Газдардың қан арқылы тасымалдануы. Максудова Бегзода



Pdf көрінісі
Дата20.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#141528
Байланысты:
Газдардың қан арқылы тасымалдануы.Максудова Бегзода



Газдардың қан арқылы 
тасымалдануы 
Орындаған : Максудова Бегзода 
Қабылдаған : Кожаниязова Ардак Нургалиева 


Газдардың қан 
арқылы 
тасымалдануы-
оттегінің өкпеден 
ұлпаларға және көмір 
қышқыл газының 
ұлпалардан өкпеге 
тасымалдануы 


Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден 
тінге, тіннен өкпеге қанмен жеткізіледі 
(тасылады). Оттегі мен көмір қышқыл газ, 
сондай-ақ азот қанға атмосфералык, ауадап енеді. 
Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия 
мен венада бірдей емес артерияда оттегі, ал 
венада кемір қышкыл газ көбірек. Өкпеде оттегі 
ауадан қанға қарай, көмір қыш-қыл газ қаннан 
альвеолаға етеді. Ал тканьде керісінше, оттегі 
каннан тканьге, көмір қышқыл газ тканьнен 
қанға көшеді (ауысады). Азот — газ алмасуына 
қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі (1%) 
артерия мен вена қанында бірдей болады.
Газдардың қай-қайсысы да қанда химиялық қоспа 
және бос ерітінді күйінде кездеседі.


Көмір қышқыл газының тасымалдануы
Қан айналымының үлкен шеңберіндегі капиллярларын жайлаған көмір қышқыл газытіннен қанға өтеді.
Оның көлемі артерия қанында 52%, венада 58%-ке жетеді.Мұның 4,5%-і карбогемоглобин, 2,6%-і жәй еріген 
газ, 51%-і химиялық қосынды(көмір қышқылы, оның тұздары - NaHCO3, KCHO3).
Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ(6%) альвеолаға өтіп, ондағы 
ауамен бірге сыртқа шығарылады.Вена қаны артерия қанына айналады.Көмір қышқыл газдың қан арқылы 
тасымалдануы, қызыл қан түйіршіктері-эритроциттерден қан плазмасына ауысуы сол қандағы оттегінің 
алмасуымен тығыз байланысты.
Жасушада үздіксіз түзілетін көмір қышқыл газ алдымен плазмаға, одан әрі эритроциттерге өтіп, осмостық 
қысымын жоғарылатады да плазмадан оған су өтеді.Эритроцитке карбоангидраза ферментінің қатысуымен 
көмір қышқылы түзіледі : 
CO2 + H2O = H2CO3 
Плазмада карбоангидраза ферменті болмайды, сондықтан онда көмір қышқыл газы түзілмейді.
Эритроциттегі көмір қышқылы тез ыдырай бастайды : 
H2CO3 = H+ + HCO3 




Оттегінің қан арқылы тасымалдануы
Оттегі кебіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады.
Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті 
қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда әсіресе еріген 
оттегі) кебейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі 
тканьге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен 
колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қьісыммен енгізу). Адам оттегіне 
толы қысым камерасына кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбей-тіледі. Мұның 
нәтижесінде канда гемоглобин оттегімен әрекет-тесіп, түгелдей оксигемоглобшге айналады, 
еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. Гемоглобиннің толық 
оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның 
оттегіне қаныгу сыйымдылығыдеп саналады.


Әрбір газ еріген не химиялық жолмен байланысқан 
күйінде кездеседі. Биологиялық мембрана арқылы тек 
еріген газдар өтеді. Әрбір газ бір және бірнеше қабатты 
мембранадан өте алады. Оның өтуі мембрананың екі 
жағындағы меншікті қысымға, ондағы айырма- 
шылыққа байланысты. Басқаша айтқанда газ бір жерден 
екінші жерге қысымның жоғарғы жағынан төмен 
жағына қарай диффузия жолымен көшеді
.


Тоқсан ауыз сөздің 
Тобықтай түйініне келетін 
болсақ, бұл біз үшін өте 
маңызды жүйе болып 
табылады. Яғни 
тынысалудың,ондағы 
жүретін барлық 
физиологиялық жағдайды 
білу бізге көптеген 
ақауларды қалыптыдан 
ажыратуға мүмкіндік 
береді.Газ алмасу барысында 
жүретін күрделі үдерістерді 
білудің маңызы өте зор. 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет