Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#9296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

сыйғызбаған. Тағы біреуі өз әйелі­

нің  туған  шешесіне  жасаған  оз­ 

бырлығын  көріп,  шарасыздықтан 

екі  қолын  төбесіне  қойып,  тенті­

реп  кетуге  мәжбүр  болған.  Бұдан 

басқа мұнда келіндерінен таяқ же­

ген  енелер  де  келді  көмек  сұрап. 

Бұл жүректі ауыртатын­ақ жағдай, 

әрине.  Біз  оларға  қолымыздан  

келгенше  көмегімізді  көрсеттік. 

Бұған  нақты  мысалдар  келтірер 

болсақ, 1927 жылы туылған Е. есім­

ді  және  1942  жылы  туылған  О.  есім­ 

ді  аналар  туған  қыздарынан  жәбір 

көріп,  осы  орталықты  паналады. 

Сондай­ақ  баспанасы  тұруға  жа­

рамсыз болып қалғанда, туған ба­

лаларынан  қайыр  көрмеген  1938 

жылғы  А.  есімді  әжей  де  біздің 

адамдар  осындай  ұят  істерге  ба­ 

рып  тұрғанда,  басқалары  не  істе­ 

 мейді?!  Бұдан  басқа  тағы  жалғыз­

басты  екі  бірдей  ананы  Аналар 

үйіне  орналастыруға  көмектестік. 

Өкінішке  орай,  қоғамда  осындай  

жүректі  ауыртатын  оқиғалар  жиі  

орын  алып  тұрады.  Бұл,  әрине, 

жақсы  емес,  ­  деген  Ганди  Ізтұр­ 

ғанқызы  бұл  орталыққа  зорлық­

зомбылық  көрген  жандар  тек  қа­ 

ладан ғана емес, сондай­ақ облыс­

тың  түкпір­түкпірінен  келетінін 

айтты.  Бірақ  орталыққа  бөлінген 

орынның  тым  шағындығына  бай­

ланысты  олардың  бәрін  сиғызу 

мүмкін  емес.  Қаладан  тыс  жер­

лерден  келгендер  көбінесе  тек 

Ислам  –  терроризм  мен  

лАҢкесТікке ҚАРсы діН

Ислам – жер бетіндегі бейбітші­

лік,  адамгершілік,  тыныштық  діні.  

Адам  атаулы  бұлай  тұрғанда,  жан­ 

жануарға,  қоршаған  айнала  таби­ 

ғатқа  мейіріммен  қарауға  шақы­

ратын асыл дінімізді, елімізді Ақтө­

бедегі,  Алматыдағы  лаңкестік  әре­ 

кеттер  дүр  сілкіндіріп  отыр.  Са­ 

наулы  адамдардың  сауатсыз,  на­

дан  әрекеттері  себебінен  еліміз­

дегі  бүкіл  мұсылман  атаулысына 

қара күйе жағылды. Лаңкестік әре­ 

 кеттер  себебінен  қаншама  бей­ 

күнә  адамдар  жапа  шекті,  адам 

өлтіру  қылмыстары  орын  алды. 

Бұндай  нәрселер  асыл  дініміздің  

ұстанымдарында  бар  ма.  Әлбетте  

жоқ.  Өйткені  Алла  Тағала  қасиет­ 

ті  Құранда:  "

Әй  мүміндер!  Өзара  

малдарыңды  бұзықтықпен  жемең­

дер.  Бірақ  өз  ризалықтарыңмен 

саудаласу  басқа.  Және  бір­біріңді 

өлтірмеңдер.  Расында,  Алла  сен­

дерге ерекше мейірімді. Ал кім осы 

айтылғанды  дұшпандық,  зұлым­ 

дықпен  істесе,  оны  жақында  отқа 

саламыз. Бұл Аллаға оңай".

Тағы бір аятта:

“Осы  себептен  Исраил  ұрпақ­

тарына:  “Кім  кісі  өлтірмеген  не  

жер  бетінде  бұзғыншылық  жаса­

маған  бір  адамды  өлтірсе,  шын 

мәнінде,  ол  адамдардың  барлы­

ғын  өлтіргендей  болады,  ал  кім 

оны  тірілтсе,  адамдардың  барлы­ 

 ғын  тірілткендей  болады“,  ­  деп 

жаздық“ (мәйда сүресі, 32­аят).

 Тәпсір  кітабында:  Алла  Таға­ 

ла  айтады:  “

осы  себептен

“  ­  яғни 

адамның (ғ.с) екі ұлының бірі екін­

шісін  зұлымдық  және  дұшпандық­

пен  өлтіру  себебінен,  ­  “Исраил 

ұрпақтарына жаздық” ­ яғни оларға 

бұйырдық және білдірдік. 

“Кім  кісі  өлтірмеген  не  жер  бе­

тінде  бұзғыншылық  жасамаған  бір 

адамды  өлтірсе,  шын  мәнінде,  ол 

адамдардың  барлығын  өлтірген­

дей  болады,  ал  кім  оны  тірілтсе, 

адамдардың  барлығын  тірілткен­

дей  болады”  ­  яғни  кімде­кім  жа­

зықсыз  бір  адамды  өлтірсе  не­

месе  сол  адамды  өлтіруді  өзіне 

халал  санаса,  яки  себепсіз  адам 

өлтіретін  болса  немесе  жер  бетін­

де бұзғыншылық жасамаған біреу­ 

ді өлтірсе ­ расында ол бүкіл адам­

дарды  өлтіргенмен  тең  болады. 

Өйткені  Алланың  құзырында  бір 

адам  мен  қалған  тірі  адамдардың 

арасында  айырмашылық  жоқ.  Сол 

секілді  Мужаһид  айтты:  ­  “ал  кім  

оны тірілтсе” ­ дегенді оны өлтіру­

ден бас тартса ­ деп түсіндірген.

Пайғамбарымыз хадисінде:

“Үлкен  күнәлардың  үлкенірегі: 

Алла  Тағалаға  ширк  келтіру  (ор­ 

тақ  келтіру),  адам  өлтіру,  ата­ана­ 

ға  қарсы  шығу,  өтірік  сөз  айту  “  ­  

деген. 

Ислам  бейбітшілікті  уағыздай­



тын  дін  болса,  мұсылман  баласы 

сол  бейбітшілікті  өзінің  отырып­

тұруында,  сәлемі  мен  сөйлеуінде, 

өзгелермен  қарым­қатынасында, 

қысқасы, әрбір іс­әрекетінде іс жү­

зінде көрсетуші тұлға болмақ.

Жоғарыдағы  аят,  хадистеріміз­

де келгендей, адамды өлтіру – аса 

ауыр  күнәлардың  бірі.  Олай  бол­

са,  қаншама  бейкүнә  адамның  жа­

нын  қиып,  ел  тыныштығын  бұзған 

лаңкестік,  террористік  әрекеттер 

исламға,  Құранға,  мұсылманшы­ 

лыққа  жата  ма?  Әлбетте  бұл  әре­ 

 кеттер  Исламға  қайшы.  Бұл  әре­

кеттер – табиғатымызға жат діннің 

ағымына  бой  алдырғандардың, 

исламды  бетперде  ететіндердің, 

Ислам  дінінің  атын  жамылып,  түр­

лі  бұзақылыққа  баратындардың 

істері.  Шынайы  Құранға,  сүннетке 

амал етуші жан бұндай қылмыстар­

ға ешқашан бармайды. 

Ақтөбе  мен  Алматыда  болған 

лаңкестік  әрекеттер  дін  ­  Ислам­

ның ұстанымдарына қайшы келетін 

әрекеттер болып табылады. Соны­

мен  бірге  бұл  лаңкестік  әрекеттер 

мемлекетке қарсы шығу, мемлекет 

басшылығына  қарсы  бас  көтеру 

болып  табылады.  Ал  бұған  Ислам 

шариғаты  үзілді­кесілді  тыйым  са­

лады.  Мысалы,  басшыға  бағынуға 

қатысты Құранда:

“Ей!  мүминдер!  Сендер  Аллаға 

бойсұныңдар,  Пайғамбарға  бой­

сұныңдар  әрі  өздеріңнен  болған 

әмір иелеріне де” ­ делінген (Ниса 

сүресі, 59­аят).

Имам  Тахауи  да  өзінің  ақида  кі­

табында:

“Біз  имамдарымыз  бен  әмірле­

рімізге  қарсы  шығуды  мойында­

маймыз, тіпті олар қателессе және 

әділетсіздік  жасаса  да.  Біз  олар­

ды  лағнеттемейміз  және  оларға 

бойсұнудан  бас  тартпаймыз.  Біз 

оларға  бағыну  арқылы  Ұлы  және 

құдіретті  Аллаға  бағынамыз  де­

генге  сенеміз.  Ал  оларға  бойсұну 

­  барлық  нәрседе  міндетті,  егер 

олар  күнә  істеуді  бұйырмаса  ғана. 

Біз үнемі Аллаға оларды тура жолға 

салсын  және  есендік  берсін  деп 

жалбарынамыз” ­ деген екен.

Қазыбек бидің:

"Алтың ұяң ­ Отан қымбат,

Құт­берекең ­ атаң қымбат. 

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат",

­  дегеніндей,  құрметті  оқырман 

қауым,  өзіміздің  дінімізді,  елімізді, 

Отанымызды  көздің  қарашығын­

дай  қорғайық.  Еліміздің  өркендеп 

гүлденуіне,  ал  қартайған  ата­ана­

мыздың  барынша  алаңсыз  өмір 

сүруіне  қолымыздан  келгенше  ат­ 

салысайық.  Асыл  дінімізді  халқы­ 

 мызға  тек  жақсы  жағынан  көрсе­

тейік.  Алла  елімізді  барша  пәле­

жаладан,  түрлі  кесапаттардан  сақ­

тағай. 


Руслан ТЫНЫШТЫҚҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша 

өкіл имамы

Суретті салған Аманғали САРҚҰЛОв

8

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

АҚПАРкесТе

Экспортқа  бағытталған  агроөнеркәсіп  кешені 

және  азық-түлік  өнеркәсібі



«Желаев астық 

өнімдері  

комбинаты» 

АҚ

«Жайық  Ет» 

ЖШС

«Кублей» 

ЖШС

«Жайық Агро 

ЛТД» 

ЖШС

«ПОШ­Руно»

2016 жылы  төмендегі  жобаларды  іске  асыру  жоспарланған:

Бөрлі ауданында

астық және ұн өнімдерін

даярлайтын

«Жер­Ана» ШҚ цехы

Сырым ауданында

«Правда» ШҚ 

қымыз

дайындайтын цехы

тұрғын  үй  құрылысы



11

тұрғын үй 

пайдалануға 

берілмек

Аумағы

88,2

 мың  

шаршы метр болатын

1265

пәтерлік

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» 

салымшыларына арналған 

(144 пәтерлік)

 



тұрғын үй

Жас отбасыларға 

арналған 

(180 пәтерлік)

 



тұрғын үй

ЖАО кезегінде тұрғандар үшін 

«ҚИК» ИМ» АҚ арқылы  

(851 пәтерлік)

7

 

тұрғын үй

Мемлекеттік­жеке меншік 

әріптестік қағидаты 

бойынша (90 пәтерлік) 

1

 

тұрғын үй

Оның  ішінде:

Ақпаркесте  облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі мен  

«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі жіберген  мәлімет  негізінде  жасалды

9

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4  тамыз  2016 жыл

Бүгінгі күні ҚР Ұлттық 

банкі қаржылық қызмет­

терді тұтынушылардың 

құқықтарын қорғауды 

күшейту бойынша жұмыс­

тарды, сондай­ақ Қазақстан 

өңірлеріндегі тұрғындардың 

қаржылық сауаттылығын 

арттыру бойынша ақпарат­

тық­түсіндіру жұмыстарын 

белсенді жүргізуде. Ба­

тыс Қазақстан облысын­

да осындай жұмыс қалай 

жүріп жатқандығы туралы 

сұрақтармен «ҚР Ұлттық  

банкі» РММ БҚФ­ның ди­

ректоры Ғ. Сатыбалдинаға 

жолыққан едік. 

-  Ғалия  Камшатқызы,  өткен 

жылы  қаржылық  қызметтерді 

тұтынушылардың құқығын қор- 

ғауға  қатысты  Қазақстан  Рес- 

публикасының  кейбір  заңнама-

лық  актілеріне  өзгерістер  енгі-

зілді. Осы өзгерістерді тарқатып 

айтып берсеңіз?

­  Өзіңізге  белгілі,  әлемдiк  жә­

не  отандық  экономикада  пайда 

болған  жағдайларды  ескере  оты­

рып,  сондай­ақ  екiншi  деңгейдегi 

банктердің  қазіргі  және  әлеуетті 

клиенттерінің  заңды  құқықтарын 

және  мүдделерін  бұзуға  жол  бер­

меу  мақсатында  2015  жылғы  24 

қарашада  Қазақстан  Республика­

сының №422­V «ҚР кейбір заңнама­

лық  актілеріне  екінші  деңгейдегі 

банктердің  жұмыс  істемейтін  кре­

диттері  мен  активтері,  қаржылық 

қызметтер  көрсету  және  қаржы 

ұйымдары  мен  ҚР  Ұлттық  банкі­

нің  қызметі  мәселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  ен­

гізу туралы» заңы қабылданды (бұ­

дан әрі ­ заң), бұл заң соның ішінде 

қарыз  алушылардың  құқықтарын 

қорғауға бағытталған.

Осылайша  заңмен  банк,  банк 

операцияларының жекелеген түр­ 

 лерін  жүзеге  асыратын  ұйым 

банктік  қарыз  шартының  талапта­

рын,  қарыз    алушы  үшін  оларды 

жақсарту  талаптарын  қоспағанда, 

біржақты  тәртіппен  өзгертуге  құ­

қылы еместігі бекітілген. 

Осы  жағдайда  қарыз  алушы  

үшін  банктік  қарыз  шартының  та­

лаптарын жақсарту деп: банктік қа­

рызға қызмет көрсетуге байланыс­

ты  көрсетілетін  қызметтер  үшін  

комиссияларды    және  өзге  де 

төлемдерді  азайту  жағына  қа­

рай  өзгерту  немесе  толық  күшін 

жою;  тұрақсыздық  айыбын  (айып­ 

пұлды,  өсімпұлды)  азайту  жағына 

қарай  өзгерту  немесе  толық  кү­

шін  жою;  банктік  қарыз  шарты 

(БҚШ)  бойынша  сыйақы  мөлшер­

лемесін  азайту  жағына  қарай  өз­ 

герту;  БҚШ    бойынша  төлемдерді 

кейінге  қалдыру  және  (немесе) 

ұзарту  түсініледі.  Сонымен  қатар 

банк  жақсарту  талаптарын  қол­

данған  жағдайда,  қарыз  алушы 

БҚШ­да  көзделген  тәртіппен  БҚШ 

талаптарының  өзгергені  туралы  

хабардар  етіледі.  Бұдан  кейін  қа­

рыз  алушы  хабарламаны  алған 

күннен  бастап  күнтізбелік  он  төрт 

күн  ішінде  БҚШ­да  көзделген 

тәртіппен  банк  ұсынған  жақсарту 

талаптарынан бас тартуға құқылы. 

Бұл  ретте  БҚШ­да  қарыз  алушы 

үшін  жақсарту  талаптарының  қо­

сымша тізбесі көзделуі мүмкін.

Сондай­ақ  2016  жылғы  1  қаң­

тарынан  бастап  «Жеке  тұлға  өті­

ніш  жасаған  күннің  алдындағы 

қатарынан  алты  ай  ішінде  шетел 

валютасында  кірістері  жоқ  жеке 

тұлғаларға осы валютада ипотека­

лық  қарыз  беруге  тыйым  салына­

тыны» жаңалық болып табылады.

Қаржылық  қызметті  тұтынушы­

ларға БҚШ жасасқанға дейін банк, 

банк  операцияларының  жекеле­

ген  түрлерін  жүзеге  асыратын 

ұйым  қарызды  өтеу  әдісін  таңдау 

үшін  түрлі  әдістермен  есептел­

ген  қарызды  өтеу  кестелерінің 

жобаларын  жеке  тұлғаға  беруге 

міндетті.  Бұл  сараланған  төлем 

әдісі болуы мүмкін, бұл ретте банк­ 

тік  қарыз  бойынша  берешектер­

ді  өтеу  негізгі  борыш  бойынша 

төлемдердің  тең  сомаларын  және 

негізгі  борыштың  қалдығы  кезеңі­

не есептелген сыйақыны қамтитын 

азайтылып  отыратын  төлемдер­

мен жүзеге асырылады немесе ан­

нуитеттік  төлем  әдісі  болуы  мүм­ 

кін,  бұл  ретте  банктік  қарыз  бо­

йынша  берешектерді  өтеу  негізгі 

борыш бойынша ұлғайтылып оты­

ратын төлемдерді және негізгі бо­

рыштың  қалдығы  кезеңіне  есептел­

ген  сыйақы  бойынша  азайтылып 

отыратын  төлемдерді  қамтитын 

банктік  қарыздың  бүкіл  мерзімі 

ішінде  тең  төлемдермен    жүзеге 

асырылады.  Тиісінше,  сараланған 

төлем  әдісі  және  аннуитеттік  тө­

лем әдісі мөлшерлері ерекшеленуі 

мүмкін.

-  Мерзімі  өткен  төлем  пай-

да  болған  жағдайда,  екінші 

деңгейдегі  банктер  кейде  мөл-

шері  бізге  түсініксіз  айыппұл, 

өсімпұл  есептеп  жатады.  Осы 

заңның  шеңберінде  қандай  да 

бір өзгерістер бар ма?    

­  Ағымдағы  жылғы  1  шілде­

ден  бастап  мерзімі  өткен  төлем 

болған  жағдайда,  банктік  кредит 

пен  микрокредитті  өтеу  тәртібіне 

қатысты  заңнамаға  өзгерістер  ен­

гізілді.  Осылайша    жеке  тұлғамен 

жасалған  банктік  қарыз  шарты 

бойынша  қарыз  сомасын  қайтару 

және  (немесе)  сыйақы  төлеу  жө­

ніндегі  міндеттемені  бұзғаны  үшін 

тұрақсыздық айыбының (айыппұл­

дың,  өсімпұлдың)  мөлшері  мерзі­

мін өткізіп алудың тоқсан күні ішін­

де  мерзімі  өткен  әрбір  күн  үшін 

мерзімі  өткен  төлем  сомасының 

0,5  пайызынан  аспауға  тиіс,  мер­

зімін  өткізіп  алудың  тоқсан  күні 

өткеннен  кейін  мерзімі  өткен  әр­

бір  күн  үшін  мерзімі  өткен  төлем 

сомасының  0,03  пайызынан  ас­

пауға,  бірақ  банктік  қарыз  шарты 

қолданылатын  әрбір  жылға  беріл­

ген  қарыз  сомасының  он  пайызы­

нан артық болмауға тиіс. 

Бұл  норма  бұрын  жасалған 

шарттардан туындайтын құқықтық 

қатынастарға  қолданылады.  Заң 

қолданысқа  енгізілгенге  дейін  тө­

ленген,  жеке  тұлғалармен  жасал­

ған  БҚШ  бойынша  тұрақсыздық 

айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды 

күшіне  енген  сот  актісіне  сәйкес 

төленуге  жататын  тұрақсыздық  

айыбы  (айыппұл,  өсімпұл)  қайта 

есептеуге жатпайды.

Сонымен  қатар  заңның  норма­

ларына 1 шілдеден бастап өзгеріс­

тер  күшіне  енді,  бұл  ретте  жеке 

тұлғамен  жасалған  БҚШ  бойынша 

қарыз  алушы  жүргізген  төлем  со­

масы,  егер  ол  қарыз  алушының 

БҚШ  бойынша  міндеттемелерін 

орындауы  үшін  жеткіліксіз  бол­

са,  қарыз  алушының  берешегін 

мынадай  кезектілікпен  өтейді:  

1)  негізгі  борыш  бойынша  бере­

шек; 2) сыйақы бойынша берешек; 

3) банк туралы заңның 35­бабының 

2­тармағына  сәйкес  айқындалған 

мөлшердегі  тұрақсыздық  айыбы 

(айыппұл,  өсімпұл);  4)  төлемдер­

дің  ағымдағы  кезеңі  үшін  негізгі 

борыш  сомасы;  5)  төлемдердің 

ағымдағы  кезеңі  үшін  есепке  жа­

зылған  сыйақы;  6)  кредитордың 

орындауды  алу  бойынша  шығасы­

лары.


Мерзімін  өткізіп  алудың  қата­

рынан  күнтізбелік  бір  жүз  сексен 

күні өткеннен кейін жеке тұлғамен 

жасалған  банктік  қарыз  шарты 

бойынша  қарыз  алушы  жүргізген 

төлем  сомасы,  егер  ол  қарыз  алу­

шының  банктік  қарыз  шарты  бо­

йынша  міндеттемелерін  орында­

уы  үшін  жеткіліксіз  болса,  қарыз 

алушының  берешегін  мынадай 

кезектілікпен  өтейді:  1)  негізгі  бо­

рыш бойынша берешек; 2) сыйақы 

бойынша берешек; 3) төлемдердің 

ағымдағы  кезеңі  үшін  негізгі  бо­

рыш сомасы; 4) төлемдердің ағым­

дағы кезеңі үшін есепке жазылған 

сыйақы;  5)  банк  туралы  заңның 

35­бабының  2­тармағына  сәйкес 

айқындалған  мөлшердегі  тұрақ­

сыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл); 

6)  кредитордың  орындауды  алу 

бойынша шығасылары.

Осы өзгерістер бұрын жасалған 

шарттардан  қолданысқа  енгізген 

күннен  бастап  туындайтын  құқық­

тық қатынастарға қолданылады.

Тұтас  алғанда,  заңның  негізгі 

нормалары, 2017 жылғы 1 қаңтар­

дан  бастап  күшіне  енетін  кейбір 

тармақтарын  қоспағанда,  2016 

жылдың ішінде енгізіледі.

Мысалға,  төлемге  қабілетсіз 

қарыз  алушыға  қатысты  қолданы­

латын  шаралардың  бірі  ­  уәкілетті 

органның  нормативтік­құқықтық 

актісінде  белгіленген  тәртіппен, 

қарыз  алушының  талабы  бойын­ 

ша  ашылған  банк  шоттарындағы, 

қарыз  алушы  мемлекеттік  бюд­

жеттен  және  Мемлекеттік  әлеу­

меттік  сақтандыру  қорынан  төле­ 

нетін  жәрдемақылар  және  әлеу­ 

меттік  төлемдер  түрінде  алатын 

ақшаны  қоспағанда,  қарыз  алу­ 

шының  кез  келген  банк  шот­

тарындағы  ақшаны,  оның  ішінде 

төлемдік  талап­тапсырма  ұсыну 

арқылы  даусыз  (акцептісіз)  тәр­

тіппен  өндіріп  алу  (егер  мұндай 

өндіріп  алу  банктік  қарыз  шар­

тында  ескертілген  болса)  болып 

табылады.

­ Сондықтан  2017 жылғы 1 қаң­ 

 тардан  бастап  енгізілетін  өзгеріс­

терге  сәйкес  төлемдік  талап­тап­

сырма    ұсыну  арқылы  банктік  қа­

рыз шарты бойынша қарыз алушы 

жеке  тұлғаның  берешегін  өндіріп 

алу  оның  банк  шотындағы  ақша 

сомасының  және  (немесе)  кейін­

нен қарыз алушының банк шотына 

түсетін әрбір ақша сомасының елу 

пайызы  шегінде  шектеледі  және 

төлемдік  талап­тапсырманы  то­

лық  орындау  үшін  қажетті  барлық 

соманың  банк  шотына  түсімдері 

күтілместен  жүзеге  асырылады. 

Көрсетілген  шектеу  қарыз  алушы 

жеке  тұлғаның  жинақ  шотындағы 

ақшаға  қолданылмайтынын  атап 

өткен маңызды.

-  ҚР  Ұлттық  банктің  аумақ-

тық филиалдарында «Қабылдау 

бөлмесі» жұмыс жасайтыны бә-

ріне  белгілі.  «Қоғамдық  қабыл-

дау  бөлмесі»  шеңберінде  қан-

дай көмек көрсетілетіні жөнінде 

айтып берсеңіз?

­  Өте  дұрыс,  2014  жылдан  бас­

тап  ҚР  Ұлттық  банкте,  сондай­ақ 

аумақтық  филиалдарында  «Қоғам­

дық  қабылдау  бөлмесі»  жұмыс 

жасайды.  Осында  филиал  басшы­

лығымен,  қаржылық  қызметтер­

ді  тұтынушылардың  құқықтарын 

қорғау  бөлімімен,  сондай­ақ  қыз­

меткерлермен  облыс  тұрғында­

рына  консультациялар,  банктік 

қызмет  саласында  қолданыстағы 

заңнама  нормалары  шеңберінде 

қаржылық  қызметтерді  ұсыну  сұ­

рақтары  бойынша  құқықтық  кө­

мек  көрсетіледі.  Осылайша  2016 

жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бо­

йынша  «ҚР  Ұлттық  банкі»  РММ 

Батыс  Қазақстан  филиалындағы 

«Қоғамдық  қабылдау  бөлмесіне» 

ҚР­ның 346 азаматы жолыққан.

Сонымен  қатар  филиалмен  об­ 

лыстың  жеке  және  заңды  тұлға­

лардың  жазбаша  өтініштері  бо­

йынша жұмыстар жүргізіледі. 2015 

жылғы  тиісті  кезеңімен  салыстыр­

ғанда,  жазбаша  өтініштердің  саны 

14­ке  азайған.  Егер  2015  жылы  43  

өтініш  болса,  2016  жылы  бұл  көр­

сеткіш 29­ды құрады немесе 33%.

Тұтас алғанда, жазбаша да, ауыз­

ша  да  өтініштер  банк  секторына 

жатады, бұл:

­  қарыз  бойынша  берешекті 

қайта  құрылымдау,  оның  ішінде 

несиелендірудің  мерзімін  көбей­

ту,  қарыз  өтеудің  мерзімін  ұзарту, 

сыйақы  мөлшерлемесінің  көле­

мін  азайту,  есептелген  өсімпұлды  

есептен шығару;

­  қарыз  алушының  кез  келген 

банк  шоттарындағы  ақшаны  дау­

сыз  (акцептісіз)  тәртіппен  өндіріп 

алу;


­  көбінесе  ипотекалық  тұрғын  үй  

қарыздарын/ипотекалық  қарыз­

дарды  қайта  қаржыландыру  бағ­

дарламасы бойынша сұрақтар. 

Әрине,  өмірде  әр  түрлі  күтпе­ 

ген жағдайлар орын алады, деген­

мен көптеген қарыз алушылар өз­

дерінің  қаржылық  мүмкіндіктерін 

дұрыс есептемей жатады. 

- Яғни, қаржылық сауаттылық 

проблемасы туындайды ма?

­ Иә, рас. Өйткені  азаматтардың 

көмек  үшін  Ұлттық  банкке  жолы­

ғуының  негізгі  себебі  –  бұл  қар­

жылық  сауаттылықтың  төмен  дең­ 

 гейі.  Қаржылық  қызметтерді  тұ­

тынушылар  көбінесе  екінші  дең­

гейдегі  банктермен  ұсынылатын 

қаржылық  заттарды  талдамай 

және  салыстырмай  шартқа  қол 

қояды,  ал  несие  алғаннан  кейін  

қаржы  ұйымдарымен  талас  ба­

рысында бірінші қиындықтар туын­ 

даған  кезде  ахуалды  одан  әрі 

асқындырып,  қарыз  өтеуді  тоқта­

тады.  


Өмірде  күтпеген  жағдай  туын­

даған кезде, қаржылық қызметтер­

ді  тұтынушыларға  қарызды  өтеу 

бойынша  туындаған  проблема­

лардан  қашпай,  керісінше  банкке 

бірлескен  шешім  қабылдау  үшін 

жолығу  қажет,  мысалға  несиелен­

діру мерзімін ұзарту немесе төлем 

бойынша  уақытша  мерзімін  ке­ 

йінге қалдыру  т.б. 

Бұл  ретте  банкпен  сындарлы 

диалог  болмаған  жағдайда,  қарыз 

алушы  өзінің  құқықтары  мен  мүд­

десін  қорғау  үшін  «ҚР  Ұлттық  

банкі»  РММ  Батыс  Қазақстан  фи­

лиалының  «Қоғамдық  қабылдау 

бөлмесіне» жолыға алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет