Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#9296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Биыл Зеленов ауданының диқандары 

күздік дақылдарды жинауда соңғы 20 жыл­

да бірінші рет жоғары көрсеткішке ие бо­

лып, рекордтық деңгейді көрсетуде.  Тек 

ағымдағы жарты жылдың ішінде 263 

жаңа жұмыс орны ашылып, түрлі бағытты 

қамтитын алты  нысан пайдалануға беріл­

ген.  Жыл соңына дейін тәулігіне 7,2 тонна сүт 

өндіретін бес сүт фермасын құру жоспарлануда. Сондай­ақ 

алдағы қараша айында Рубежин және Макаров ауылдық 

округтерінде қуаттылығы жылына 30,0 млн. және 15,0 

млн. болатын кірпіш зауыттары іске қосылмақ. Ал келер 

жылы Щапов ауылында қуаттылығы жылына  5000 тонна 

құс етін өндіретін  фабриканың құрылысын аяқтау жоспар­

лануда. 

адам  (8,3%).  Ресейдің    Орынбор, 

Саратов,  Самара  облыстарымен 

шектесетін  Зеленов  ауданы  ауыл 

шаруашылығы  және  өнеркәсіптің 

түрлі саласын дамытуға мүмкіндік 

беретін ресурстық әлеуетке ие. 

Бірінші  жартыжылдықта  аудан 

бойынша  өнеркәсіп  өндірісінің 

көлемі  56,2  млрд.  теңгені  құрап, 

өткен  жылғы  көрсеткіштен  7,1%­ға 

артса,  сәйкесінше  ауыл  шаруа­

шылығы  өнімінің  жалпы  көлемі 

5,4  млрд.  теңгені  құрап,  2015 

жылдың  қаңтар­маусым  айларын­

дағы  көрсеткіштен  39,5%­ға  ұл­ 

ғайған. Ал мұнай­газ өндіру өнер­

кәсіптің  негізгі  саласы  болып  та­

былатындықтан,  өнеркәсіп  өнді­ 

рісі жалпы көлемінің 91,4%­ын құ­

райды. Аудандағы көмірсутек ши­

кізатының  негізгі  қоры  Чинарев 

мұнай­газ  конденсат  кен  орнын­ 

да  шоғырланған.  Саланың  жетек­ 

 ші кәсіпорны «Жайықмұнай» ЖШС 

болып табылады. 

Азық­түлік  өнеркәсібі    өңдеуші 

сектордағы жалпы өнімінің 92,4%­

ын  қамтып,  бұл  салада  «БелесАг­

ро»  ЖШС  (диірмен  кешені),  «Кар­ 

кула»  шаруа  қожалығы  (нан  бөл­

келік  және  сүт  өнімдері),  «Махо­

рин» шаруа қожалығы (ет консер­

вілеу), «Орал Каспий» ЖШС (балық 

өңдеу),  жеке  кәсіпкер  «Пивень» 

(кондитерлік  өндірісі)  және  т.б. 

жұмыс  жасайды.  Биылғы  инвес­

тиция  көлемі  35,1  пайызға  артып, 

негізгі  қаржы қоры 42,0 млрд. тең­ 

гені  құрады.  Оның  ішінде  мемле­

кеттік  бюджетке  2,9  млрд.  теңге, 

аудандық  бюджетке    930,4  млн. 

теңге жиналды, ­ деген аудан әкімі 

на бидай жиналды. Ауданның кей­

бір  шаруашылықтарында  өнімді­ 

лік  көлемі  гектарына  45­48  цент­

нерге дейін жетуде. Мұндай өнім­ 

ділік  20  жылда  бірінші  рет  бай­

қалып отырғанын атап өту керек.

Көкөніс  шаруашылығын  дамы­

туда    аудан  халқы  қажеттілігін  то­ 

лығымен  өзінің  картоп  және  кө­

көніс өнімдерімен қамтамасыз ете 

алады.  Ауданда  «Алтын  Болашақ» 

ШҚ,  «Жайна»  ШҚ,    «Дәуқара»  ШҚ­

ның  жылыжайларында  бау­бақ­ 

ша және көкөніс өнімдері жыл­он 

екі ай бойы өндіріледі.

Мал  шаруашылығы  да  қарқын­

ды  дамуда.  Ауданда  жеті  асыл  тұ­ 

қымды шаруашылық жұмыс істей­

ді.  Етті  бағыттағы  ірі  қара  мал 

өсірумен  алты  шаруашылық  ай­

налысады,  бір  шаруашылық  сүтті 



Ләззат ШАҒАТАЙ,

«Орал өңірі»

РекоРдТыҚ өНім



Кәрім  ЖАҚЫПОВ,

Зеленов  ауданының  әкімі 

Ауыл шаруашылығы  дақылдары егінінің жалпы аумағы – 

200 974  мың  гектарды  құрады

Күздік  дақылдар – 31 569 га,

жаздық дақылдар – 93 439 га,

майлы дақылдар – 22 284 га,

біржылдық  және  көпжылдық 

шөптер – 49 072 га

5

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

АудАН-Ауыл



Анэль ҚАЙНЕДЕНОвА,

 «Мой город» газеті: 

– Өткен жылы таратылған Усихин ауылында көше 

алмай қалған отбасылар бар. Олардың баратын же­ 

рі жоқ. Олар Переметныйға көшкісі келгенімен, бас­

пана мәселесі қиынға соғуда, ал пәтерді жалдап тұру­

ға  жағдайлары  келмейді.  Балаларының  бірі  интер­

натта,  бірі  туыстарының  үйінде.  Бұл  мәселе  қашан  

шешіледі  деп  күтілуде?

 

Кәрім  ЖАҚЫПОв: 

– Ол жерде тек бір ғана отбасы қалды. Олардың 

мәселесі  біздің  қатаң  бақылауымызда,  жуырда  өз 

шешімін табатын болады. 



Айгүл  ЛОгАШКИНА,

«Қазақстан – Орал»  телеарнасы: 

–  Сіз  ағымдағы  жылдың  аяғына  дейін  ауданда 

сүт  фермасы  ашылады  дедіңіз.  Бұл  жоба  жүзеге 

асырудың  қай  деңгейінде,  қай  ауылда  және  қай­ 

дан алынған қаражат негізінде ашылмақ?

Кәрім  ЖАҚЫПОв: 

–  Қазіргі  таңда  сүт  фермасы  Махамбет,  Дариян, 



Ш

ағын  және  орта  биз­

нес  саласында  2016 

жылдың 1 шілдесі бо­ 

йынша 263 жаңа жұмыс орны ашы­ 

лып, ағымдағы жылдың алты айын­

да алты  нысан пайдалануға беріл­

ді. 


«Бизнестің жол картасы – 2020» 

бағдарламасы  жұмысын  бастаға­ 

лы  Зеленов  ауданында  жалпы  со­ 

масы  10,6  млрд.  теңге  болатын 

барлығы  57  жоба  мақұлданып, 

мыңнан  астам  жаңа  жұмыс  орын­

дары  ашылды.  Алдағы  қараша 

айында  Рубежин  ауылдық  окру­ 

гінде қуаттылығы жылына 30 млн. 

кірпіш  болатын  «134»  ЖШС  кір­ 

піш  зауыты,  Макаров  ауылдық 

округінде  қуаттылығы  жылына 

15  млн.  кірпіш  болатын  жеке  кә­

сіпкер  «Жанар»  кірпіш  зауыты,  

Переметный  ауылдық  округін­

де  жеке  кәсіпкер  «Ижанованың» 

300  орындық  кафе­мейрамхана­

сы  іске  қосылып,  сәйкесінше  70 

жаңа  жұмыс  орны  ашылатын  бо­ 

лады.  Биыл  ауданда  екі  тұлға 

ағылшын  тілін  оқыту  орталығын 

ұйымдастыру  және    спорт  мекте­ 

бін    ұйымдастыру  (фитнес­орта­

лық) үшін әрқайсысы 1 млн. теңге 

көлемінде  грантқа  қол  жеткізді. 

Ал 2017 жылы Щапов ауылдық ок­

ругінде қуаттылығы жылына  5000 

тонна  құс  етін  өндіретін    «Жайық 

Агро  ЛТД»  ЖШС  құс  фабрикасы­ 

ның құрылысын аяқтау жоспарла­

нуда. 

Аудандағы  ауылдардың  табиғи 



газбен қамтылуы 72%, яғни 68 елді 

мекеннің  49­ы  газбен  қамтылған 

болса, биыл  Горбунов, Кирсанов, 

Мирный,  Павлов,  Владимиров,  Кі­ 

ші  Шаған,  Кожевников  және  Фа­

кел ауылдарын газдандыруға тех­

никалық­экономикалық негіздеме 

жасақтауға  аудандық  бюджеттен 

қаражат  бөлу  жоспарлануда.  Ал 

керісінше  сумен  жабдықтау  не­

бәрі  26  елді  мекенді  қамтыған. 

2017  жылға  республикалық  бюд­

жет қаражатынан Володар, Көшім, 

Щапов,  Павлов,  Дариян,  Ақжол 

елді  мекендеріне  су  құбырларын 

өткізу жоспарланып отыр. 

Ауданның  білім  беру  жүйесіне 

46  күндізгі  мектептің  13­і  бейім­

делген орындарда орналасқан, 35 

мектеп  екі  ауысымда  оқытады,  11 

мектеп  бір  ауысымда.    Бүгінгі  кү­ 

ні  ауданда  мектепке  дейінгі  жас­

тағы  балаларды  оқыту  және  тәр­

биелеу  мәселесі  маңызды  мәселе 

болып  тұр.  Қамту  деңгейінің  тө­ 

мендеу  себебінен  мектепке  де­

йінгі  білім  беру  және  тәрбиелеу 

ұйымдарына  кезекте  тұрған  ба­

лалар  саны  көбеюде.  Аталған  мә­

селені  шешу  мақсатында  мектеп­ 

ке  дейінгі  ғимараттар  салу    жос­

пары құрылды. Олар:

– 2018 жылы Достық және Ми­

чурин  ауылдарында  200  орын­ 

дық балабақша құрылысы;

– 2019 жылы  Үлкен Шаған ауы­

лында 120 орындық балабақша құ­ 

рылысы  және  Дариян  ауылында 

280  орындық  балабақша  құры­

лысы; 


– 2020 жылы Володар және Но­

венький  ауылдарында  50  орындық 

балабақша  салу  жоспарланып 

отыр.  Биыл  Достық  ауылында 

«Мемлекеттік­жеке  меншік  әріп­ 

тестік»  (МЖӘ)  бағдарламасы  аясын­

да  жеке  кәсіпкер  «Туралиева  А.С.» 

100 орындық жеке балабақша ашу 

жоспарлауда.  Өкінішке  орай,  ау­ 

дан  бойынша  биыл  ұлттық  бірың­

ғай  тестілеуге  230  түлек  немесе 

64% (2015 жылы – 66,3%) қатысса, 

ҰБТ­дан орташа балл – 80, 86 бал­

ды  құрап  (2015  жылы  –  81,09), 

өткен  жылғыдан  төмен  көрсеткіш 

көрсеткен.  Яғни  ҰБТ  нәтижесі 

бойынша  Зеленов  ауданы  облыс 

бойынша жетінші орында. 

Ауданда  2020  жылға  дейін  бір­

неше  тұрғын  үй  құрылысы  мен 

спорт  және  мектеп  кешендерін 

салу  жоспарлануда.    Оның  ішінде  

Переметный  ауылдық  округінің  

Мұнайшы шағынауданында 23 бір 

пәтерлі  тұрғын  үй  құрылысы,  Пе­ 

реметный  ауылдық  округінің  Ка­

линин  ауылында  жалға  берілетін 

екі  қабатты  алты  пәтерлік  тұр­

ғын  үй  және  160  орындық  дене 

шынықтыру­сауықтыру  кешенінің 

құрылысы,   Дариян ауылында 100 

орындық интернаты бар, 300 оқу­ 

шыға  арналған  орта  жалпы  білім 

беретін  мектеп  құрылысын  салу 

жолға қойылған.

Баспасөз  мәслихатының  соңын­

да Зеленов ауданының әкімі Кәрім 

Жақыпов  журналистердің  сұрақ­

тарына жауап берді.

Чеботарев  ауылдарында  жеке  қаражат  және  не­

сие  көздері  арқылы  тұрғызылуда.  Сырттан  жаңа 

құрылғылар  сатып  алу  үшін  туындаған  мәселелер 

бар, бірақ олар шешімін табады. Осы жылдың аяғы­

на дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. 



Наталья  гОРОХОвА,

облыстық «Приуралье» газеті:

–  Ауданның  көптеген  ауылдарында  жастардың 

демалуына  арналған  мәдениет  үйлері  мен  клубтар 

жетіспейді.  Жастары  көп  ауылда  демалыс  орында­

рын салу жоспарда бар ма?

Кәрім  ЖАҚЫПОв: 

–  Бүгінгі  таңда  аудан  бойынша  36  мәдени­дема­ 

лыс ұйымдары бар десек, оның біреуі аудандық мә­

дениет  үйі,  екі  ауылдық  мәдениет  үйі  және    ауыл­ 

дық  клубтар  мен  «Победа»  кинотеатры.  Өкінішке 

орай,  көптеген  ауылдарда  клубтар  жоқ,  ол  мәселе 

әзірге күн тәртібінде тұр. Халық саны көп ауылдар­

да, соның ішінде  Макаров пен Достықта мәдениет 

ошақтарын  салу  үшін  сметалық  құжаттар  дайында­

лып,  қаржыландыру  көздері  қарастырылуда. 



Б

ір­бірінің 

кәсіпкерлік 

көкжиегіндегі  тірлігімен 

танысып,  тәжірибе  алма­ 

суды  көздеген  бұл  жүздесу  де­

легацияның  Ақжайық  ауданының 

әкімі  Әділ  Жоламановпен  бірге  

жол бойындағы сервистер кешен­ 

дерімен,  аты  алысқа  мәлім  Жа­

ңабұлақ  ауылдық  округіне  қарас­

ты  «Жәмиға»  шаруа  қожалығы­ 

мен  танысудан басталды. Сондай­

ақ    Чапаев  маңында  тұрғызылған, 

жобалық  құны  560  млн.  теңге  бо­

латын, қуаты тәулігіне 50 бас сиыр 

етін  өңдейтін  «Батыс­Нық»  ЖШС 

кешенінде,  қой  жүнін  бастапқы 

өңдеу цехында кездесулер өтті. 

Бұдан  соң  екі  аудан  өкілдері 

дөңгелек  үстелде  бас  қосты.  Ақ­

жайық  ауданы  әкімі  Әділ  Жола­ 

манов  сырымдықтарды  үлкен  ау­

данның  экономикалық­әлеумет­ 

тік тынысымен таныстырды. Айта­

лық,  жылдың  өткен  кезеңінде­ақ 

278  жаңа  жұмыс  орны  ашылды,  

бұл  ең  алдымен  кәсіпкерлікті  ба­

рынша  өркендетудің  арқасын­ 

да мүмкін болған. Ауыл шаруашы­

лығы  құрылымдарына  берілетін 

несиеге  27  субьекті  қатысып, 

382  млн.  теңге  көлемінде  қаржы­

ландырылған. «Бизнестің жол кар­

тасы  –  2020»,  «Жұмыспен  қамту  

жол  картасы  –  2020»  бағдарлама­

ларын  тиісті  бөлім,  ұйымдар  ма­ 

мандары  кеңінен  насихаттауда. 

Әділ Тауфиқұлы өңір аудандарын­

дағы  кәсіпкерліктің  дамуынан  ақ­ 

жайықтықтардың  үйренері  де  аз 

емес екенін, сырымдықтардың ел­ 

ге  мәлім  ілгері  істерін  атап  өтті. 

Сондықтан  олармен  қарым­қа­

тысты  нығайту  басты  назарда 

ұсталып отырғанын баяндады. 

Үйренгеннің  ісі 

АлғА БАсАды



Жақында Сырым ауданының әкімі 

Абат Шыныбеков бастаған өңірдің 

шағын бизнес өкілдері Ақжайық ауда­

нында болды. 

Абат Шыныбеков өз сөзінде көр­ 

шілес  аудандардың  осындай  бай­ 

ланысы  тек  берекелі  нәтижелер­

ге  негіз  қалайтынын,  мал,  бақша  

шаруашылықтарында  және  жол 

бойындағы  сервиске  байланысты 

ақжайықтықтардан  тәжірибе  алу­ 

дың  зор  маңыздылығын  атап 

көрсетті.

Екі  ауданның  кәсіп  иелері  бір­

бірімен  ынтымақтастыққа,  қажет 

болса  көмекке  дайын  екендіктері 

жайында  ой­пайымдарын  ортаға 

салды.  Олар  кейбір  түйіткілді  мә­

селелер  бойынша  да  пікір  алмас­

ты. 

Осыдан  соң  Сырым  ауданын­



дағы  Қадыр  Мырза  Әлі  атындағы 

орта  мектеп  пен  Ақжайық  ау­

данындағы  Жұбан  Молдағалиев 

атындағы  орта  мектеп  арасында­

ғы  ынтымақтастық  туралы  мемо­

рандумға  қол  қойылды.  Бұл  атал­ 

ған  көршілес  білім  ұялары  бұрын­ 

нан­ақ  бір­бірімен  жақсы  қарым­ 

қатысты  жолға  қойған.  Енді  мұн­ 

дай  байланыс  одан  әрі  тереңдей 

түсіп,  жас  ұрпақтың  жарқын  тағ­ 

дыры  үшін  тың  істер  қолға  алын­

бақшы.  Сондай­ақ  ақжайықтық 

«Балауса»  шаруа  қожалығы  мен 

супермаркетте  ауыл  шаруашылы­ 

ғы  өнімдері  саудасымен  шұғыл­ 

данатын сырымдық жеке кәсіпкер 

Мэлс  Сапаров  арасындағы  мемо­

рандумға  қол  қойылды.  Нұрлан 

Жұмашев  басқаратын  «Балауса» 

шаруа қожалығы – бақша өсіруден 

бай  тәжірибе  жинақтаған  ұжым.



Бекем  БЕКҰЛЫ, 

Ақжайық  ауданы

2016 жылдың алғашқы алты айында шағын және орта 

бизнестің келесі нысандары пайдалануға берілді:

– «Дубрава» қала сыртындағы демалу кешені;

– «BKKS LPG» ЖШС көмірсутек газ толтыратын стансасы;

– Екі кафе;

– Бір дүкен;

– Бір банкет залы;

– Бір интернет клубы жұмысын

                                                 бастады.

6

oral_oniri@inbox.ru

БіР күН

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл



Орал қалалық әйелдерді әлеуметтік 

оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс 

істей бастағанына үш жылдың жүзі болды. 

Мұндай мекеменің ашылуына жанұяда 

зорлық­зомбылық көріп, паналайтын жерге 

зәру болатын әйелдердің көбейе түскені 

себеп болған­ды. Ал арада өткен үш жылда 

оның көмегіне сүйенгендер 500­ден асып 

жығылғанды. Алдағы уақытта да мейірім 

күтіп, аталмыш мекеменің табалдырығын 

аттайтын әйел заты көбеймесе, азаятын 

түрі жоқ сияқты. Оған біз осынау мекемеге 

барып, оның тыныс­тіршілігімен танысқан 

бір күнде көз жеткіздік.

«Сен  де  менің  тағдырымды  қайталадың-ау,



О

рталық  басшысы  Ганди 

Шамкелова  ұсынысы­

ма  қарсылық  білдірген 

жоқ. Сөйтіп, келіскен күні аталмыш 

мекемеге  ат  басын  тіредім.  Мен 

барғанда, сыртта жас мөлшерлері 

әр түрлі 3­4 бала ойнап жүр екен. 

­  Бұл  балалардың  аналары  жұ­

мыста,  ­  деді  Ганди  Ізтұрғанқызы 

менің  оларға  қарап  қалғанымды 

байқап.  –  Олар  кеште  бір­ақ  ке­

леді.  Сөйлесемін  десеңіз,  іште 

тағы екі әйел бар. Қазір олар осын­

дағы  медбикелер  мен  психолог­ 

 тың, заңгердің көмегін алуда, ­ деп 

Ганди  Ізтұрғанқызы  мені  оларға 

бастап  алып  барды.  Құстың  ұя­

сындай  ғана  шағын  мекеменің 

бір  бөлмесінде  орталықтың  пси­

хологы  Нұргүл  Қуанғалиева  зәбір 

көруші  әйелдермен  әңгімелесіп 

отыр екен. 

­ Біз күнде осындай уақытта кес­

теге  сәйкес  жәбірленушілермен 

кездесіп,  әңгімелесеміз.  Олардың 

өмірінде  кездескен  қиын  жағдай­

ды  өзара  талқылаймыз.  Бұл  жер­

де  қиындық  көрген  жандарға 

тек мен ғана кеңес беріп қоймай­

мын,  сонымен  қатар  жәбірленуші 

әйелдер  де  бастарынан  өткен 

жағдайлар  жөнінде  бір­біріне  әң­ 

гімелеп, ақылдарын айтады, ­ дей­

ді  орталық  психологы.  Сол  жерде 

жәбірленушілерді  әңгімеге  тарт­

қым  келген,  бірақ  өздері  қиын 

жағдайда  жүргесін  бе,  олар  әуелі 

қашқақтап,  менімен  сөйлесуге 

онша ықылас таныта қоймады.

­  Орал  қалалық  әйелдерге  ар­

налған  әлеуметтік  оңалту  және 

бейімделу  орталығы  2013  жылы 

ашылды.  Бұл  мекеме  тұрмыста 

зорлық­зомбылық  көрген  және 

өмірдің  қиын  жағдайына  тап  бол­ 

ған,  жастары  18­ден  асқан  әйел 

затына  және  олардың  жасы  18­ге 

толмаған  балаларына  әлеуметтік 

тұрғыдан  тегін  көмектер  көрсе­

теді.  Мұндай  мекемелер  әзірге 

еліміз  бойынша  өте  аз,  респуб­

ликада бар болғаны бесеу, ­ дейді 

Ганди  Ізтұрғанқызы.  Көп  ұзамай 

психологтың  дәрісінен  босаған 

екі  әйелді  біз  отырған  бөлмеге 

шақырды.  Қысылып­қымтырылып 

кірген  әйелдерге  жылышырай  та­ 

нытып,  оларды  менімен  таныс­

тырған  орталық  басшысы  әйел­

дерді  ашық  әңгімеге  шақырды. 

Тиісінше,  мен  де  оларды  суретке 

түсірмейтінімді,  газетке  мақала 

әзірлегенде олардың шын есімде­

рін жазбайтынымды айтып, жәбір­

ленушілерден  тұрмыста  көрген 

қиыншылықтары жөнінде баяндап 

беруін сұрадым. 

 

Нұргүл, 32 жаста. Тұрмыс құр­

ғанына  төрт  жыл  болған.  Бөрлі 

ауданының  тумасы.  Қала  жігітіне 

тұрмысқа  шыққан,  қазіргі  уақытта 

«Құс фабрикасы» аумағында тұра­

ды. Орталыққа жақында келіп түс­

кен.  Айтуынша,  күйеуі  ішімдікке 

үйір, карта ойнайды. 

­  Үйге  үнемі  кешігіп  келеді,  се­

бебін  сұрасам,  жұдырығын  ала 

жүгіреді.  Биыл  желтоқсан  айында 

қылғындырып, өлтіріп тастай жаз­

дады.  Одан  әрең  қашып  құтылып, 

анамның  үйіне  барып  тығылдым. 

Оның осы қылығынан әбден шар­

шадым, тіпті оның даусын естісем, 

тұла  бойым  түршігеді.  Бұдан  әрі 

шыдай  алмаймын.  «Құс  фабрика­

сы»  аумағынан  жер  телімін  сатып 

алып,  үй  салып  жатқанбыз,  ол  әлі 

біткен  жоқ.  Ол  үйге  тұру  маған 

жазылмаған  шығар.  Отбасымды 

қаншама  сақтағым  келсе  де,  мүм­

кін  болмай  тұр.  Бір  күні  өлтіріп 

тастай  ма  деп  қорқамын.  Басқа 

жаққа  кетіп  қалып,  жаңа  өмір 

бастағым  келеді.  Жұмыс  тапсам, 

өз  күнімді  өзім  көрер  едім.  Бала 

кезімде  әкем  арақ  ішіп  алып,  ше­

шемді  жиі  сабайтын.  Айналып 

келгенде,  өзім  де  сондай  адамға 

тап болдым. Анам байғұс: «Сен де 

менің тағдырымды қайталадың­ау, 

қарғам­ай...» деп жылайды.

Өз  бетімше  өмір  сүрсем,  ше­

шемді  қолыма  алып  бағар  едім, 

інімді де үйлендіріп, адам қатары­

на  қосқым  келеді.  Қазіргі  уақытта 

күйеуім  қызым  екеумізді  іздеп 

әуре.  Ұялы  телефонға  үздіксіз 

қоңырау  шалуда,  бірақ  мен  теле­

фон тұтқасын көтермей отырмын. 

Өйткені  ол  қай  жерде  екенімізді 

біліп  қалса,  тағы  үйге  алып  кетіп, 

бізді ұрып­соғады. Бұрын да үйден 

қашып  кеткенімде,  іздеп  тауып 

алып,  үйге  апарып  бұрынғы  әнін 

қайта  бастайтын.  Енді  менің  оған 

қайтып  қосылғым  келмейді,  ­  де­

ген  Нұргүл  өз  жақыныңнан  көр­

ген  қорлықтың  өзге  адамдардан 

көрген қиянаттан әлдеқайда ауыр 

болатынын айтты. 

Сәуле,  41  жаста.  Жоғары  бі­

лімді, қаладағы бір мекеменің бас 

маманы.  Сәуле  Жаңақала  ауда­

нынан  қалаға  сонау  2007  жылы 

көшіп  келген.  Тұрмыс  құрғанына 

20  жылдай  уақыт  болған,  бүгінде 

үш  баласы  бар.  Үйден  кеткен  се­

бебі  күйеуі  өте  қызғаншақ,  соның 

кесірінен  әйеліне  әрдайым  кінә 

тағып,  күн  көрсетпейді.  Күйеуінің 

жоғары білімі жоқ, сондықтан өзін  

әйелінен  кем  санай  ма  екен,  әй­

теуір, ұрыс­керіс жиі туындайды.

­  Үйленгеннен  кейін  1­2  жыл 

тату­тәтті  тұрдық,  содан  кейін 

ырың­жырың  өмір  басталды.  Кү­

йеуім  арақты  салынып  ішпейді, 

жалақысын  соңғы  тиынына  дейін 

санап,  қолыма  әкеліп  береді.  Ба­

лаларын жанындай жақсы көреді, 

оларға  барлық  жағдайды  жасай­

ды.  Бірақ  мені  үйге  сыйғызбай­

ды.  20  жылдан  бері  көрген  күнім 

осы,  енді  менің  онымен  бірге 

тұрғым  келмейді.  Осы  күні  жұ­

мыс  уақыты  аяқталар  кезде,  үйде 

күтіп  тұрған  кикілжіңді  ойлап, 

жүрегім  соғатын  болған.  Күнде 

болатын  ұрыс­керістен  шаршап 

кеттім. Балаларымның алды, міне, 

9­сыныпқа  көшті,  үш  балам  да 

оқу  озаты.  Соңғы  кездері  үйдегі 

берекесіздік  балаларымның  мі­

незіне  теріс  әсер  ете  ме  деп 

қорқатын  болдым.  Сол  себептен 

күйеуімнен  ажырасқым  келеді. 

Енді  балалардың  каникулында 

бір  жағына  шыққым  келіп,  ке­

зекті  айқай­шудан  соң  осында 

келгенмін.  Бірақ  күйеуім  біздің 

осында  екенімізді  біліп  алып, 

күнде  келіп,  тыныштық  бермей 

жүр.  Бізге  «Мен  басқа  пәтер  тап­

тым.  Балаларды  қаңғыртпа,  үйге 

жүр.  Енді  бұрынғыдай  ұрыс­керіс 

болмайды.  Мен  бала­шағамның 

қадірін енді түсіндім. Сендерді жо­

ғалтқым келмейді» деп телефоны­

ма  үздіксіз  хабарлама  жазады. 

Күйеуім  тіпті  осында  келіп,  Ганди 

Ізтұрғанқызына  да  «Отбасымды 

сақтауыма  көмектес»  деп  көмек 

сұраған.  Оған  тағы  бір  мүмкіндік 

беремін бе, қайтемін, білмей жүр­

мін.  Әбден  басым  қатты...  ­  дейді 

Сәуле  күйеуінің  бұл  әрекетіне  не 

сенерін, не сенбесін білмей.

Осы  кезде  біз  отырған  бөлме­

нің  есігі  қағылып,  ішке  бет­аузы 

ісіңкі  бір  жас  келіншек  енді.  Ол 

Ганди  Ізтұрғанқызымен  бұрыннан 

хабарласып  жүрген  адам  екен. 

Қал­жай сұрасқан орталық басшы­

сына  ол  өткен  түні  күйеуінің  тағы 

да ұрыс­керіс шығарып, үйінің ой­

ранын шығарғанын айтты. 

­ Күйеуім – мемлекеттік қызмет­

кер, өзім де бір мекемеде бас ма­

манмын. Екеуміз де жоғары білім­

ді  адамдармыз.  Бірақ  солай  бола 

тұра,  жақсы  отбасын  құра  алма­

дық.  Күйеуім  маған  жиі  қол  көте­

реді  және  онымен  қоймай,  үйдегі 

заттың  бәрін  қиратып  тастайды, 

­ деген жас келіншек орталық бас­

шысынан  уақытша  тұратын  орын 

сұрады.  Бұл  жолы  «скандальный» 

күйеуімен біржолата ажырасқысы 

келетінін  жеткізген  келіншек  шы­

дамының  әбден  шегіне  жеткенін 

айтып,  өксіп­өксіп  жылады.  Оны 

сабырға  шақырған  Ганди  Ізтұр­

ғанқызы бұл келіншектің орталық­

қа  бұдан  бұрын  да  келіп,  көмек 

сұрағанын айтты. 

­  Бір­екі  күнде  орын  босап  қа­

лар  деп  ойлаймын.  Орын  боса­

ған  бойда  өзім  хабарласамын.  Ал 

әзірге біздің психологпен, заңгер­ 

 мен сөйлесіп, тегін кеңес алыңыз, 

­  деген  орталық  басшысы  жабыр­

қау келіншекті мамандарға бастап 

апарды. Медбике жалма­жан көңі­

лі  қаяу  келіншектің  қан  қысымын 

өлшеуге ұмтылды. 

Сөйтіп  жатқанда,  асхана  қыз­

метшісінің  «Тамаққа!»  деген  дау­

сы  естілді.  Жәбірленушілердің  ас 

мәзірін  көрмек  болып,  асханаға 

мен  де  кірдім.  Бұл  жолы  түскі 

асқа  үй  кеспесі  мен  ет  қосылған 

картоп  беріліпті.  Бұларға  қоса 

қияр  мен  қызанақтан  жасалған 

салат  та  бар.  Осы  жерде  Ганди 

Ізтұрғанқызы  кешкі  асқа  келетін 

адамдардың  саны  бұдан  көбірек 

болатынын  айтты.  Оның  сөзінше, 

тағы  екі  әйел  жұмыста  жүр,  олар 

түскі  асты  жұмыс  басында  ішеді. 

Орталық  басшысының  сөзінше, 

бұл жерде тамақ пісірілмейді. Ор­ 

талық тұрғындарына ыстық тамақ­

ты  мемлекеттік  тендерді  жеңіп 

алған  «Ал­Ер»  ЖК  (жетекшісі  Қа­

ламқас  Хайруллина)  даярлайды 

екен.  Кәсіпкердің  жұмысты  таза 

әрі  адал  істейтінін  айтқан  Ганди 

Ізтұрғанқызы оның кейде, әсіресе, 

мейрам  күндері  жандары  жабыр­

қау  жандарға  мейірімін  төгіп,  қа­

йырымдылық  шарасын  ұйымдас­

тырып жіберетінін жеткізді.

Жұрт  ауқаттанып  жатқанда,  біз 

директордың  қызмет  бөлмесіне 

барып,  манағы  үзіліп  қалған  әң­

гімені қайта жалғастырдық. 

­  Қорғансыз  қалғандарды  уа­

қытша  паналату  мақсатында  ашыл­

ған  бұл  орталықта  осы  үш  жыл 

ішінде 500­ден астам адам болып, 

оларға  қажетті  көмектер  көрсе­

тілді.  Соның  ішінде  400­ге  жуығы 

әйел,  төрт  ер  адам,  100­ден  аса  

балалар  болды.  Кеңес  алуға  390  

адам  жүгінді,  оның  ішінде  психо­

логтың  көмегін  212,  заңгердің  ке­ 

ңесін 178 адам алды. Уақытша па­ 

налағандар саны – 197, оның ішін­

де 76 әйел және 121 бала. Соның 

48­і  ішкі  істер  басқармасының 

жолдамасымен,  28­і  қалалық  жұ­

мыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар 

жолдамасымен 

келді.  Биыл  жарты  жыл  ішінде 

57  әйел,  оның  ішінде  психологқа 

36,  заңгерге  21  әйел  келіп,  те­

гін  кеңес  алды.  Уақытша  пана­

лау  орнын  24  адам  пайдаланды, 

оның  12­сі  –  әйел,  12­сі  –  бала. 

Соның  сегізі  жергілікті  полиция 

басқармасының  жолдамасымен, 

төртеуі  қалалық  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

жолдамасымен  келді.  Орталыққа 

келіп  паналаушылардың  44­і  от­

басына  қайта  оралды,  22­сі  ажы­

расты. 


7

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз  2016 жыл

ИмАН


қарғам-ай...»

Бұл  –  бізге  ресми  түрде  тірке­

ліп,  көмек  алуға  келгендердің  са­ 

ны,  ал  отбасының  абыройын  ой­

лап, ешкімге шағымданбай, өз қа­

сіретін  жалғыз  өзі  тартып  жүрген 

әйелдер  қаншама?!  Статистика­

лық  мәліметке  сүйенсек,  зорлық­

зомбылық, әйелдерге күш көрсету 

көбінесе  тұрмысы  төмен,  табыс­

кірісі  мардымсыз  отбасыларда 

болып  жатады.  Бірақ  әйелдерге 

қол  көтеретіндер  арасында  мем­

лекеттік  қызметкерлер  де,  құқық 

қорғау  құрылымдарының  өкіл­

дері де, кәсіпкерлер, тіпті жоғары 

лауазымды  қызметтегі  адамдар  да 

ұшырасады.  Жалпы,  әйел  сабап, 

өзінің  туған  баласынан  жеріну 

деген  ер­азаматтың  жасайтын  ісі 

емес қой, ­ деген орталық басшы­

сы  мұнда  өз  балаларынан  зәбір 

көрген  ата­аналардың  да  көмек 

сұрай келетінін жеткізді. 

­  Біздің  орталыққа  тек  жәбір­

ленген  әйелдер  ғана  емес,  соны­

мен  қатар  қиянатқа  шыдамаған 

ер­азаматтар мен туған балалары­

нан  зәбір  көрген  үлкен  апайлар 

да  келеді.  Мысалы,  осы  орталық 

ашылғалы  бізден  төрт  ер­азамат 

көмек сұрап келді. Олардың үшеуі 

осы  Орал  қаласынан,  тағы  біреуі 

–  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан. 

Олардың  барлығы  да  өз  бала­ша­ 

ғасынан  қиянат  көргендер.  Біреу­ 

лерін  туған  баласы  тұрғызбаса, 

екіншісін қыздай қосылған қосағы 

орталықтың  көмегін  алды.  Пана­

сыз  қарияны  ақыры  осы  қалада­ 

 ғы  халық  арасында  "Қарттар  үйі"  

атанып кеткен мекемеге орналас­

тырдық. 1950 жылғы тағы бір зей­ 

неткерді жоқ жерден жанжал шы­

ғарып,  өзінің  туған  келіні  үйінен  

қуып жіберген. Баратын жері бол­ 

мағандықтан,  ол  кісі  де  біздің 

орталыққа  келді.  1945  жылы  ту­

ған  зейнеткер  де  туған  келінінен 

жәбір  көріп,  орталыққа  көмек 

сұрап  келді.  Екі  кейуана  да  кезін­

де  оқытушылық  қызметте  болып, 

ұзақ  жылдар  бойы  бала  тәрбие­

сімен айналысқан адамдар. Олар­

ға  зәбір  көрсетуші  келіндер  де 

бала  тәрбиесімен  айналысатын 

ұстаздар.  Тәрбие  жұмысымен  ай­

налысатын  ұстаздық  қызметтегі 

орталықтан  психологиялық  және  

заңгерлік  көмек  алумен  ғана 

шектеледі  екен.  Менің  сол  күнгі 

орталықтан көріп, көңіліме түйген 

нәрселерім  мен  орталықтың  үш  

жылдық  жұмысының  қорытынды­

сы  бұл  мекеменің  облыстық  дең­

гейге  сұранып  тұрғанын  байқата­

ды.  Әзірге  қиын  жағдайда  қалған 

қала  тұрғындарына  ғана  көмек 

қолын  созып  отырған  бұл  меке­

ме,  егер  өздеріне  арнайы  үлкен 

орынжай  бөлінсе,  өз  жақындары­

ның кесірінен тағдыры тас­талқан 

болған  талай  адамның  кешенді 

көмек алып, дұрыс өмір бастап ке­

туіне себепші болар еді...

Кешкі  сағат  алтыдан  кете  мен  

осы  мақаланың  жазылуына  мүд­

делілік  танытқан  орталық  бас­ 

шысына  рақметімді  айтып,  үйге  

қайтуға  жиналдым.  Сол  кезде  та­

ғы біреу есік қақты. Бұл бұдан екі 

ай  бұрын  осы  орталықта  тұрып,  

қажетті  көмек  алған  Раушан  есім­ 

ді  жас  келіншек  екен.  Екі  бала­

сын  жетектеп  алыпты.  Кезінде  

күйеуінен  таяқ  жеп,  көкала  қой­

дай  болып  жүрген  келіншектің 

бүгінде  жүзі  жарқын.  Өйткені  ол  

бақытты,  бала­шағасымен,  күйе­

уімен бірге өз шаңырағында тату­

тәтті  өмір  сүруде.  Раушанның 

сөзінше,  бала­шағасының  арты­

нан  келген  күйеуі  орталық  қыз­

меткерлерінің  ақыл­кеңесін  тың­

дап,  қазіргі  кезде  өз  қателігін 

біржола  түсінгенге  ұқсайды.  От­

басындағы  берекелі  тіршілікті 

қуанышпен  жеткізген  Раушан  бұл 

жолы  өзінің  отбасын  аман  сақтап 

қалуға  себепші  болған  орталық 

қызметкерлеріне  алғысын  айтуға 

әрі  күйеуінің  көмегімен  сырттай 

оқып  жүрген  оқуын  бітіріп,  күні 

кеше  дипломын  алғанын  жеткізу­

ге  келіпті.  Оның  бұл  қуанышына 

орталық  қызметкерлерімен  қоса, 

сол  жердің  уақытша  тұрғындары 

да  ортақтасты.  Олар  да  Раушанға 

ақ  тілектерін  арнап,  өздерінің  де 

осындай  уайымсыз­қайғысыз,  шат­ 

тыққа  толы  отбасылық  өмірді  аң­

сайтындарын жеткізді. 

Иә,  бұл  өмірде  шаңырақ  шат­

тығына  жететін  еш  нәрсе  жоқ. 

Бұрынғылар  мұны  «Бала­шағаң 

–  бақытың»  деп  қысқа  қайырған. 

Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ак­

сиома емес пе?!.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет