Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері



бет6/9
Дата21.01.2022
өлшемі52,5 Kb.
#24159
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мынадай жағдайларға:

  • ауа құрамында оттегі аз болса (кем дегенде 19%) жабық ыдыс ішінде жұмыс істеуге;

  • көлемі кіші және жабық ыдыс ішіндегі уландыратын немесе жарылысқа ыңғайлы газдардың жоқ екендігіне көз жеткізбейінше, онда кіруге;

  • сыртта тұрып бақылайтын адам жоқ кезінде жабық ыдыс ішінде жұмысты жалғастыруға;

  • іші қысымды газбен немесе жарылғыш газбен ыдыстарды кесуге болмаса пісіру жұмыстарын жүргізуге;

  • газбен қоректендіретін қондырғыларды ыдыс ішінде ұстауға;

  • сұйық жанармаймен жұмыс істейтін аппаратураларды қолдануға;

  • жұмысты еріксіз тоқтатқанда немесе жұмысшы ыдыс ішінен шығып кеткен кезде оттықты жанған күйінде қалдыруға рұқсат етілмейді.

Сұйық жанармайды қолданып газ жалынымен жұмыс жүргізу. Бұл жұмыстар үшін керосинмен кескішті және жанармай құйылған ыдысты пайдаланады. Осындай жұмыс атқару үшін жабық жердегі жұмыс орны 1 кг жанармай (керосин) жануына кем дегенде 2500 м3 таза ауа кіргізетін желдеткішпен жабдықталуы керек. Бұған қосымша өрттен сақтайтын құрал (екі ОУ-5 өрт сөндіргіші мен құм толтырылған ыдыс) да болуы қажет. Жұмыс бастамас бұрын барлық жалғауларды мұқият тартып, бекітеді, ал жұмыс кезінде де оларды қайталап тексеріп, қажет болса тағы да қатайтып тартады. Сұйық жанармайды ыдысқа тек сүзгі арқылы сүзіп құяды. Сүзгі үшін матаны, мыс сүзгілерді пайдаланады. Төгіліп қалған сұйық жанармайды тез арада құммен ысқылайды.

Тұтанып кеткен жанармайды өрт сөндіргіштермен, құммен өшіреді немесе тығыз матамен, березентпен т.с.с. жауып сөндіреді. Жалынды сөндіруді, реттеуді аппаратураны шығарған зауыттың нұсқаулары бойынша орындайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін керосинмен кескішті, жанар май ыдысын және жұмыс киімдерін арнаулы орындарда сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет