ЭНДОКРИНОЛОГИЯ 2 УРОВЕНЬ
#927
*!45 жастағы ер кісі әсіресе күннің соңында күшейетін үдемелі әлсіздікке, шаршағыштыққа, кеуде бөлігіндегі терінің қараюына, құсуға, басының ауруына шағымданады. Тағамына қосымша ас тұзын қосады. Өзін соңғы бір жыл көлемінде аурумын деп санайды. Айтуынша, 8 жыл бұрын қызылшамен ауырған. ЖҚА: салыстырмалы лимфоцитоз, эозинофилия. Кортизол деңгейі – 250 нмоль/л. (қалыпты жағдайда 200-700 нмоль/л), АКТГ- 28 (қалыпты <22 пмоль/л).
Төменде берілген зерттеулердің қайсысы ЕҢ маңызды?
*инсулин
*+электролиттер
*катехоламиндер
*азотты қалдықтар
*шумақты фильтрация жылдамдығы
#928
*!Қабылдауда шөлдеуге, салмағының артуына, әлсіздікке шағымданған 53-жастағы ер кісіге ем тағайындалды. Биохимиялық анализде қандағы қант 6,2 ммоль/л. 3 күннен соң тағайындалған препарат фонында жиіленген сұйық нәжіс және іштегі ауру сезімі пайда болды. Дәрігер бұл жағдайды осы қабылдаған препараттың жанама әсерімен түсіндірді. Қай топтың препараттарын қабылдау аталған жанама әсерлерді шақыруы мүмкін?
*инсулиндер
*глинидтер
*тиазолидиндиондар
*+α-глюкозидаза тежегіштері
*сульфонилмочевина препараттары
#929
*!27 жастағы әйел денесінің жоғарғы бөлігінде майдың жиналуына, бұлшықеттік әлсіздікке, терісінің жұқаруына, іште және санында стриялардың пайда болуына, басының ауруына шағымдануына байланысты кіші дексаметазонды сынама жүргізу ұсынылды.
Аталған сынаманы жүргізуге ЕҢ басты мақсат қандай?
*Кушинг ауруы мен синдромы арасында дифференциальды диагностика
*екіншілік гипокортицизм мен СТГ-жетіспеушілікті ажырату
*+эндогенді артық кортизол продукциясын анықтау
*глюкозаға толеранттылықтың бұзылысының диагностикасы
*гипофиздің гонадотропты қорын бағалау
#930
*!32 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауру сезіміне, жүрек қағуға, жүдеуге шағымданады.Қарап тексергенде: терісі ылғалды, саусақтардың треморы, ААҚ - 160/70 мм рт. ст., пульс – 130 соққы минутына. Зерттеу барысында: ТТГ 0,01 мед/л (0,4-4,0 мед/л), бос Т4 36 пмоль/л (10-23 пмоль/л).
Төменде көрсетілгендердің қайсысы аталған шағымдардың ЕҢ ықтимал себебі болып табылады;
*гипотиреоз
*+гипертиреоз
*гипокортицизм
*гиперкортицизм
*гиперальдостеронизм
#931
*!25 жастағы әйел мойын аймағындағы ыңғайсыз сезімге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Көңіл-күйінің нашарлауын күйзеліспен байланыстырады. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы - С. Терісі құрғақ, ұстағанда салқын. Қалқанша безі пальпацияда 2 дәрежелі үлкейген, тығыз, біркелкі емес, ауыру сезімсіз. Пульс - 60 соққы минутына, АҚҚ - 110/70 мм.с.б.б.. Қан анализі: НВ - 104 г/л, эр- 3,8 мың., СОЭ - 10 мм/сағ. ТТГ 16 (0,4-4,0).
Берілген аурулардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*фиброзды тиреоидит
*қалқанша безінің рагы
*жеделдеу тиреоидит, гипотиреоз фазасы
*+аутоиммунды тиреоидит, біріншілік гипотиреоз
*2 дәрежелі эндемиялық жемсау, біріншілік гипотиреоз
#932
*!43 жасар әйел жүрек қағу, қатты бас ауруы, лоқсу, тершеңдік, дірілдеу, АҚ 200/100 мм сын.бағ. дейін көтерілуімен жүретін ұстамаларға шағымданып түсті. Аталған шағымдар шамамен бір жыл бұрын басталған. Соңғы уақыттарда олар жиілеп, ұзара бастаған. Седативті және гипотензивті препараттар оң әсерін бермейді. Ұстама аралық уақыттарда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. АҚ қалыпты.
Диагнозды нақтылау үшін қай көрсеткішті анықтау ЕҢ тиімдірек?
*+метанефриндерді
*альдостерон
*гликемия
*кортизол
*тироксин
#933
*!46 жасар әйел жүрек қағу, қатты бас ауруы, лоқсу, тершеңдік, дірілдеу, АҚ 200/100 мм сын.бағ. деййін көтерілуімен жүретін ұстамаларға шағымданып түсті. Аталған шағымдар шамамен бір жыл бұрын басталған. Соңғы уақыттарда олар жиілеп, ұзара бастаған. Седативті және гипотензивті препараттар оң әсерін бермейді. Ұстама аралық уақыттарда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. АҚ қалыпты.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*климактериялық кардиопатия
*нейроциркуляторлы дистония
*жүректің ишемиялық ауруы
*гипертониялық ауру
*+феохромоцитома
#934
*!28 жасар әйел айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа, денесінің ашық жерлері мен жанасу орындарының күшейген пигментациясына, тұзды тағамдарға құштарлығының артуына шағымданады. 4 жыл бұрын өкпенің ошақты туберкулезімен ауырып, тубдиспансерде тіркеуде тұрған. Қарап тексергенде арықтау, терісі гиперпигментацияланған, қызыл иек шырыш қабатында, алақан жүлгелерінде қарайған дақтар бар, буындары қарайған, жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс-78 рет минутына. АҚ -90/60 мм сын.бағ.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*гранулематозды артериит
*гипофизарлы жеткіліксіздік
*миелодиспластикалық синдром
*+бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі
*диссеминироленген өкпе туберкулезі
#935
*!34 жасар әйел бұлшықет әлсіздігіне, бас ауруына, көру нашарлауына, құлағының шуылдауына, салмағының майдың біркелкісіз кеуденің жоғарғы бөлігіне көп жиналуымен дене салмағының артуына шағымданады. Қарап тексергенде: артық салмақты, беті дөңгелек ай тәрізді, қызыл, іші үлкен, аяқ-қолдары арық. Терісі мрамор тәрізді сәл құрғақ. Іш және сан терісінде күңгірт-көкшіл түсті стриялары бар. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс-72 рет минутына. АҚ-165/100 мм сын.бағ.
Диагнозды нақтылау үшін қай бездің МРТ зерттеуі ЕҢ тиімдірек?
*эпифиз
*+гипофиз
*аналық бездер
*қалқанша безі
*ұйқы безі
#936
*!17 жасар жас қыз дене салмағының артуына, қатты бас ауруына шағымданады. Сан, іш, кеуде бездері терісінде жалпақ күңгірт стрялар бар. АҚ - 140/90 мм сын.бағ. КТ: бүйрек үсті безінің екі жақты гиперплазиясы. Қандағы кортизол сағат 8.00-де -1060 нг/л (норма 260-720 нг/л), сағат 14.00 -1250 нг/л.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*карциноидты синдром
*+Иценко-Кушинг ауруы
*Иценко-Кушинг синдромы
*гипофиз инцинденталомасы
*толық емес гипопитуитаризм
#937
*!42 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады.
Көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу ЕҢ тиімдірек?
*нейросонография
*эластосонография
*электроэнцефалография
*+бас ми МРТ
*брахиоцефалды тамырлар УДДГ
#938
*!43 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады
Көрсетілген гормондардың қайсысын тексеру ЕҢ тиімдірек?
*тироксин
*эстрадиол
*тестостерон
*+кортизол
*адреналин
#939
*!44 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады. Тексеру барысында қандағы кортизол деңгейі - 850 нмоль/л (норма 50-450 нмоль/л) екені анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық сынаманы жүргізу ЕҢ тиімдірек?
*құрғақ тамақтанумен
*+дексаметазонмен
*инсулинмен
*клофелинмен
*адреналинмен
#940
*!38 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады. Тексеру барысында қандағы кортизол деңгейі - 850 нмоль/л (норма 50-450 нмоль/л) екені анықталды. Гипофиздің МРТ-сы: Гипофиз аденомасы өлшемі 10 мм-ден асады. Супраселлярлы өсу.
Төменде берілген ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*феохромоцитома
*пролактинома
*соматотропинома
*+кортикотропинома
*андростерома
#941
*!Дәрігерге 45 жасар әйел қызарумен, қорқу сезімімен, жүрек қағуымен, тершеңдіпен, ентігумен, іштегі ауру сезімімен жүретін АҚҚ-ының көтерілу ұстамаларына шағымданып қаралды. Ұстама ұзақтығы бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады. Ұстамадан кейін жағдайы жақсарады, бірак тершеңдік сақталады. Ұстамадан кейін полиурия байқалады. ЖҚА: гемоглобин-143 г/л, эритроцит- , лейкоцит , ЭТЖ-16 мм/сағ., глюкоза - 6,2 ммоль/л. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок-теріс. Гликемиялық профилі: сағ 08.00-5,1 ммоль/л, сағ 11.00-6,4ммоль/л. Метанефриндер мен қандағы бос катехоламиндер концентрациясы 2 есе жоғары.
Қандай аспапты зерттеуді жүргізу ЕҢ тиімдірек?
*аналық бездер УДЗ
*омыртқа рентгені
*+бүйрек үсті безі КТ
*пункциялық биопсия
*электрокардиограмма
#942
*!Дәрігерге 45 жасар әйел қызарумен, қорқу сезімімен, жүрек қағуымен, тершеңдіпен, ентігумен, іштегі ауру сезімімен жүретін АҚҚ-ының көтерілу ұстамаларына шағымданып қаралды. Ұстама ұзақтығы бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады. Ұстамадан кейін жағдайы жақсарады, бірак тершеңдік сақталады. Ұстамадан кейін полиурия байқалады. ЖҚА: гемоглобин-143 г/л, эритроцит- , , лейкоцит , ЭТЖ-16 мм/сағ., глюкоза - 6,2 ммоль/л. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок-теріс. Гликемиялық профилі: сағ 08.00-5,1 ммоль/л, сағ 11.00-6,4ммоль/л. Метанефриндер мен қандағы бос катехоламиндер концентрациясы 2 есе жоғары.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*кортикоэстрома
*+феохромоцитома
*пролактинома
*соматотропинома
*андростерома
#943
*!67 жасар ер кісіні қабылдау бөліміне бұлшықеттерінің ауруымен, ентігумен ауыр халде жеткізілді. Анамнезінде – ЖИА, АГ. Метформин 1000 мг күніне 2 рет және глимепирид 2 мг 1 ррет қабылдайды. Соңғы уақыттарды аяқтарында ісік пайда болды.
ЕҢ алдымен қандай тексеру жүргізу тиімдірек?
*+қандағы лактатты
*зәрдегі глюкозаны
*қанды гематокритке
*зәрді кетон денелеріне
*қанды кетон денелеріне
#944
*!Ер кісі, 62 жаста. 12 жыл бұрын аузының құрғауы, шаршағыштық пайда болған. Гликемия деңгейі 8 ммоль/л жоғары болғандықтан метформин тағайындалған. Соңғы жыл көлемінде қосымша диабетон тағайындалған. Соңғы бір ай көлемінде 5 кг жүдеп, шөлдеу және полиурия дамыған. Өздігімен бақылау кезінде гликемия ашқарынға 15 ммоль/л.
Төменде берілгендердің қайсысын науқасқа тағайындау қажет?
*глинидтер
*глитазондар
*бигуанидтер
*+инсулин
*сульфонилмочевина
#945
*!60 жастағы әйелге, ертеректе ашқарынға гликемия 8,2 ммоль/л болғандықтан 8 жыл бойы метформин 1000 мг тәулігіне қабылдайды. Жақын күндерде жедел пневмониямен сырқаттанып қалды, нәтижесінде зәрінде ацетон анықталған.
Осы уақытта қандай препарат ЕҢ бірінші кезекте көрсетілген?
*глинидтер
*+инсулин
*бигуанид
*глитазон
*сульфонилмочевина
#946
*!50 жастағы ер кісі емханаға аузының құрғауына, шаршағыштыққа, артық салмаққа, жоғары тәбетке шағымданып келді. Қарап тексеру кезінде ДСИ 34, терісі құрғақтау. Ашқарынға гликемия 7,2 ммоль/л. Зәрінде аглюкозурия, ацетон теріс.
Берілген науқасқа қандай препаратты тағайындау ЕҢ бірінші кезекте көрсетілген?
*инсулин
*гликлазид
*+метформин
*глибенкламид
*тиазолидиндион
#947
*!58 жасар ер кісі ең алғаш рет жиіленген фурункулезге және аузының құрғауына байланысты дәрігерге шағымданғаннан бері соңғы бір жыл көлемінде өзін аурумын деп санайды. Дәрігер метформин 1000 мг/тәулігіне тағайындады. Қант деңгейін өзі анықтағанда 5,8-8,2 ммоль/л аралығында. Жақын күндерде науқасты төс артындағы қатты ауру сезімін мазалау себебімен жедел жәрдем шақырылып, реанимация бөліміне госпитализацияланды. Гликемия 12,5 ммоль/л.
Ары қарай науқасты жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ оптимальды?
*емге глибенкламид қосу
*метформин мөлшерін жоғарлату
*метформин мөлшерін төмендету
*уақытша метформинді тоқтату
*+инсулинотерапия тағайындау
#948
*!Бір жыл бұрын 32 жастағы әйел кісі артық салмаққа, терісінің және аузының құрғауына байланысты емханаға шағымданып келген болатын. Дәрігер ашқарынға гликемия 7,5 ммоль/л және 13,3 ммоль/л болуына байланысты метформин 1000 мг кешке тағайындап, емдәм ұсынды. Қазіргі кезде жағдайы жақсы. Шағымдары жоқ. 5 кг жүдеген. Пациент жүктілікті жоспарлауда. Ашқарынға қант деңгейі 5,2 ммоль/л.
Жүктілік туындаған жағдайда төменде берілген терапия принциптерінің қайсысы ЕҢ қажетті ?
*метформин қабылдау
*+инсулинотерапия
*диетотерапия жеткілікті
*α-глюкозидаза тежегіштерін қабылдау
*сульфонилмочевина препараттарын қабылдау
#949
*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ, ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62 жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ДСИ 32 кг/. Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң.
Төменде берілген жағдайлардың қайсысының дамуы ЕҢ ықтимал?
*нефротикалық синдром
*гипертоникалық ауру
*+метаболикалық синдром
*жүректің ишемиялық ауруы
*алиментарлы семіздік
#950
*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ, ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62 жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ДСИ 32 кг/. Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң.
Осы науқасқа қандай тексеріс әдісін ЕҢ бірінші кезекте жүргізіледі?
*көз түбін тексеру
*электрокардиограмма
*+қант және холестерин
*гликирленген гемоглобин
*құрсақ ағзаларының УДЗ
#951
*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ. Ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ИМТ 32 кг/. Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң. ЕҢ тиімді емдеу тактикасы ?
*психотерапия
*+дене массасын төмендету
*қауіп факторларына бақылау
*аорто-коронарлы шунттау
*медико-генетикалық консультация
#952
*!Әйел 57 жаста соңғы 2 жылда тиреостатикалық терапия қабылдаған. Науқастың айтуынша, препараттарды жүйелі түрде қабылдамайды, бақылау жасамаған. Соңғы аптада респираторлы ауру фонында артериалды гипертония, әлсіздік, терінің гиперпигментациясы байқала бастаған. Төменде көрсетілген тексерістердің біреуі ең бірінші кезекте жасалынуы қажет:
*жалпы қан анализы
*инсулинды анықтау
*өкпе рентгенографиясы
*+кортизолды анықтау
*қалқанша безінің пункционды биопсиясы
#953
*!Қыз 14 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.
Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған.
Емдеудің қай бағыты ең дұрысы?
*седативті
*+тиреостатикалық
*жалпы нығайтқыш
*қантамыр кеңейіткіш
*дезинтоксикационды
#954
*!Қыз 14 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.
Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған
Қандай күн тәртібі көрсетілген?
*еркін
*+төсектік
*жартылай төсектік
*қатаң төсектік
*емдеу-шынықтыру тобында сабақ
#955
*!Ер адам 47 жаста соңғы айда әйелі оң көзінің ұлғайғандығын байқаған. Дені сау және ешқандай шағымы жоқ. Сылақшы болып жұмыс жасайды. Аптасына бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ қабылдайды , сонымен қатар 20 сигарет күніне шегеді және ешқандай дәрілік препарат қаблдамайды. Гормональды зерттеуде ТТГ бөлінуінің төмендеуі және аздап бос тироксиннің концентрациясының 27 пмоль/л ға дейін жоғарылауы анықталды (қалыпты 12-25 пмоль/л).
Қосымша қандай зерттеу әдістерін жүргізуге болады?
*тиреоглобулин
*көз түбін анықтау
*электрокардиограмма
*+ТТГ рецепторына антидене
*бос трийодтиронин
#956
*!Ер адам 47 жаста соңғы айда әйелі оң көзінің ұлғайғандығын байқаған. Дені сау және ешқандай шағымы жоқ. Сылақшы болып жұмыс жасайды. Аптасына бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ қабылдайды , сонымен қатар 20 сигарет күніне шегеді және ешқандай дәрілік препарат қаблдамайды. Гормональды зерттеуде ТТГ бөлінуінің төмендеуі және аздап бос тироксиннің концентрациясының 27 пмоль/л ға дейін жоғарылауы анықталды (қалыпты 12-25 пмоль/л)
Науқас үшін қандай кеңес маңызды?
*+шылым шегуды тоқтату
*витаминдерді қабылдау
*көру куштемесін азайту
*физикалық күштемені азайту
*алкоголь кабылдауды азайту
#957
*!Қыз бала 18 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.
Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған
Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын ЕҢ бірінші кезекте жүргізу қажет?
*электрокардиография
*құрсақ қуысының УДЗ
*+қалқанша безінің УДЗ
*мойын мен бас УДЗ
*қалқанша безінің биопсиясы
#958
*!Әйел 26 жаста ауру сезімді етеккірге және шаршағыштыққа шағымданады. Жүктілікті жоспарлауда. Жалпы денсаулығы жақсы, ешқандай дәрілік препараттатрады қабылдмайды. ТТГ концентрациясы қанда 7,2 мМЕ/л (норма до 4,0) дейін жоғарылаған, тиреоидты гормондар қалыптыда.
Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу ЕҢ маңызды?
*+ТПО қарсы антиденелер
*электрокардиограмма
*кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ
*пролактинді анықтау
*қалқанша безіне биопсия
#959
*!Қыз бала 20 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.
Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған
Төменде көрсетілген тамақтану режимінің ішінде қайсысы ЕҢ маңызды?
*сұйықтықты шектеумен қоса толыққанды тамақтану
*өзімен қатарлас балалардан тамақтануы ерекшеленбейді
*витаминдер мен калийге бай тұзды шектеумен тамақтану
*жанауар ақуыздарын, экстрактивті заттар мен тұзды шектеу
*+витамина С ға бай тамақтарды қолданумен толыққанды тамақтану
#960
*!Әйел 67 жаста терісінің құрғауына, бозғылттануына іш қату, есте сақату қабілетінң төмендеуіне, ұйқышылдыққа, шаршағыштыққа шағымданып келді. Симптомдардың қашан басталғанын білмейді, ештенемен байланыстырмайды.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюда ЕҢ мәліметті?
*колоноскопия
*+ТТГ анықтау
*жалпы қан анализы
*биохимиялық қан анализы
*құрсақ қуысы ағзаларына КТ
#961
*!Әйел 67 жаста терісінің құрғауына, бозғылттануына іш қату, есте сақату қабілетінң төмендеуіне, ұйқышылдыққа, шаршағыштыққа шағымданады. Симптомдардың қашан басталғанын білмейді, ештенемен байланыстырмайды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы дұрыс?
*+гипотиреоз
*созылмалы гастрит
*созылмалы пиелонефрит
*теміртапшылықты анемия
*дисциркуляторлы энцефалопатия
#962
*!Әйел 40жаста, мұғалім, дене массасының жоғарылауына, гирсутизм, кенеттен теріде қан құйылулар пайда болуына шағымданады. Соңғы 3жылда бұл көріністер үдеген. Қан сарысуында кортизол 700 нмоль/л ге көтерілген (норма 50-450 нмоль/л). Ары қарай қандай гормонды анықтау ЕҢ маңызды?
*ТТГ
*+АКТГ
*пролактин
*эстрадиол
*тестостерон
#963
*!Әйел 40жаста, мұғалім, дене массасының жоғарылауына, гирсутизм, кенеттен теріде қан құйылулар пайда болуына шағымданады. Соңғы 3жылда бұл көріністер үдеген. Қан сарысуында кортизол 700 нмоль/л ге көтерілген (норма 50-450 нмоль/л).
Қандай аспаптық зерттеу диагноз қою үшін ЕҢ маңызды?
*+гипофизға МРТ
*аналық жұмыртқаға УДЗ
*омыртқаға рентген
*пункционды биопсия
*электрокардиограмма
#964
*!Ер адам 43жаста бас ауруы, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданып келген. Көрсетілген шағымдар бір ай бойына мазалай бастаған. Бас ауруында өз бетінше спазмалгон қабылдайды. Жақында түнде көп су ішу мен кіші дәретке көп бара бастағанын айтады. Тексеріс кезінде: ИМТ 20, ісіктер жоқ, АҚ 160/110. Тексеріске жіберілген. ЖЗА: зәр реакциясы сілтілі. Биохимиялық қан анализінде калий төмендеген, натрий жоғарылаған.
Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*гепаторенальды
*асқазан -ішектік
*кардиоренальды
*жүрек-тамырлық
*+калийпениялық-нефропатиялық
#965
*!Айел 46 жаста ерте анықталған созылмалы бүйрекүсті жеткіліксіздігімен гидрокортизонмен орынбасушы терапия қабылдауда.
Төменде көрсетіліген қандай манипуляциядан бұрын науқасқа қосымша бірреттік гидрокортизон енгізілуі қажет?
*аңқаны қарау
*АҚ өлшеу
*салмақты өлшеу
*+тіс экстракциясы
*б/і инъекция
#966
*!Емханаға 43 жастағы әйел эпизодты түрде кенеттен АҚ 220/120ге дейін жоғарылауына, терлегіштік және қанда қант деңгейінің жогарлауына шағымданып келген.
Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы диагноз қою мақсатында ЕҢ ақпаратты?
*гипофиз МРТ
*липидограмма
*ренин анықтау
*+метанефриндерді анықтау
*инсулинды гипогликемиямен тест
#967
*!Науқас 58жаста өткерген туберкулезбен диспансерлік есепте тұрады. Соңғы уақытта әлсіздік, арықтау, тері пигментациялары мазалай бастаған. АҚ 90/50 мм сын.бағ. Бірнеше рет тексеру кезінде кортизол деңгейі төмендеген.
Кортизол деңгейінің төмен болуына байланысты төменде көрсетілген орынбасушы терапияны қолдану ерекшелігі?
*+әрдайым өмір бойы
*қарттық шағында
*күз көктем уақытында
*компенсацияға жеткенге дейін
*аурудың өршуінде
#968
*!Науқас емханада Конн синдромымен бақылауда тұрады.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің кайсысы көрсетілген?
*верошпирон
*диетотерапия
*+адреналэктомия
*ААФ ингибиторы
*кальций каналының антагонисттері
#969
*!Төменде көрсетілген қандай жағдай қалқанша безінің пункционды биопсиясын жасауға көрсеткіш бола алады:
*пальпацияда ауру сезімді болуы
*+пальпацияланатын түйінді түзілістің болуы
*қалқанша безінің айқын ұлғаюы
*қалқанша безінің туйінделген консистенциялы болуы
*қалқанша безінің ағаш тектес консистенциялы болуы
#970
*!Ер адам 38 жаста соңғы 6 айда бас айналу, шаршағыштықтың пайда болуына шағымданады. Салмақ тастаған, периодты түрде іш ауруы мазалайды. Тексеріс кезінде АҚ 100/50 мм рт. ст., барлық денеде гиперпигментация байқалады. Туысқан ағасы қант диабетінің 1 типімен ауырады.
Негізгі емі?
*ноотроптар
*прокинетиктер
*+глюкокортикоидтар
*вегетотропты заттар
*десенсибилизирлеуші заттар
#971
*!Әйел 40 жаста, мұғалім, дене массасының жоғарылауына, гирсутизм, кенеттен теріде қанқұйылулар пайда болуына шағымданады. Соңғы 3жылда бұл көріністер үдеген. Қан сарысуында кортизол 700 нмоль/л ге көтерілген (норма 50-450 нмоль/л). Ары қарайғы емдеу тактикасы?
*рентгенотерапия
*+оперативті ем
*радиоактивті йодпен емдеу
*симптоматикалық терапия
*орынбасушы гормональды терапия
#972
*!Әйел 38 жаста салмақ тастау, тершеңдік, мойын аймағының ұлғаюына шағымданып келген. Дәрігер ұзақ уақыт тирозол қабылдауды ұсынған.
Берілген науқаста төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісін 10 күн сайын жасау қажет?
*ЖЗА
*+ЖҚА
*биохимиялық қан анализі
*ТТГ, Т3, Т4
*қалқанша безінің пункционды биопсиясын
#973
*!Әйел 26 жаста, шаршағыштыққа, ауру сезімді етеккірге шағымданып келді. Жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай дәрілік препарат қабылдамайды. Қанда ТТГ концентрациясы 7,2 мМЕ/л (норма до 4,0), тиреоидты гормондар қалыптыда.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы мақсатты түрде тағайындалады?
*йод препараттары
*фолий қышқылы
*иммунокорректорлар
*+тиреидты гормондар
*тиреостатикалық препараттар
#974
*!Әйел 65 жаста, бір жыл бойына тиреостатикалық терапия қабылдаған. Соңғы бір айда жағдайы нашарлап, жедел миокард инфаркты қосылуымен тиреостатикалық криз дамыған.
Осы жағдайдан шығару мақсатында төменде көрсетілген препараттардың қайсысы тағайындалады?
*гемодез
*α-блокаторлар
*антибиотиктер
*+глюкокортикоидтар
*тиреоидты гормондар
#975
*!Ер адам 47 жас, соңғы айда әйелі оң көзінің ұлғайғандығын байқаған. Дені сау және ешқандай шағымы жоқ . Сылақшы болып жұмыс жасайды. Аптасына бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ қабылдайды сонымен қатар күніне 20 шылым шегеді және ешқандай дәрілік препарат қабылдамайды. Гормональды зерттеуде ТТГ бөлінуінің төмендеуі және аздап бос тироксиннің концентрациясының 27 пмоль/л ға дейін жоғарылауы (қалыпты 12-25 пмоль/л) анықталды.
Қандай препараттар тобын тағайындаймыз?
*радиойодтерапия
*йод препараттары
*тиреоидты гормондар
*иммунокорректорлар
*+тиреостатикалық препараттар
#976
*!Әйел 26 жаста, шаршағыштыққа, ауру сезімді етеккірге шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай дәрілік препарат қабылдамайды. Қанда ТТГ концентрациясы 7,2 мМЕ/л (норма до 4,0), тиреоидты гормондар қалыптыда.
Қандай препараттар тағайындау орынды?
*тирозол
*калий йодиды
*преднизолон
*+левотироксин
*пропилтиоурацил
#977
*!Науқасқа 5 жыл бұрын қант диабеті диагнозы қойылып метформин тағайындалған. Соңғы айда гликемия 10-12 ммоль/л болуына байланысты, дәрігер сульфонилмочевина тобы препаратын тағайындаған. Жанама әсерінен қорқып науқас препаратты қабылдаудан бас тартады.
Сульфонилмочевиналардың төменде көрсетілген қандай жанама әсері болуы мүмкін?
*панкреатит қаупі
*+гипогликемия қаупі
*перифериялық ісіктер
*лактацидоз даму қаупі
*асқазан-ішектік дискомфорт
#978
*!Ер адам 67 жаста ашқарынға қанда кант деңгейі -9,5ммол/л, тамақтан соң -14,8ммоль/л. Гликирленген гемоглобин 10 %. Тағайындалған инсулинотерапиядан күнделікті инъекция жасайтын болғандықтан науқас бас тартқан.
Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы инсулинотерапиядан соң дамуы мүмкін?
*анизоцитоз
*гипокалиемия
*+липодистрофии
*тромбоцитопения
*майлы гепатоз
#979
*!Ер адам емханаға артық салмақ, жоғары тәбет, ауыз құрғауымен шағымданып келген.. Тексеріс кезінде қанда қант деңгейі ашқарынға 7,2 ммоль/л, таңғы астан кейін 2 сағаттан соң 11,3 моль/л. Зәрде глюкоза теріс. Гликирленген гемоглобин 6,8 %. Дәрігер ем тағайындап физикалық күштеме ұсынған.
Науқасқа төменде көрсетілген физикалық жүктемелердің қайсысы көрсетілген?
*жарыстарға қатысу
*күнделікті жеңіл жүктемелер
*күнделікті ауыр жүктемелер
*күштемелі физикалық жүктемелер
*+мөлшерленген күнделікті жүктемелер
#980
*!Әйел 45жаста, үнемі шаршағыштық пен терісінде қараюларды байқаған. Емханаға қаралған барысында дәрігер төмен АҚ және терісі мен ызыл иегінде гиперпигментацияны байқаған.
Осы жағдай қандай себептен дамуы мүмкін?
*сәулелену
*+адренолейкодистрофия
*бас-ми жарақаты
*вегето-тамырлық дистония
*ұзақ уақыт күн астында болуы
#981
*!Әйел 69 жаста он жыл бойына эутирокс қабылдайды. Жақында қатты суықтаған. Қазіргі уақытта айқын тежелу, гипотермия бар. Сұрақтарға жауап бермейді, тілі ұлғайған, ауыз қуысына сыймайды. ЭКГда тісшелер төмен вольтажды, брадикардия 55 минутына. Кеуденің барлық аумағында ісіну, терінің қатты құрғауы және бозғылттануы байқалады.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
*радиойод
*+трийодтиронин
*антиишемиялық препараттар
*тиреостатикалық препараттар
*антитромбоцитарлы препараттар
#982
*!59 жасар ер адамда қант диабет анықталған. Соңғы декомпенсация екіншілік инфекциямен негізделеді. Қандағы қант 15 ммоль/л.
Берілген науқаста қандай тері жағдайы анықталады?
*+құрғақ
*витилиго
*бозғылт
*тершеңдік
*пигментация
#983
*!1 тип қант диабетімен ауыратын науқасқа 16 бірлік қысқа әсерлі инсулин инъекциясы жасалған. Сағат 11де есінен танып қалды.
Науқаста қандай команың дамуы ЕҢ ықтимал?
*милық
*гиперосмолярлы
*кетоацидотикалық
*+гипогликемиялық
*гиперлактацидотикалық
#984
*!35 жастағы ер адам шөлдеу, жиі зәр шығаруға, терісінің құрғауына шағымданады.
Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын ЕҢ бірінші кезекте жасау қажет?
*+гликемия
*глюкозурия
*микроальбуминурия
*жалпы қан анализы
*гликирленген гемоглобин
#985
*!61 жастағы ер адамда ашқарынға қандағы қант деңгейі 7,2 ммоль/л. Диабет мектебінде сабақ алған соң науқас белсенді өмір сүру салтына көшкен. Төменде көрсетліген факторлардың қайсысы гипогликемияға әкелуі мүмкін?
*күйіктер
*темекі шегу
*сусыздану
*төсектік режим
*+физикалық жүктеме
#986
*!Науқас 48 жаста, қант диабетімен 15 жылдан бері ауырады. Зәрдің экспресс-диагностикасында микроальбуминурия.
Төменде көрсетілген себептердің қайсысы зәрдегі озгерістерге әкелуі мүмкін?
*бүйрек поликистозы
*интерстициальды нефрит
*+диабетикалық нефропатия
*нейрогенды қуық
*зәршығару жүйесінің инфекциясы
#987
*!Әйел 58 жаста, қант диабетімен 5 жыл бойына ауырады. Науқас емдәмді сақтайды, дәрігердің барлық ұсынған тәртібін сақтайды. Дәрігер 3 айда 1 рет гликирленген гемоглобинды тапсыруын ұсынған. Берілген науқста қант диабетінің компенсациясының көрінісі ретінде гликирленген гемоглобин деңгейі қандай болуы керек?
*+7,0 ден төмен
*7,1 – 7,5
*7,6- 10,0
*10,1 – 14,0
*14,0 көп
#988
*!Науқас 15 жыл көлемінде жоғары глюкоза деңгейіне байланысты емханада қаралады. Жедел респираторлы ауру фонында аузынан ацетон иісі шыга бастады, кето-тест бойынша зәрінде ацетонға реакция оң.
Аталған жағдайдың ары қарай күшеюінен қандай қауіпті жағдай даму мүмкіндігі жоғары?
*+кетоацидоз
*дегидратация
*гипогликемия
*ацетонемиялық құсу
*тыныс жеткіліксіздігі
#989
*!65 ер кісі диабетологта диспансерлык тіркеуде тұрады. Емханада тексеру барысында уролог қуық асты безінің аденомасын тапты. Хирургиялық ем ұсынылды.
Операция жасау барысында инсулинді енгізудің қай жолын ұсынған жөн?
*тері асты
*ішке
*+көк тамырға
*тері ішілік
*бұлшықетке
#990
*!42 жасар ер кісі бас ауруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Аталған шағымдар бір ай шамасында мазалайды. Басы ауырғанда өздігінен спазмалгон қабылдайды. Соңғы уақытта түнде су ішіп, кіші дәретке баратын болды. Қарап тексергенде: ДСИ 20 кг/
, ісінулер жоқ, АҚ 160/110. ЖЗА: зәр реакциясы сілтілі орта. Биохимиялық қан анализінде калий деңгейі төмен және натрий жоғары.
Аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін себебі болып табылады?
*нефротикалық синдром
*бүйрек артериясының стенозы
*гипертониялық ауру
*іркілісті жүрек жеткіліксіздігі
*+шумақты аймақтың бір жақты гиперплазиясы
#991
*!38 жасар ер кісі 6 ай көлеміндегі шаршау және бас айналуына шағымданады. 8 кг жүдеу, ішінің жиі ауыруы мазалайды. Қарап тексергенде АҚ 100/50 мм.сын.бағ., жайылмалы пигментация. Немере інісінде қант диабетінің 1 типі бар.
Төменде берілгендердің қайсысы аталған жағдайдың ЕҢ мүмкін себебі болып табылады?
*қант диабетінің 1 типі
*вегето-тамырлық дистония
*+бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі
*гипергонадотропты гипогонадизм
*эндокринді генезді артериалды гипотония
#992
*!37 жасар ер кісі жағдайының кенет ұстама тәрізді бас ауруы, жүрек айну, құсқысы келуі сезімі түрінде нашарлауына шағымданады. Қарап тексергенде: өте тершең, терісі бозарған, қалтырау, тахикардия 110 рет минутына, АҚ 230/140 мм.сын.бағ. Экспресс-диагностика нәтижесінде гипергликемия мен лейкоцитоз анықталды.
Ем тағайындалмаған жағдайда қай криздің даму мүмкіндігі ЕҢ жоғары?
*+феохромоцитомалық
*гипотиреоидты
*тиреотоксикалық
*гипертониялық
*тырысулық
#993
*!Бұрын гипертиреоз синдромы анықталғын әйелде соңғы ай көлемінде көз ойығы барынша үлкейіп, жарықтан қорқу, жас ағу пайда болды.
Төменде берілген қалқанша безі ауруларының қайсысы көз өзгерісінің ЕҢ мүмкін себебі болып табылады?
*жеделдеу тиреоидит
*босанғаннан кейінгі тиреоидит
*түйінді эутиреоидты жемсау
*+жайылмалы уытты жемсау
*жедел іріңді емес тиреоидит
#994
*!41 жасар әйел терісінің қарайғанын байқайды. Емханаға қаралғанда дәрігер оның артериалық қан қысымының төмен және терісі ғана емес пигментацияның қызыл иегінде де бар екенін анықтады.
Берілген шығымдардың біреуі аталған жағдайдың ЕҢ типті қосымша белгісі болып табылады:
*іш қату
*ұйқышылдық
*қабырға астындағы ауырлық сезімі
*тәтті тағамға құмарлық
*+себепсіз әлсіздік
#995
*!Қабылдау бөліміне 33 жасар ер кісі жүрек айну, құсу, іштегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Жағдайының нашарлауын жедел респираторлы вирусты аурудан кейін басталы. Аузынан ацетон иісі шығады. Зәрінде ацетон+++.
Науқаста дамыған жағдайдың патогенезіндегі ЕҢ жетекші фактор қайсы?
*гиперволемия
*гиперинсулинизм
*тіндерді оттекті ашығуы
*+инсулин жеткіліксіздігі және глюкагон гипесекрециясы
*жасуша ішілік калийдің көп жиналуы
#996
*!38 жасар ер кісі соңғы 6 айда мазалайтын тез шаршағыштық пен бас айналуына шағымданады. Жүдеу, ішінің жиі ауыруы мазалайды. Қарап тексергенде АҚ 100/50 мм.сын.бағ., жайылмалы пигментация. Немере інісінде қант диабетінің 1 типі бар.
Берілген жағдайдың ЕҢ мүмкін себебі ?
*артериалық гипотензия
*+аутоиммунды ауру
*аллергиялық ауру
*нейроциркуляторлы дисфункция
*эзофагогастродуоденалды аймақ ауруы
#997
*!Жас әйел ЖРВИ ауырғаннан 20 күннен кейін ашуланшақтық, жылағыштық, жиі жүрек қағуы, жүдеу пайда болды және қалқанша безі ұлғайды. Анамнезінде: ертеректе әкесінде жайылмалы уытты жемсау анықталған. Тексеру барысында ТТГ рецепторларына қарсы антиденелердің жоғары титрі анықталды.
Төменде берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін?
*струмит
*жеделдеу тиреоидит
*фиброзды тиреоидит
*аутоиммунды тиреоидит
*+жайылмалы уытты жемсау
#998
*!Науқас соңғы 2 жыл көлемінде метформин 1000 мг күніне екі рет қабылдайды. Соңғы уақытта ашқарынға гликемиясы 9-10 ммоль/л. Дәрігер қосымша сульфонилмочевина препаратын тағайындады - диабетон 60 мг.
Сульфонилмочевина препаратының терапиялық әсерінің ЕҢ мүмкін механизмі кандай?
*+β-жасушаларының инсулин бөлуін ынталандыру
*бауырдағы глюконеогенезді тежеу
*анаэробты гликолизді ынталандыру
*снижение инсулинорезистентности
*глюкагон секрециясын ынталандыру
#999
*!Қант диабеті 2 типті науқастың бауырында эхинококкоз анықталды және оперативті ем тағайындалды. Гликемия қант түсіруші пероралді препараттармен компенсирленген.
Оперативті араласулар кезінде берілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
*+инсулиндер
*бигуанидтер
*инкретиндер
*тиазолидиндиондар
*сульфонилмочевиналар
#1000
*!20 жасар қыз бала мойнының үлкеюіне, ашуланшақтыққа, жылағыштыққа, тез жүрек қағуына, жүдеуге шағымданып түсті. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады. Қалқанша безінің 2 дәрежелі ұлғаюы, экзофтальм анықталды.
Берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*жедел тиреоидит
*жеделдеу тиреоидит
*+жайылмалы уытты жемсау
*эндемиялық жемсау 2 саты
*нейроциркуляторлы дистония
#1001
*!26 жасар әйел шаршағыштық сезімі мен ауырсынулы етеккірге шағымданып қаралды. Жүктілікті жоспарлауда. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай дәрілік заттар қабылдамайды. Қандағы ТТГ деңгейі 7,2 мМЕ/л (норма 4,0-дейін) , тиреоидты гормондары қалыпты деңгейде.
Жүктілік кезінде қай көрсеткішті ретті түрде тексеру қажет?
*FТ4
*+ТТГ
*ТПО-ға қарсы антиденелер
*пролактин
*тиреоглобулин
#1002
*!Ешқандай созылмалы аурулары жоқ 49 жасар әйел терісінің құрғауына, ұйқышылдыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Соңғы жарты жылда 6 кг салмақ қосты. Дәрігер қанында ТТГ деңгейінің жоғары екенін анықтады. Науқастың анасы түйінді жемсауға байланысты емделген.
ЖҚА болуы мүмкін ЕҢ тән өзгеріс қандай?
*лейкоцитоз
*лейкопения
*+гипохромды анемия
*салыстырмалы лимфоцитоз
*жеке тромбоцитопения
#1003
*!Ешқандай созылмалы аурулары жоқ 29 жасар әйел терісінің құрғауына, ұйқышылдыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Соңғы жарты жылда 3 кг салмақ қосты. Дәрігер қанында ТТГ деңгейінің жоғары екенін анықтады. Науқастың анасы түйінді жемсауға байланысты емделген. Жақын болашақта балалы болуды жоспарлайды.
Қай гормонның өзгеруі ЕҢ көбірек жүктілік дамуына әсер етуі мүмкін?
*кортизол
*прогестерон
*эстрадиол
*+пролактин
*тестостерон
#1004
*!25 жасар қыз стационарға жалпы әлсіздікке, көңіл күйінің тез өзгеруіне, ашуланшақтыққа, жылағыштыққа, шаршағыштыққа, мойнының алдыңғы бетіндегі ісіктәрізді түзіліске шағымданып түсті. Қарап тексергенде қалқанша безі 2 дәрежелі үлкейген, көз симптомдары оң. Тахикардия 120 соғу/мин. Пальпацияда қалқанша безі беркелкі, консистенциясы эластикалық.
Төменде берілген аурулардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?
*жедел іріңді емес тиреоидит
*жеделдеу тиреоидит
*токсикалық аденома
*қалқаншы безі қатерлі ісігі
*+жайылмалы уытты жемсау
#1005
*!54 жасар ер кісіде жоғары АҚ 160/100 мм.сын.бағ анықталды. ДСИ 35 кг/ Липидограмма триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы мен ТЖЛП төмендеуін көрсетті. Сонымен қатар инсулинорезистенттілік индексінің жоғарылауы анықталды. Ашқарынға гликемия 5,5 ммоль/л, жүктемеден кейін екі сағаттан кейін 6,7 ммоль/л. Тері жабындысы эластикалы, тері қатпарлары гиперпигментацияланған және бархат тәрізді. Аузының құрғауын, шөлдеу, полиурия байқамайды. Қант диабеті бойынша тұқым қуалаушылығы жоқ.
ЕҢ мүмкін диагноз қандай?
*алиментарлы семіздік
*+метаболикалық синдром
*гипертониялық ауру
*қант диабетінің басқа типі
*полигенді гипертриглицеридемия
#1006
*!58 жасар ер кісіде ДСИ 37. Жағдайы жақсы. Белсенді өмір салтын ұстануға тырысады. Әжесінде 80 жасында қант диабеті анықталған.
Зат алмасу бұзылысының қай түріның болу МҮМКІНДІГІ жоғары?
*ақуыз
*липид
*пурин
*+көмірсу
*электролит
#1007
*!52 жасар ер кісі бас ауруына, тері құрғауына, әлсіздікке, іш қатуына, ұйқышылдыққа шағымданып қаралды. Ауруының басталуын бұрынғы бас-ми жарақатымен байланыстырады. Тексеру барысында ТТГ деңгейінің төмен және тиреоидты гормондардың жоғары екені анықталды.
Төменде берілген аурулардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?
*БМЖ салдары
*+екіншілік гипотиреоз
*біріншілік гипотиреоз
*йоддефициттік жағдай
*гипоталамустық синдром
#1008
*!Гипертиреоз синдромы бар 42 жасар әйелде тексеру барысында ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер жоғары титрі анықталды.
Аталған көрсеткіш қай ауруға ЕҢ тән болып табылады?
*біріншілік гипотиреоз
*қалқанша безі қатерлі ісігі
*аутоиммунды тиреоидит
*түйінді эутиреоидты жемсау
*+жайылмалы уытты жемсау
#1009
*!Жас әйелді ЖРВИ ауырғаннан 20 күннен кейін ашуланшақтық, жылағыштық, жиі жүрек қағуы, жүдеу пайда болды және қалқанша безі ұлғайды. Анамнезінде: ертеректе әкесінде жайылмалы уытты жемсау анықталған. Тексеру барысында ТТГ рецепторларына қарсы антиденелердің жоғары титрі анықталды.
Берілген науқаста қалқанша безінің қандай типтік өзгерістері дамуы мүмкін?
*+жайылмалы ы ұлғаю
*консистенциясының тығыздалуы
*пальпацияланатын түйін
*көптеген түйіндер
*без айналадағы тіңдермен жабысқан
#1010
*!57 жасар әйел соңғы екі жылда тиреостатиктермен ем қабылдады. Науқастың айтуынша дәрілерді тұрақты қабылдамаған, бақылау жүргізбеген. Соңгы аптада респираторлы аурудың фонында артериалды гипотония, әлсіздік, тері гиперпигментациясы қосылды.
Берілгендердің ішінде аталған жағдайдың ЕҢ мүмкін себебі қайсысы?
*тиреотокскалық криз
*инфекционды-аллергиялық миокардит
*+тиреогенді бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі
*гипотониялық типті вегето-тамырлық дистония
*бақылаусыз қабылданған тиеостатиктерден дамыған медикаментозды гипотиреоз
#1011
*!66 жасар әйел іш қатуына, тері құрғауына, ұйқышылдыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Соңғы жарты жылда 6 кг салмақ қосты. Дәрігер қанында ТТГ деңгейінің жоғары екенін анықтап, ем тағайындады. Науқас тағайындалған емнен бас тартты.
Егер науқас емделмеген жағдайда , төменде берілген жағдайлардың даму қаупі ЕҢ жоғары?
*ми комасы
*анемиялық кома
*+гипотиреоидты кома
*адгезивті перикардит
*ішек түйілуі
#1012
*!23 жасар әйел ұзақ уақыт күнделікті 50 мкг левотироксин қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта жүтілік жоспарлауда.
Жыныс жүйесі жағынан гипотиреоз кезінде қандай өзгеріс даму МҮМКІНДІГІ жоғары?
*аднексит
*+аменорея
*эндометриоз
*жатыр миомасы
*поликистоз
#1013
*!20 жасар қызда ЖРВИ дан кейін тиреотоксикоз синдромы дамып, қалқанша безі ұлғайды. Пальпаторлы қалқанша безі екінші дәрежеге дейін жайылмалы ұлғайған, біркелкі, ауырсынусыз. Тексеру барысында ТТГ төмен, тироксин және пероксидаза мен тиреоглобулинге антиденелер деңгейі жоғары екені анықталды.
Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*жеделдеу тиреоидит
*қалқанша безі кистасы
*жедел іріңді емес тиреоидит
*+жайылмалы уытты жемсау
*босанудан кейінгі тиреоидит
#1014
*!Қалқанша безіне операциядан кейінгі екінші күні науқаста кенет қозғалыс және психикалық қозу, тахикардия 130 рет/мин, дене температурасының С жоғарылаукы байқалды.
Қандай жағдайдың дамуы ЕҢ ықтимал?
*+тиреотоксикалық криз
*жедел іріңді тиреоидит
*жеделдеу тиреоидит
*жеделдеу тиреоидит, гипертиреоз фазасы
*қалған бөлігінің аутоиммунды тиреоидиті
#1015
*!47 жасар ер кісі әйелі бір көзінің үлкейгенін байқағанын айтып қаралды. Озін сау санайды. Сылақшы болып жұмыс істейді. Аптасына шамамен бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ ішеді, 20 дана темекі шегеді. Дарілік заттар қабылдамайды. Гормондарын тексергенде ТТГ өндірілуінің төмендегені және бос тироксин концентрациясынынң 27 пмоль/л (норма 12-25 пмоль/л) дейін жоғарылағаны анықталды.
Көз өзгерістері дамуының ЕҢ күшті факторы қандай?
*+темекі шегу
*алкоголь
*ер жынысы
*орта жас
*физикалық жұмыс
#1016
*!35 жасар әйел жарты жыл бойы тирозол қабылдаған. Туыстарының кеңесі бойынша күрт тоқтатады. Теңізге барып демалып, күнге күйдірілгеннен кейін, жағдайы күрт нашарлайды. Дене температурасы , шылқып терлеу, тахикардия 150 рет минутына, қатты әлсіздік, жүрек айну, қолдарының треморы анықталады.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималы?
*инфекциялық миокардит
*жеделя вирусты инфекция
*+тиреотоксикалық криз
*жедел миокард инфаркты
*тағамдық токсикоинфекция
22>
Достарыңызбен бөлісу: |