Г. О. Устенова А. Ш. Амирханова



Pdf көрінісі
бет109/132
Дата12.12.2022
өлшемі9,55 Mb.
#56778
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132
    Бұл бет үшін навигация:
  • Ureasum
Фракциялык тазалау. Органикалык ертікіштерді пайдалана отырып 
фракциялык тазалау үшін спирттер (этанол, метанол, изопропанол,


194
VIтарау
ацетон, сирек диоксан, диэтилкарбинол, ароматты және гетероциклді 
аминдер) колданылады. Денатурациялану әсерін азайту үшін тұнуды 
томен температурада жүргізеді.
Тұздардың әсерінен ферменттерді фракциялау кезінде аммоний 
сульфатын жиі, ал натрий сульфаты мен ацетатын сирек пайдалана- 
ды. Органикалык еріткіштерден айырмашылығы алынған материал- 
дардан түздык тұндырғыштарды үзак уакыт алатын диализбен жоюға 
болады.
Ферменттер белсендірілген көмірде крахмалда және оның ту- 
ындыларында, мырыш гидроксидінде, магний, алюминий, мыс 
гидроксидінде, бетонитте, каолинде, кальций үш фосфатының гелінде, 
целлюлоза мен онын туындыларында жэне баска да материалдарда ад- 
сорбциялану мүмкіндігіне ие.
Ион алмасу хроматографиясы. Ион алмасу хроматографиясы 
ферменттерді тазалаудын тандамалы әдісі болып табылады, онын 
негізіндегі ерітіндідегі ионит пен акуыз арасындағы алмасу реакция- 
сы жатыр. Бүл кезде берілген заттың pH мәнінде (үлкен зарядты зат 
күштірек үсталады және кеш элюиацияланады) катысып отырған 
заттардын 
косындылык 
зарядтарындағы 
айырмашылыктарына 
негізделген. Ионит ретінде кышкыл радикалдары бар катиониттер: 
карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ); фосфоцеллюлоза (ФЦ); сульфоме- 
тилцеллюлоза (СМЦ); сульфоэтилцеллюлоза (СЭЦ) пайдаланады.
Сондай-ак кұрамында негіздік топтары бар иониттер колданыска 
ие, мысалы: аминоэтилцеллюлоза (АЭЦ); диэтиламиноэтилцеллюлоза 
(ДЭАЭЦ); этилцеллюлоза (ЭЦ); триэтиламиноцеллюлоза (ТЭАЦ); гуа- 
нидиноэтилцеллюлоза (ГЕЦ).
Бөлу және концентрлеу. Ферментті акуыздарды бөлу және кон- 
центрлеу үшін көлденең байланыспен белгілі бір аралык аркылы 
байланыскан және акуыздарды олардың молекулалык массаы бойынша 
бөлуге кабілетті өзіндік формасы бар молекулалык сита түзетін декстран 
полисахаридінін полимерлік тізбегі — сефадексті пайдалана отырып, 
гель-фильтрация әдісі колданылады. Гель-фильтрациясы кезінде не- 
месе эксклюзивті хроматографиясы кезінде хроматографиялык ко- 
лонкадан шығатын заттын шығым уакыты онын молекуласы мен 
молекулалык массасына (өте ірі молекулалар сорбент саңылауына 
кірмейді және ертерек элюацияланады) тәуелді.
Ферменттік ақуызды концентрлеу үшін ультрафильтрация жиі пай­
даланады. Бұл әдіс төменгі молекулалы косылыстарды кысым әсерінен 
жіберуге кабілетті, селективті мембранадағы жоғарымолекулалык және


Ферментті препараттар
195
төмен молекулалык косылыстарды бөлуге негізделген. Ультрафильтра­
ция этанолмен фракциялауды пайдаланумен 5-10 есе тиімдірек.
Ферменттерді кристалдау. Ферменттерді кристалдау оларды таза- 
лаумен күрделі әджүзеге жатады және өткен субстанцияларды концен- 
трлеу мен сатылы тазалауға колданылады.
Кристалдык күй ферменттік акуыздың гомогенділігінін критерий 
болып табылмайды, баска да әдістермен (полиакриламид геліндегі 
дискэлектрофорез, ультрацентрифугалау және т.б.) косымша растау- 
ды кажет етеді. Кристалдану әдістері мен техникасы әрбір ферментке 
жеке-жеке тандалады.
Уреазу ( Ureasum) кәдімгі карбыз дәндерінен алады (Citrullus 
vulgaris L.).
 
Препарат технологиясы С.И. Дехтяров (ГНЛЦС) жа- 
сап шығарады. Карбыздын ұсакталған дәндерін нартий хлориді мен 
натрий карбонаты (рН=7,9-8,1) тұздарынын ерітінділерін аздап 
араластыру барысында 22±2 °С температура кезінде реакторда экс- 
тракцияланады. Белгілентен уақыт өтісімен реактордағы заттарды 
центрифуганын айналатын барабан конусына аударады. Фильтрлеуші 
материал ретінде барабанды екі кабаттап жабатын без колданылады. 
Центрифуга роторынын айналу жиілігі 3000 айн/мин. Центрифуга 
кабылдағышындағы лай экстрактты центрифуга стакандарына жеке- 
жеке бөліктермен ауыстырады.
Экстрактты мұкият ыдыска кұяды және +10 °С суу үшін мұздаткыш 
шкафка орналастырады.
Уреазаның экстракттан бөлінуін аммоний сульфатынын буферлі 
ерітіндісіндегі каныккан ерітіндімен үздіксіз араластыру барысында 
реакторда өңдеу жолымен жүзеге асырады. Акуыз тұнбасынын түзілген 
суспензиясын 6 сағат бойы койып қояды. Берілген уакыт өтісімен су- 
спенияны реактордан центрифуга стакандарына ауыстырады да 20 ми­
нут бойы центрифугалайды. Ілеспелі акуыз тұнбасын тастайды да, 
тұнбаған сұйыктықты қайтадан реакторға береді.
Реакторға аммоний сульфатынын каныккан ерітіндісін коса оты- 
рып екінші рет тұздайды. Реактордағы суспензияны 12 сағатка тастай­
ды. Осы уакыт өтісімен белсенді ферменттен тұратын акуыз түнбасын 
ротор айналымының 3000 айн/мин жиілігінде 30 минут бойы центри- 
фугалаумен бөледі. Алынған түнбаны тазартылған суда ерітеді және 
мұздаткыш шкафта +10 °С температураға дейін суытады.
Содан сон ферментті 1:2 катынасындағы этанолмен фракциялык 
түндыруды жүгізеді. Түзілген суспензияны центрифуга стаканда­
рына аударады да 15 минут бойы центрифугалайды. Жакпамай


196
VI тарау
түріндегі белсенді фермент тұнбасы стакан түбінде калады. Тұнбаны 
тазартылған суда ерітеді және температураның оптималды режимінде 
(—40) °С; +30 °С сублимация әдісімен кептіреді. Мұздату үзактығы — 
кептіру 2-3 сағат, кептіріп біту — 8-10 сағат. Препарат шығымы 0,3%. 
1 г препаратта белсенділік 1500 ЕД немесе 1 мг акуыздағы активтілік 
100-200 ФЕ.
Уреаза мочевинаның көміркышкыл газы мен аммиакка гидролиз- 
дену реакциясын катализдейді. Микрокапсулданған уреазаны канды 
мочевинадан тазарту үшін және «жасанды бүйрек» аппаратында гемо­
диализ жүргізу үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет