Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру. Шет тілін оқытудағы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз-ақпаратты анықтап, оны іздеуді жоспарлау,ақпаратты бөліп алу,өңдеу, оны белгілі бір жағдайларда пайдалана білу, көрсете білуді қалыптастыру. Бұл шет тілін оқытудағы дәстүрлі бағыттардың бірі. Мәтіндер, ережелер, мысалдар түрінде берілген ақпарат оқушыларға жаңа материалды оқытудың басты құралы.Ақпараттық құзыреттілікке ақпаратты әртүрлі көздерден таба білу,соның ішінде компьютер, интернет,мультимедиа,электрондық оқулықпен жұмыс жасау мүмкіндіктері де жатады.Ақпаратты табу,сақтау,тасымалдауды қазіргі ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру да осы құзыреттілікке жатады. Оқушылар проблемалық- жағдаяттық тапсырмаларды орындай отырып, оны қарым- қатынастық негізде шешеді, сөздік ойлауды және өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Іс- әрекеттік компонент әр оқушының жеке жұмысын, алдына мақсат қоюын жоспарлап,
32
жоспарды орындаудағы стратегиялық қадамдарды анықтап, кедергілерді жойып, өз сыныптасымен бірігіп жұмыс жасай орындап мақсатқа жетуін анықтайды.
Проблеманы шешу,ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерге бағытталған білім беру үшін шет тілі сабақтарында жобалау әдісін қолдану ыңғайлы. Бұған жеке жұмыс, топтық жобалау, халықаралық жобалау үлгілерін де қолдануға болады. Бұл жұмыстарды Интернет технологиясы арқылы жүзеге асырамыз.
Жобалық тапсырмалар өнімді іс-әрекеттің барлық компоненттерін қамтиды. Ол проблеманы қоюдан басталып, мақсат қою, нәтижеге үнемді жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру, күтілген нәтижеге қол жеткізу және жетістікті бағалау сияқты әрекеттерді жүзеге асырады. Ақпараттық құзыреттіліктің іс-әрекеттік компонентін қалыптастыру шет тілін оқығанда мүмкін болады. Тереңдетіп оқыту тілді жаратылыстану не гуманитарлық ғылымдармен біріктіре отырып оқушылардың табысты әрекеттенуіне, шетелдік информациялық ресурстарды пайдалана білуге жол ашады.
Білім берудегі «құзыреттілік» бағыты көп салалы ұғым, оны білім беру ісіне енгізіп, пайдалану, оны нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі құралына айналдыру, сол арқылы әлемдік білім кеңістігіне шығып, еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын маман даярлау білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған қызықты да күрделі міндет.
Сұрақтар:
1. “Техника” дегенiмiз не? 2. “Технология” деген сөз ненi бiлдiредi? 3. “Оқыту технологиясы” деген ұғымның анықтамасы қандай? 4. “Оқыту технологиясының” “Оқыту әдiстемесiнен” айырмашылығы қандай? Тапсырмалар:
1. Берiлген сұрақтарға жауап бер. 2. Әртүрлi әдiстемелiк әдебиеттерден оқыту технологиясы туралы тауып, талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |