Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері


жұмысқа қосып қойған генераторды тасуға



бет5/9
Дата21.01.2022
өлшемі52,5 Kb.
#24159
1   2   3   4   5   6   7   8   9
жұмысқа қосып қойған генераторды тасуға;

  • баллондарды биіктен лақтыруға;

  • генератор қалдығын құрылыс алаңына төгуге рұқсат етілмейді.

    Газбен пісіру жұмыстарын ыдыс ішінде, құдықтарда, тоннельдерде жүргізу. Бұл жұмысты орындау үшін арнаулы тапсырма беріледі.

    Ол тапсырмаға мекемеде сондай қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін бұйрық бере алатын әкімшіліктің қолы болуы керек. Жабық ыдыстардағы жұмыстарға әйелдер жіберілмейді. Жұмыс басталмастан бұрын жабық кеңістіктерді шебердің қарап шығуы керек. Мұндай жабық ыдыс ішінде жұмыс істеуге рұқсатты , оның ішін ластап, бұрынғы сақталған өнімдерден тазалап, оның ішіндегі ауа құрамын анықтағаннан кейін ғана береді. Барлық тесіктер, қақпақтар және жапқыштар ашық болуға тиіс.

    Жабық ыдыстарда, құдықтарда және басқа тар, жабық кеңістіктерде жұмыс істеу үшін, оларды желдеткіштермен және қопарылысқа қауіпсіз кернеумен (12 В) жұмыс істейтін арнаулы жылжымалы шамдармен қамтамасыз етеді.

    Жұмысты кем дегенде екі адам атқаруы керек. Оның біреуі ыдыс сыртында тұрып, пісірушіні қадағалап тұрады. Олардың екеуі де зақым алғандарға бірінші дәрігерлік көмек көнсете алатын адамдар болуы тиіс. Жұмыс жүргізетін орындарда өрттен сақтандыруды тексеретін мекемелер белгіленген өрт өрт қаупінен сақтайтын құралдар болады.

    Жұмыс кезінде пісіруші газ бен оттегінің сыртқа шығып жатпағанын қадағалайды. Егер шығып жатқан газ иісі сезілсе, бірден жұмысты тоқтатып, сыртқа тез шығып, ол туралы шеберге хабарлайды.

    Жалынның кері ұрып жатқаны байқалса да осы жоғарыдай қимыл жасайды. Содан кейін затворларды, редукторларды түтіктерді тексереді. Сумен қорғағыш затворлардағы су деңгейін қадағалайды.

    Ыдыс ішіндегі пісіру жұмыстарын березенттен немесе асбестен тігілген киіммен ғана жүргізеді. Жабық жердегі жұмыс істейтін пісірушінің сақтандырғыш белдігі мен арқаны, жеке қорғайтын құралдары болуы керек және таза ауамен қамтамасыз ететін жағдай жасалуы қажет.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет