгертуге болады.Кезеңнің аяғында жүргізуші қатысушыларға рахмет айтады. 3.1.Синтездеу кезеңінде жұмысқа аналитиктер кіріседі.Аналитиктер тобы 3-5 адамнан тұрады.Олар барлық ойлар жазылған қағаздарды жинайды да корзинкаға салады (basket method-метод корзинки), әрі қарай ойлар жүйеленіп, бағаланады, бағалы ойлар атап өтіледі. 4.1. Сынау кезеңінде аналитиктер 2 топқа бөлінеді: 1.аналитиктер-қорғаушылар 2. аналитиктер- сынаушылар, 1-лер ойды қорғайды, 2-лер ойды сынайды.

Сонан кейін ойлар 3 корзинкаға бөлінеді:

Жаңа ойлар Бұрыннан белгілі Соңынан талданатын

ойлар ойлар

Жүргізушілер регламенттің сақталуын бақылап, аналитиктерге кеңес беріп отырады. Аналитиктер форматтарды толтырады. Аналитиктер үшін Аналитиктердің аты-жөні: 1.Қатысушылардың саны: 2. Ойлардың саны: 3.Сапалық көрсеткіштер: а ) жаңа ойлар б)белгілі ойлар с) өзге ойлар 4.1,2 корзинкалардағы ойларды атап өту, талдау 5.Ерекше ойларды, авторын атап өту Бас аналитиктің баяндамасы 10 минут уақыт алуы керек. 5.1.Қортындылау. Ой қозғауды талдау оны белгілі бір тұрақты форматта жүргізудің мүмкін еместігін көрсетті.Оны әр түрлі нұсқаларда жүргізуге болады.

3 корзинка тақта, экран

Ойыңыздың жаңалығы неде? Қандай қиындықтары бар? Күтілетін нәтижелері қандай?

39

жүргізушіге, аналитиктерге



бас арналған формат аналитикке

арналған формат

ойларды жазуға арналған маркерлер формат

«Дөңгелек үстел» әдісі

«Дөңгелек үстел» әдісі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын интерактивті әдістердің бірі. «Дөңгелек үстел» 1,5-2 сағатқа есептеледі. «Дөңгелек үстелдің» тақырыбы алдын-ала белгіленеді.Сөйлеушілер 10 минуттан уақыт алады,ал пікірталасқа қатысушылар 3-5 минуттан уақыт алады.Бұл әдіс белгілі бір проблемны шешуге арналған пікірталастың бір түрі. «Дөңгелек үстел» мынадай 3 кезеңнен тұрады: 1.әзірлік 2.талқылау 3.талқылаудан кейінгі 1.Әзірлік кезеңі

• Проблеманы таңдау

• Жүргізушіні сайлау

• Қатысушыларды жинақтау

• Қатысушыларға хабарлау

• Қатысушыларды әзірлеу

Сценарий таңдау

• Өтетін бөлмені әзірлеу

• Техникалық құрал-жабдықтарды әзірлеу 2. Талқылау кезеңі

• Жүргізушінің сөзі

• Ақпарат ұсыну

• Видео-аудио жазбалар жасау

• Қатысушылардың талқылауы, сұрақ-жауап жұмысы

• Кіші қортындылар жасау

• Жүргізушінің қортынды жасауы, ұсыныстар жасау 3.Талқылаудан кейінгі кезең

• Ақпаратты өңдеу

• Қажетті материалды жіберу «Дөңгелек үстел» ақпарат пен қарым-қатынас жасаудың ең тиімді әдісі.

«Пресс-конференция» әдісі

«Пресс-конференция» сабақ өткізудің өте белсенді,жедел түрі, ол ақпараттық әрекетке негізделген.Сабақтың негізі сұрақ-жауап жұмысы. Студенттер- интервьюерлер, мұғалімдер- респонденттер. «Пресс-конференцияны» өткізу процедурасы «Пресс-конференция» 2 кезеңнен тұрады : 1.даярлық 2.талқылау 1.Даярлық кезеңі мынадай бөліктерден тұрады

40


• Проблеманы анықтау

• Сұрақтарға жауап берушілерді жинақтау

• «Пресс-конференция» анонсы

• Техникалық құралдарды даярлау

• Көрме ұйымдастыру 2.Пікірталас кезеңі

• Шараны презентациялау

• Жүргізушілер мен респонденттерді таныстыру

• Қатысушыларды таныстыру

• Сұрақ-жауап жұмысы

• Жүргізушінің қортындысы «Пресс-конференцияның» функциялары.

• Қарым-қатынастық

Ақпараттық

• Мотивациялық

• Маркетингтік

• Координациялық

• Анализдеу

• Болжау

• Ұйымдастыру

• Шешім қабылдау

• Бақылау Ақпараттың түрлері:

• Жеке

• Анонимді

• Вербальді

• Формальді

Шараны өткізуге арналған реквизиттер:

• әдістемелік әдебиеттер

сценарий

• көрме


• фломастерлер, қағаз

• видеокамера, микрофон, компьютер, интерактивті тақта





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет