Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыру. Психология ғылымы білімді игеру, тәжірибе жинақтау, проблемалық міндеттерді шешу, оқу әрекетіне әзірліктің не екенін классикалық тәжірибелер арқылы көрсетіп берді. Павловтың жасаған тәжірибелері «дұрыс және бұрыс реакцияның» қалай қалыптасатынын көрсетіп берді. «Стимул – реакция» формуласымен берілген бихевиоризм «дұрыс жауаптар» берудің психофизиологиялық негізіне айналды. «Бихевиоризмнің» ғылыми құндылығы әлденеше рет сынға алынды. Бірақ бұл бағыт әлі күнге дейін қолданыста болуда.
Когнитивтік психология пәндік білімнің информацияны мұғалімнің оқушыға жеткізуінен және олардың бірігіп жұмыс жасауынан тұрады дейді.
Ал проблемалық тапсырманы шешу белсенді оқудың нәтижесінде, ойлау, саралау, пікірлесу, жеке және коллективті ойлардың біліктілігін қалыптастыра отырып, білімді нақты жүйелеу арқылы жүзеге асады. Проблемалық тапсырманы шешу терең білімді, оның өмірмен тығыз байланыстылығын талап етеді. Бұл әрекетті былайша көрсетуге бола
31
Білім Білімді беру
Проблемаларды Технологияларды қолдану
анықтау
Іс- әрекетті Іс-әрекетті,нәтижені бағалау Жоспарлау
Оқушы мұғалім ұсынған проблеманы анықтайды,проблеманы шешу жолдарын анықтап,оны жоспарлайды,қажетті технологияларды қолданады, мүмкіндіктерін саралайды,іс-әрекетін,оның нәтижесін бағалайды,өз қызметін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |