Әрбір сулы қорғаушы затвордың: аптасына бір рет бітеулігі тексеріледі; тоқсанда (3 ай) бір рет затворды бөлшектеп, тазалап, жуып жинайды да кері клапанның сенімді бітейтіндігін сынайды. Әрбір кері соққы болғаннан кейін затворды бөлшектеп, бұзып, кері клапанның жұмысын тексереді.
Сумен қорғаушы затвордың ішіндегі су бақылағыш деңгейден төмен болмауы керек. Оның деңгейін газ беруді тоқтатып қойып, күніне кем дегенде үш рет тексереді.
Жұмыс орнындағы затворлар газ таратқыш орындарда, ал орталық затворлар шкаф ішіне қойылуы керек.
Құрғақ затворларды пайдаланғанда, қажет болса олардың бірнешеуін қатар (параллель) (үштен көп емес) орналастыруға болады, бірақ бұл кездегі олардың газ жіберу мүмкіндігі қажетті шығыннан кем дегенде 20% артық болуы керек.
Құрғақ затворларды әрбір тоқсанда бір рет тексеріп тұрады. Ол кезде олардың газ ағынына кедергілерін және клапанның жұмыс қабілеттілігін тексереді. Сақтандырғыш затвор әрбір қосылған сайын оған жалғанғыш аппаратура арқылы газды бос шығарып үрлеу керек.
Сақтандырғыш қондырғылар істен шықса немесе олардың жұмысшы көрсеткіштері паспорттағы көрсеткіштерінен едәуір алшақтап кетсе, онда ол қондырғы шығарылып, мүмкін болса ( завод нұсқауы бойынша қаралса) жөндеу керек.
Ацетилинге арналған затворларды, оны айырбастайтын газдар үшін де қолдануға болады.